"Меңдіқара ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Меңдіқара ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 12 наурыздағы № 62 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 17 сәуірде № 5530 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Меңдіқара ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 5 мамырдағы № 79 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Қостанай облысы Меңдіқара ауданы әкімдігінің 05.05.2016 № 79 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
       "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Жарлығына сәйкес Меңдіқара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Меңдіқара ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Ә. Ерқановқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі В. Ионенко

  Әкімдіктің
2015 жылғы 12 наурыздағы
№ 62 қаулысымен
бекітілген

"Меңдіқара ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік
және өнеркәсіп бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы
ереже

1. Жалпы ережелер

      1. "Меңдіқара ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыреті шегінде кәсіпкерлік және өнеркәсіп саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Меңдіқара ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
      3. "Меңдіқара ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. "Меңдіқара ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде атауы жазылған мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
      5. "Меңдіқара ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. "Меңдіқара ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі" мемлекеттік мекемесі, егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. "Меңдіқара ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Меңдіқара ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      8. "Меңдіқара ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 111300, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Меңдіқара ауданы, Боровское ауылы, Королев көшесі, 5.
      10. Мемлекеттік органның толық атауы - "Меңдіқара ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
      11. Осы Ереже "Меңдіқара ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      12. "Меңдіқара ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін каржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      13. "Меңдіқара ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Меңдіқара ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Меңдіқара ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі
міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      14. Миссиясы: кәсіпкерлік және өнеркәсіп саласында мемлекеттік саясатты іске асыру.
      15. Міндеттері:
      1) кәсіпкерлікті және өнеркәсіпті дамыту мен қолдау, бәсекелестікті қорғау, сондай-ақ ғылыми-техникалық салада, инновациялық қызметте кәсіпкерлікті және өнеркәсіпті дамыту үшін жағдайлар жасау;
      2) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де құқықтар.
      16. Функциялары:
      1) ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуның негізгі бағыттары, дамудың басымдықтары мен стратегиясы бойынша аудан әкімдігіне және әкіміне ұсыныстар енгізеді;
      2) өз құзыреті шегінде мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттерді орындау үшін атқарушы билік органдарынан, статистика органдарынан, ұйымдардан, мекемелерден, кәсіпорындардан және басқа да барлық меншік нысанындағы шаруашылық субъектілерден ақпаратты сұратады және алады;
      3) өз құзыретінің мәселелері бойынша кеңестерді, конференцияларды семинарларды ұйымдастыруға және өткізуге қатысады;
      3-1) Меңдіқара ауданының аумағында туристік қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады және үйлестіруді жүзеге асырады;
      4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.
      Ескерту. 16-тармаққа өзгеріс енгізілді - Қостанай облысы Меңдіқара ауданы әкімдігінің 22.12.2015 № 272 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
       17. Құқықтары мен міндеттері:
      1) өз құзыреті шегінде кәсіпкерлік және өнеркәсіп мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органның өкілі болу;
      2) кәсіпкерлік және өнеркәсіп саласында қажетті мәселелерді шешу үшін уақытша және тұрақты жұмыс топтарын, комиссияларды және басқа ұжымдық органдарды құру;
      3) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      18. "Меңдіқара ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Меңдіқара ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      19. "Меңдіқара ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Меңдіқара ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      20. "Меңдіқара ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттігі:
      1) "Меңдіқара ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі" мемлекеттік мекемесін мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда ұсынады;
      2) "Меңдіқара ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады және басшылық жасайды;
      3) жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды жүзеге асырады;
      4) қолданыстағы заңнамаға сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      "Меңдіқара ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      21. "Меңдіқара ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
      "Меңдіқара ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      22. "Меңдіқара ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Меңдіқара ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі" мемлекеттік мекемесінің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      24. "Меңдіқара ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады