Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Меңдіқара ауданы әкімдігінің 12.01.2016 № 2 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, "Сауда қызметін реттеу туралы" 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 8, 27-баптарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 сәуірдегі № 371 "Ішкі сауда ережесін бекіту туралы" қаулысына сәйкес Меңдіқара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Боровское ауылының аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру орындары осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Ә. Ерқановқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі В. Ионенко
КЕЛІСІЛДІ:
"Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Тұтынушылардың құқықтарын
қорғау комитетінің Қостанай
облысы тұтынушылардың
құқықтарын қорғау департаментінің
Меңдіқара аудандық тұтынушылардың
құқықтарын қорғау басқармасы"
республикалық мемлекеттік
мекемесінің басшысы
____________________ С. Қобжанов
Әкімдіктің
2015 жылғы 10 шілдедегі
№ 152 қаулысына қосымша
Боровское ауылының аумағында көшпелі
сауданы жүзеге асыру орындары
№ р/с |
Автодүкен және (немесе) шатыр орналастыру орындары |
1. |
Омская көшесі, "Тұлпар" дүкені жанында |
2. |
Омская көшесі, "Колос" кафесінің ғимараты артында. |