Аудан әкімінің 2015 жылғы 23 ақпандағы № 3 "Меңдіқара ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Меңдіқара ауданы әкімінің 2015 жылғы 16 қыркүйектегі № 19 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 23 қыркүйекте № 5914 болып тіркелді

      «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 23-бабына сәйкес ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Меңдіқара ауданы әкімінің 2015 жылғы 23 ақпандағы № 3 «Меңдіқара ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5377 тіркелген, 2015 жылғы 26 ақпанда «Меңдіқара үні» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген шешімнің «Меңдіқара ауданының аумағындағы сайлау учаскелері» қосымшасында:
      «№ 610 сайлау учаскесі
      «Боровское ауылы шекараларында: Алтынсарин көшесі, 14.»;
      «№ 616 сайлау учаскесі
      Шекараларында: Введенка ауылы.»;
      «№ 634 сайлау учаскесі
      Шекараларында: Қасқат ауылы.»;
      «№ 644 сайлау учаскесі
      Шекараларында: Первомайское ауылы.» алынып тасталсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімі аппараты басшысының міндетін атқарушы Б.С. Мырзапайызовқа жүктелсін.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

                                                 В. Ионенко

      КЕЛІСІЛДІ

      Меңдіқара аудандық сайлау
      комиссиясының төрағасы
      ______________ В. Король
      2015 жылғы «16» қыркүйек

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады