"Қостанай облысы Науырзым ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Науырзым ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 52 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 4 ақпанда № 5354 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Науырзым ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 30 мамырдағы № 105 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Науырзым ауданы әкімдігінің 30.05.2016 № 105 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 38-бабына, "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығына сәйкес Науырзым ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Қостанай облысы Науырзым ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
      2. Науырзым ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 6 тамыздағы № 232 "Қостанай облысы Науырзым ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" қаулының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5064 тіркелген, 2014 жылғы 30 қыркүйекте "Науырзым тынысы" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Т. Даиров

  Науырзым ауданы әкімдігінің
2015 жылғы 16 қаңтардағы
№ 52 қаулысымен бекітілген

"Қостанай облысы Науырзым ауданы
әкімінің аппараты" мемлекеттік
мекемесі туралы ЕРЕЖЕ

      1. Жалпы ережелер
      1. "Қостанай облысы Науырзым ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі жергілікті мемлекеттік басқару саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Қостанай облысы Науырзым ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
      3. "Қостанай облысы Науырзым ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. "Қостанай облысы Науырзым ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. "Қостанай облысы Науырзым ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. "Қостанай облысы Науырзым ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. "Қостанай облысы Науырзым ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Қостанай облысы Науырзым ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      8. "Қостанай облысы Науырзым ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. "Қостанай облысы Науырзым ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: 111400, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Науырзым ауданы, Қарамеңді ауылы, Шақшақ Жәнібек көшесі, 1.
      10. Мемлекеттік органның толық атауы: "Қостанай облысы Науырзым ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі.
      11. Осы Ереже "Қостанай облысы Науырзым ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      12. "Қостанай облысы Науырзым ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      13. "Қостанай облысы Науырзым ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Қостанай облысы Науырзым ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Қостанай облысы Науырзым ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актiлермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер мемлекеттік бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.
      2. Мемлекеттік органның миссиясы,
      негізгі міндеттері, функциялары,
      құқықтары мен міндеттері
      14. "Қостанай облысы Науырзым ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің миссиясы аудан әкімі және Қостанай облысы Науырзым ауданы әкімдігі қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуі болып табылады.
      15. Міндеттері:
      1) мемлекеттік егемендікті, конституциялық саланы қорғау және нығайту, Қазақстан Республикасының аумақтық тұтастығын, қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің саясатын жүргізу;
      2) заңдылықты және құқықтық тәртіпті нығайту, азаматтардың құқықтық таным деңгейін арттыру және елдің қоғамдық-саяси өмірінде олардың белсенді азаматтық көзқарас ұстануы бойынша шараларды жүзеге асыру;
      3) мемлекеттік, әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын жүзеге асыру және аудандағы әлеуметтік және экономикалық үдерістерді басқару, осы мақсатта атқарушы биліктің барлық органдарының келісімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
      4) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған өзге де міндеттер.
      16. Функциялары:
      1) "Қостанай облысы Науырзым ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшелерінің, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың атқару тәртібінің жағдайын талдайды, талдау қорытындысы туралы әкімге ақпарат береді;
      2) әкімдік отырыстарын, кеңестерін, семинарлар мен басқа да іс-шаралар өткізуді жоспарлайды, олардың дайындығы мен өткізуін ұйымдастырады, әкімдік мүшелері мен жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар басшыларының ұсыныстары бойынша әкімдік отырыстарында қарауға арналған тоқсан сайынғы мәселелер тізімін құрастырады;
      3) әкімдіктің ісін жүргізеді және әкімдікке, әкімге келіп түсетін хат-хабарларды өңдейді, басқа мемлекеттік органдар мен ұйымдардан келетін ақпаратты, сондай-ақ, Қостанай облысы Науырзым ауданы әкімінің және әкімдігінің құзыретіне кіретін мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін жинақтайды, өндеуін қамтамасыз етеді;
      4) әкімдік қаулыларының, әкім шешімдері мен өкімдерінің "Қостанай облысы Науырзым ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарының жобаларын әзірлеуін ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;
      5) Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің, облыс және аудан әкімдері мен әкімдіктерінің актілері мен тапсырмаларының орындалуына бақылауды жүзеге асырады;
      6) аудан әкіміне бағынысты мемлекеттік басқару органдардың өзара іс-әрекет жасауын қамтамасыз етеді және қызметін үйлестіреді;
      7) әкім және әкімдіктің қолданыстағы заңнамаға сәйкес келмейтін актілерін өзгерту, тоқтата тұру, тоқтату туралы, жою туралы аудан әкімі мен әкімдігіне ұсыныстар енгізеді;
      8) тұрақты негізде әкімнің, әкімдік мүшелерінің тапсырмасы бойынша жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың тексеруін жүргізеді, қажеттілігі бойынша тиісті лауазымды тұлғаларды тыңдайды және жазбаша түсініктемелерін сұратып алады;
      9) мемлекеттік органның кадр, оның ішінде мамандық және біліктілік бойынша қажеттілігін талдайды және жоспарлайды, "Қостанай облысы Науырзым ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар мемлекеттік қызметшілерінің тағылымдамасын, тәлімгерлігін, қызметін бағалауды, оқуын, қайта даярлығын (қайта мамандануын) және біліктілігін арттыруды ұйымдастырады;
      10) "Қостанай облысы Науырзым ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілерін аттестаттауды, конкурстық таңдауды, тәртіптік жазаға тартуды ұйымдастырады және жүргізеді;
      11) ауданда ақпараттандыру деңгейін арттыру және ақпараттық жүйелерді дамыту жөніндегі жұмысты жүргізеді;
      12) әкім және әкімдік шығарған актілердің тіркеуін жүргізеді;
      13) әкімнің және әкімдіктің актілерін тиісті ресімдеуін және таратуын қамтамасыз етеді;
      14) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін тіркеуді және есепке алуды жүзеге асырады, аудан әкімімен, аудан әкімі орынбасарларымен және "Қостанай облысы Науырзым ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің басшысымен жеке тұлғалардың және заңды тұлғалар өкілдерін жеке қабылдауын ұйымдастырады;
      15) анықталған заңнама нормаларының бұзылуын жою бойынша шаралар қабылдайды;
      16) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына ішкі бақылау жүргізеді;
      17) мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыруды қамтамасыз етеді;
      18) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен азаматтық хал актілерін тіркеуді жүзеге асырады және тіркеу туралы мәліметтерді Жеке тұлғалар туралы мемлекеттік дерекқорға енгізеді;
      19) туу туралы куәліктерді беру кезінде жеке сәйкестендіру нөмірлерін қалыптастару;
      20) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да функцияларды жүзеге асырады.
      17. Құқықтары мен міндеттері:
      1) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың басшыларына, ауыл мен ауылдық округтер әкімдеріне тапсырмалар береді;
      2) мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, кәсіпорындардан, лауазымды тұлғалардан "Қостанай облысы Науырзым ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне қойылған міндеттерді атқаруға байланысты мәселелер бойынша ақпаратты белгіленген тәртіпте (келісім бойынша) сұратады және алады;
      3) тиісті аумақта мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен, ұйымдармен өзара іс-әрекет жасайды;
      4) Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асырады.
      3. Мемлекеттік органның
      қызметін ұйымдастыру
      18. "Қостанай облысы Науырзым ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Қостанай облысы Науырзым ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын "Қостанай облысы Науырзым ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің басшысы жүзеге асырады.
      19. "Қостанай облысы Науырзым ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметінен босатылады.
      20. "Қостанай облысы Науырзым ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің басшысының өкілеттігі:
      1) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдарда, басқа да ұйымдарда меншік нысанына қарамастан "Қостанай облысы Науырзым ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесін ұсынады;
      2) "Қостанай облысы Науырзым ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
      3) "Қостанай облысы Науырзым ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекетке бағытталған шараларды қолданады және сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиісті шаралар қабылдау үшін дербес жауапты болады;
      4) "Қостанай облысы Науырзым ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйыдастырады және басшылық етеді және жүктелген міндеттер мен функцияларды орындауға дербес жауапты болады;
      5) бұйрықтар шығарады;
      6) қызметтік құжаттамаға қол қояды;
      7) техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын және "Қостанай облысы Науырзым ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін және мемлекетік қызметші болып табылмайтын, еңбек қатынастарының мәселелері оның құзыретіне жататын "Қостанай облысы Науырзым ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін лауазымға тағайындайды, жұмыстан босатады, тәртіптік жазаға тартады және оларға мадақтау шараларын қолданады;
      8) жеке тұлғалардың және заңды тұлғалар өкілдерінің жеке қабылдауын жүзеге асырады;
      9) Қазақстан Республикасының заңнамасымен, осы Ережемен және аудан әкімімен жүктелген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      21. "Қостанай облысы Науырзым ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезеңде оның өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      22. "Қостанай облысы Науырзым ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын "Қостанай облысы Науырзым ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің басшысы басқарады.
      4. Мемлекеттік органның
      мүлкі
      23. "Қостанай облысы Науырзым ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінде заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болу мүмкiн.
      "Қостанай облысы Науырзым ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметi нәтижесiнде сатып алынған мүлiк (ақшалай кiрiстердi коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қалыптастырылады.
      24. "Қостанай облысы Науырзым ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Қостанай облысы Науырзым ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.
      5. Мемлекеттік органды қайта
      ұйымдастыру және тарату
      26. "Қостанай облысы Науырзым ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және қайта тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады