Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының базалық мөлшерлемелерін жоғарылату туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Науырзым ауданы мәслихатының 2015 жылғы 20 наурыздағы № 286 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 14 сәуірде № 5525 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Науырзым ауданы мәслихатының 2016 жылғы 18 қаңтардағы № 367 шешімімен

      Ескерту. Куші жойылды - Қостанай облысы Науырзым ауданы мәслихатының 18.01.2016 № 367 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді).

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексінің 387-бабының 1-1-тармағына, 444-бабының 1-тармағына сәйкес, Науырзым аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес, пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының мөлшерлемелері және бірыңғай жер салығының базалық мөлшерлемелері он есеге жоғарылатылсын.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Сессия төрайымы,
      аудандық мәслихаттың хатшысы

З. Алдажұманова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады