2015 жылға арналған субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша оңтайлы себу мерзімдерін айқындау туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Науырзым ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 26 маусымдағы № 171 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 2 шілдеде № 5716 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Науырзым ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 5 қазандағы № 262 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Науырзым ауданы әкімдігінің 05.10.2015 № 262 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы4-3/177 бұйрығымен бекітілген Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау қағидаларының 10-тармағына сәйкес және "Қостанай ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 2015 жылғы 26 мамырдағы № 1-13 ұсынысына сәйкес Науырзым ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2015 жылға арналған субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша оңтайлы себу мерзімдері осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ.Қ. Ормановқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2015 жылғы 10 наурыздан бастап туындаған іс-әрекеттерге таратылады.

      Аудан әкімі                                Т. Даиров

Ауданы әкімдігінің    
2015 жылғы 26 маусымдағы 
№ 171 қаулысына қосымша 

2015 жылға арналған субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша оңтайлы себу мерзімдері

Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесі

Оңтайлы себу мерзімдері

Жаздық бидай

2015 жылғы 15 мамырдан 12 маусымға дейін

Күздік бидай

2015 жылғы 25 тамыздан 10 қыркүйекке дейін

Жаздық қатты бидай

2015 жылғы 18 мамырдан 05 маусымға дейін

Сұлы

2015 жылғы 15 мамырдан 15 маусымға дейін

Арпа

2015 жылғы 15 мамырдан 15 маусымға дейін

Тары

2015 жылғы 20 мамырдан 15 маусымға дейін

Қарақұмық

2015 жылғы 20 мамырдан 15 маусымға дейін

Күздік қара бидай

2015 жылғы 25 тамыздан 10 қыркүйекке дейін

Бұршақтұқымдас дақылдар

2015 жылғы 15 мамырдан 10 маусымға дейін

Күнбағыс

2015 жылғы 10 мамырдан 05 маусымға дейін

Рапс

2015 жылғы 20 мамырдан 08 маусымға дейін

Зығыр

2015 жылғы 12 мамырдан 05 маусымға дейін

Мақсары

2015 жылғы 10 мамырдан 02 маусымға дейін

Қыша

2015 жылғы 22 мамырдан 08 маусымға дейін

Арыш (жаздық)

2015 жылғы 18 мамырдан 08 маусымға дейін

Арыш (күздік)

2015 жылғы 25 тамыздан 10 қыркүйекке дейін

Қытай бұршақ (соя)

2015 жылғы 18 мамырдан 05 маусымға дейін

Картоп

2015 жылғы 05 мамырдан 10 маусымға дейін

Көкөнiстер

2015 жылғы 25 сәуірден 15 маусымға дейін

Көкөнiстер (барлық түрдегі жылыжайларда топырақтың қорғалған жағдайларында, 2 дақыл айналымы)

2015 жылғы 10 наурыздан 30 наурызға дейін

Бақша дақылдары

2015 жылғы 25 сәуірден 10 маусымға дейін

Жемшөптік дақылдар, оның ішінде бірінші, екінші және үшінші өсу жылдарындағы бұршақ тұқымдас көпжылдық шөптер

бірінші мерзім - 2015 жылғы 1 мамырдан 10 маусымға дейін
екінші мерзім – 2015 жылғы 05 шілдеден 31 тамызға дейін

Шабындық және (немесе) жайылымдық алқаптарды шөп егіп жаңарту және (немесе түпкілікті жақсарту) үшін бірінші, екінші және үшінші жылдары өсіп жатқан көп жылдық шөптер

бірінші мерзім - 2015 жылғы 1 мамырдан 10 маусымға дейін
екінші мерзім – 2015 жылғы 05 шілдеден 31 тамызға дейін

Сүрлемдік жүгері мен күнбағыс

2015 жылғы 15 мамырдан 05 маусымға дейін

Сүрлемдік жүгері

2015 жылғы 15 мамырдан 05 маусымға дейін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады