Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Таран ауданы мәслихатының 18.01.2016 № 333 шешімімен (қабылданған сәттен бастап қолданысқа енгізіледі).
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы кодексінің 387-бабының 1-1-тармағына, 444-бабының 1-тармағына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелері және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелері он есеге жоғарылатылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Елуінші, кезектен тыс |
М. Гривко |
Аудандық мәслихат хатшысы |
С. Жолдыбаев |