Таран ауданының аумағында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Таран ауданы мәслихатының 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 28 мамырда № 5624 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Таран ауданы мәслихатының 2016 жылғы 16 мамырдағы № 29 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Таран ауданы мәслихатының 16.05.2016 № 29 шешімімен.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына, "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы Заңының 10-бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу мақсатында Таран ауданының аумағында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу орындары қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Елу бірінші, кезекті
      сессияның төрайымы М. Гривко
      Аудандық
      мәслихат хатшысы С. Жолдыбаев

  Мәслихаттың
2015 жылғы 28 сәуірдегі
№ 279 шешіміне қосымша

Таран ауданының аумағында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу орындары

№ р/р

Елді мекендердің атаулары

Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу орындары

1.
Таран ауылдық округі
Таран ауылы Калинин көшесіндегі орталық алаң
2.
Асенкритов ауылдық округі
Асенкритовка ауылы Аятская көшесіндегі алаң
3.
Белинский ауылдық округі
Қайындыкөл ауылы Ленин көшесіндегі алаң
4.
Евгенов ауылы
Евгенов ауылы Центральная көшесіндегі алаң
5.
Калинин ауылдық округі
Береговое ауылы Горький көшесіндегі алаң
6.
Қайраңкөл ауылдық округі
Мақсұт ауылы Ленин көшесіндегі алаң
7.
Приозерное ауылы
Приозерное ауылы Советская көшесіндегі алаң
8.
Майский ауылдық округі
Майское ауылы Ленин көшесіндегі алаң
9.
Набережный ауылдық округі
Елизаветинка ауылы Парковая көшесіндегі алаң
10.
Новоильинов ауылдық округі
Новоильиновка ауылы Школьная көшесіндегі алаң
11.
Павлов ауылдық округі
Павловка ауылы Вачасов атындағы тұйық көшесіндегі алаң
12.
Тобыл кенті
Тобыл кенті Кооперативный тұйық көшесіндегі алаң
13.
Юбилейный ауылы
Юбилейный ауылы Юбилейная көшесіндегі алаң

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады