"Таран ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Таран ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 2 желтоқсандағы № 292 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 12 қаңтарда № 6132 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Таран ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 16 мамырдағы № 160 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Қостанай облысы Таран ауданы әкімдігінің 16.05.2016 № 160 қаулысымен.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес Таран ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Таран ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімінің
      міндетін атқарушы Р. Сейдахметов

  Таран ауданы әкімдігінің
2015 жылғы 2 желтоқсандағы
№ 292 қаулысымен
бекітілген

"Таран ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі"
мемлекеттік мекемесі туралы
ереже
1. Жалпы ережелер

      1. "Таран ауданы әкiмдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік саласында басшылықты, сондай-ақ дамытуға, қолдауға және бәсекелестікті қорғауға, сондай-ақ дара кәсіпкерлікті дамыту үшін жағдайлар жасауға бағытталған Таран ауданының аумағындағы кәсіпкерлік саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты өткізу функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Таран ауданы әкiмдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
      3. "Таран ауданы әкiмдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. "Таран ауданы әкiмдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. "Таран ауданы әкiмдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. "Таран ауданы әкiмдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
      7. "Таран ауданы әкiмдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Таран ауданы әкiмдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі
      басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      8. "Таран ауданы әкiмдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 111700, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Таран ауданы, Таран ауылы, Калинин көшесі, 60.
      10. Мемлекеттік органның толық атауы - "Таран ауданы әкiмдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
      11. Осы Ереже "Таран ауданы әкiмдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      12. "Таран ауданы әкiмдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      13. "Таран ауданы әкiмдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Таран ауданы әкiмдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Таран ауданы әкiмдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері,
функциялары, құқықтары мен міндеттері

      14. "Таран ауданы әкiмдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: жеке кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытудың мемлекеттiк саясатының iске асырылуын жүзеге асырады.
      15. Міндеттері:
      1) жеке кәсiпкерлiктi дамыту үшiн қолайлы жағдайлар жасау және мемлекеттiң мүдделерiн қорғау;
      2) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттер.
      16. Функциялары:
      1) жеке кәсiпкерлiктi дамыту үшiн жағдайлар жасайды;
      2) жергілікті деңгейде жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауды қамтамасыз етеді;
      3) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында туристік қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады және үйлестіруді жүзеге асырады;
      4) кәсіпкерлік қызметті ынталандыру және оны қорғау мен қолдауды қамтамасыз ету;
      5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.
      17. Құқықтары мен міндеттері:
      1) өз қызметін атқарушы биліктің басқа да органдармен өзара әрекеттесіп жүзеге асырады;
      2) өз құзыреті шегінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік мекемесінің сұрауы бойынша мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарынан, кәсіпкерліктің субъектілерінен қажетті ақпараттық материалдарды алу;
      3) заңды тұлғалармен және азаматтармен шарттар жасау, мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтарын алу, сотта талапкер және жауапкер болуға;
      4) мемлекеттік мекеменің құзыретіндегі мәселелер бойынша аудан әкіммен және әкімдігімен қабылданатын нормативтік-құқықтық актілердің жобалары бойынша ұсыныстар енгізу;
      5) қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.

3. Мемлекеттік органның қызметiн ұйымдастыру

      18. "Таран ауданы әкiмдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшылықты "Таран ауданы әкiмдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.
      19. "Таран ауданы әкiмдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес аудан әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      20. "Таран ауданы әкiмдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасарлары болмайды.
      21. "Таран ауданы әкiмдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының өкілеттігі:
      1) мемлекеттік органдар мен ұйымдарда "Таран ауданы әкiмдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесін ұсынады;
      2) "Таран ауданы әкiмдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске бағытталған шаралар қабылдайды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылданбағаны үшін дербес жауапты болады;
      3) "Таран ауданы әкiмдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады және басқарады және жүктелген міндеттер мен функциялардың орындалуына дербес жауапты болады;
      4) бұйрықтар шығарады;
      5) қызметтік құжаттарға қол қояды;
      6) заңнамада белгіленген тәртіппен "Таран ауданы әкiмдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін тағайындайды және босатады, тәртіптік жаза қолданады және ыңталандыру шараларын қолданады;
      7) жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды жүзеге асырады;
      8) "Таран ауданы әкiмдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасының орындалуын бақылайды;
      9) Қазақстан Республикасының заңнамасымен, осы ережемен оған жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
      "Таран ауданы әкiмдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      22. "Таран ауданы әкiмдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болу мүмкiн.
      "Таран ауданы әкiмдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      23. "Таран ауданы әкiмдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.
      24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Таран ауданы әкiмдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      25. "Таран ауданы әкiмдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады