"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5-бабына, 7-бабының 2)-тармақшасына сәйкес Ұзынкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. 2015 жылға арналған Ұзынкөл ауданында халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тiзбесi қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. "Ұзынкөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғаларды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу бойынша шараларды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімi |
А. Ыбраев |
Әкімдіктің |
2015 жылға арналған Ұзынкөл ауданында халықтың нысаналы
топтарына жататын тұлғалардың қосымша тiзбесi
1. Жиырма бір жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;
2. Елу жастан асқан тұлғалар;
3. Үш және одан астам ай жұмыс істемеген, жұмыссыз тұлғалар.