Ұзынкөл ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға 2015 жылға әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну туралы

Жаңа

Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы мәслихатының 2015 жылғы 16 сәуірдегі № 300 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 4 мамырда № 5582 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6–бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, 2005 жылғы 8 шiлдедегi "Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабы 8-тармағына сәйкес, Ұзынкөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Ұзынкөл ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға 2015 жылға көтерме жәрдемақы және тұрғын үй алу немесе салу үшін әлеуметтiк қолдау ұсынылсын.
      2. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
 
 

      Кезектен тыс
      сессиясының төрағасы

Н. Булатов

      Аудандық
      мәслихаттың хатшысы

В. Вербовой

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады