Федоров ауданы Федоров ауылының құрамдас бөліктеріне қайта атау беру туралы

Жаңа

Қостанай облысы Федоров ауданы Федоров ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 25 мамырдағы № 30 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 15 маусымда № 5661 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабы 4) тармақшасына сәйкес, Федоров ауданы Федоров ауылы халқының пiкiрiн ескере отырып, облыстық ономастика комиссиясының 2015 жылғы 14 сәуірдегі қорытындысы негізінде Федоров ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
      1. Федоров ауданы Федоров ауылының Степная көшесі Камалидден Жиентаев көшесіне қайта аталсын.
      2. Федоров ауданы Федоров ауылының Заводская көшесі Құдайқұл Ордабаев көшесіне қайта аталсын.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

                                                 В. Помаз

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады