"Федоров ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Федоров ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 26 мамырдағы № 186 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 2 шілдеде № 5711 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Федоров ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 25 сәуірдегі № 130 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Қостанай облысы Федоров ауданы әкімдігінің 25.04.2016 № 130 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгілік ережесін бекіту туралы" № 410 Жарлығына сәйкес, Федоров ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса берілген "Федоров ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережесі бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Қ. Ахметов

  Әкімдіктің
2015 жылғы 26 мамырдағы
№ 402 қаулысымен бекітілген

"Федоров ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже

      Ескерту. Ережеге өзгеріс енгізілді – Қостанай облысы Федоров ауданы әкімдігінің 24.03.2016 № 76 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

1. Жалпы ережелер

      1. "Федоров ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі білім саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Федоров ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары бар.
      3. "Федоров ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. "Федоров ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. "Федоров ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. "Федоров ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. "Федоров ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Федоров ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      8. "Федоров ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 111900, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Федоров ауданы, Федоров ауылы, Набережный көшесі, 65.
      10. Мемлекеттік органның толық атауы – "Федоров ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
      11. Осы Ереже "Федоров ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      12. "Федоров ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      13. "Федоров ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Федоров ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Федоров ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      14. "Федоров ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі миссиясы – білім саласында мемлекеттік саясатын іске асыру.
      15. Міндеттері:
      1)азаматтардың құқығы Қазақстан Республикасының Конституциясымен кепілдік берілген, білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына сәйкес бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын меңгеруі нәтижесінде алатын білімін қамтамасыз ету;
      2) ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіптік шыңдауға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау.
      3) жеке адамның шығармашылық, рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, даралықты дамыту үшін жағдай жасау арқылы ой-өрісін байыту;
      4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
      16. Функциялары:
      1) кешкі (ауысымды) оқу нысанын және интернат үлгісіндегі ұйымдар арқылы ұсынылатын жалпы орта білім беруді қоса алғанда, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беруді қамтамасыз етеді;
      2) білім алушылардың ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуын ұйымдастырады;
      3)мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балаларды есепке алуды, оларды орта білім алғанға дейін оқытуды ұйымдастырады;
      4) бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық қамтамасыз етілуін жүзеге асырады;
      5) мектепалды даярлықтың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді сатып алуды және жеткізуді ұйымдастырады;
      6) Аудандық әдістемелік кабинеттердің материалдық-техникалық базасын қамтамасыз етеді;
      7) балаларға арналған қосымша білім беруді қамтамасыз етеді;
      8) аудан ауқымында жалпы білім беретін пәндер бойынша мектеп олимпиадаларын және ғылыми жобалар конкурстарын ұйымдастыру мен өткізуді қамтамасыз етеді;
      9) мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастырады;
      10) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұйымдастырады;
      11) мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарына және отбасыларына қажетті әдістемелік және консультациялық көмек көрсетеді;
      12) білім беру мониторингін жүзеге асырады;
      13) білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің әдістемелік басшылығын қамтамасыз етеді;
      14) алынып тасталды – Қостанай облысы Федоров ауданы әкімдігінің 24.03.2016 № 76 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      15) Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген, мемлекеттік қызмет көрсету тізіліміне сәйкес жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызметтер көрсетеді;
      16) патронаттық тәрбиешілердің ағымдағы шотына ақша қаражатын аудару арқылы еңбегіне төлейді;
      17) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын сақтауын қамтамасыз етеді;
      18) кәмелетке толмағандарға қатысты мемлекет қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асырады;
      19) жеке және заңды тұлғаларадың өтініштерін және қызметтік құжаттарын қарастырады, қажетті шаралар қолданады;
      20) "Федоров ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша азаматтарды қабылдайды және оларға кеңес жүргізеді;
      21) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.
      17. Ведомстволардың функциялары:
      1) бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беру оқу бағдарламаларын, сонымен қатар білім алушылардың және тәрбиеленушілердің қосымша білім берудің оқу бағдарламаларын іске асырады.
      2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.
      18. Құқықтары мен міндеттері.
      1) осы Ережеге сәйкес өз құзыретінің шегінде білім беру саласына жататын мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органның өкілі болу;
      2) өз құзыретті шегінде ведомствоға бағынысты мекемелермен кәсіпорындар орындауға міндетті бұйрықтар шығару;
      3) белгіленген тәртіпте атқарушы биліктің мемлекеттік органдарынан, жергілікті өзін-өзі басқару органдарынан, кәсіпорындардан, мекемелер мен ұйымдардан олардың (ұйымдастыру-құқықтық нысаны мен ведомстволық тиістілігіне қарамастан) өз қызметтері бойынша жүктелген міндеттердің орындалуына байланысты мәліметтерді, материалдарды және құжаттарды сұрату және алу;
      4) білім беру саласында қажетті мәселелерді шешу үшін уақытша және тұрақты жұмыс топтарын, комиссияларды және басқа да ұжымдық органдарды құру;
      5) жарғылық қызметіне сәйкес ведомствоға бағынысты мекемелер мен кәсіпорындардың құрылтай құжаттарына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы өтініш ету және енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды бақылау;
      6) белгіленген тәртіпке және өз қызметінің мақсатына сәйкес бекітілген мүлікке иелік ету және қолдану;
      7) жергілікті атқарушы органдардың келісімімен өзінің негізгі қызметін жоспарлау және білім беру саласының дамытуын анықтау;
      8) ведомствоға бағынышты мекемелер мен кәсіпорындардың қызметін талдау;
      9) теориялық және практикалық білім, шеберлік, дағдыларды жаңарту, сонымен қатар, мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету мақсатында білім бөлімінің мемлекеттік қызметшілерінің біліктілігі нарттыруды қамтамасыз ету;
      10) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуден бас тарту;
      11) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      19. "Федоров ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшылықты "Федоров ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.
      20. "Федоров ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Федоров ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметінен босатады.
      21. "Федоров ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметінен босатылатын орынбасары болады.
      22. "Федоров ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының өкілеттігі:
      1) "Федоров ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесін мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда ұсынады;
      2) "Федоров ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады және басшылық жасайды;
      3) қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
      4) заңнамаға сәйкес қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды, босатады және тәртіптік жауапкершілікке тартады;
      5) бұйрықтар мен нұсқаулықтар шығарады;
      6) сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету бойынша жүргізілген жұмыстарға дербес жауапты болады;
      7) жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды жүзеге асырады;
      8) заңнамаға сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      "Федоров ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      23. Басшы өз орынбасарының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      24. "Федоров ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болу мүмкiн.
      "Федоров ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      25. "Федоров ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      26. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Федоров ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      26. "Федоров ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қайта ұйымдастыруы және таратуы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

"Федоров ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы тізбесі:

      1) Федоров ауданы әкімдігінің білім бөлімінің "Димитров атындағы № 1 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      2) Федоров ауданы әкімдігінің білім бөлімінің "№ 2 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      3) Федоров ауданы әкімдігінің білім бөлімінің "М. Мәметова атындағы № 4 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      4) Федоров ауданы әкімдігінің білім бөлімінің "Баннов орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      5) Федоров ауданы әкімдігінің білім бөлімінің "Воронеж орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      6) Федоров ауданы әкімдігінің білім бөлімінің "Камышин орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      7) Федоров ауданы әкімдігінің білім бөлімінің "Кенарал орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      8) Федоров ауданы әкімдігінің білім бөлімінің "Қоржынкөл орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      9) Федоров ауданы әкімдігінің білім бөлімінің "Костряков орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      10) Федоров ауданы әкімдігінің білім бөлімінің "Ленин орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      11) Федоров ауданы әкімдігінің білім бөлімінің "Минск орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      12) Федоров ауданы әкімдігінің білім бөлімінің "Новошумный орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      13) Федоров ауданы әкімдігінің білім бөлімінің "Первомай орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      14) Федоров ауданы әкімдігінің білім бөлімінің "Пешков орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      15) Федоров ауданы әкімдігінің білім бөлімінің "Успенов орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      16) Федоров ауданы әкімдігінің білім бөлімінің "Шаңдақ орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      17) Федоров ауданы әкімдігінің білім бөлімінің "Белояров негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      18) Федоров ауданы әкімдігінің білім бөлімінің "Владыкин негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      19) Федоров ауданы әкімдігінің білім бөлімінің "Копычен негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      20) Федоров ауданы әкімдігінің білім бөлімінің "Андреев бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      21) Федоров ауданы әкімдігінің білім бөлімінің "Алабұтала бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      22) Федоров ауданы әкімдігінің білім бөлімінің "Александрополь бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      23) Федоров ауданы әкімдігінің білім бөлімінің "Березов бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      24) Федоров ауданы әкімдігінің білім бөлімінің "Большой бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      25) Федоров ауданы әкімдігінің білім бөлімінің "Жаркөл бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      26) Федоров ауданы әкімдігінің білім бөлімінің "Жыланды бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      27) Федоров ауданы әкімдігінің білім бөлімінің "Жанахай бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      28) Федоров ауданы әкімдігінің білім бөлімінің "Запасный бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      29) Федоров ауданы әкімдігінің білім бөлімінің "Калинов бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      30) Федоров ауданы әкімдігінің білім бөлімінің "Қарақопа бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      31) Федоров ауданы әкімдігінің білім бөлімінің "Кравцов бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      32) Федоров ауданы әкімдігінің білім бөлімінің "Курск бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      33) Федоров ауданы әкімдігінің білім бөлімінің "Трактовый бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      34) Федоров ауданы әкімдігінің білім бөлімінің "Украин бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      35) Федоров ауданы әкімдігінің білім бөлімінің "Цабелев бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      36) Федоров ауданы әкімдігінің "Федоров балалар өнер мектебі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      37) Федоров ауданы әкімдігінің "Балалар шығармашылық үйі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      38) Федоров ауданы әкімдігінің білім бөлімінің "Федоров ауданының психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.
      39) "Федоров ауданы әкімдігінің "Аленушка" бөбекжай-бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      40) "Федоров ауданы әкімдігінің "Айналайын" бөбекжай-бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      41) "Федоров ауданы әкімдігінің "Ақбота" бөбекжай-бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      42) "Федоров ауданы әкімдігінің "Ақерке" бөбекжай-бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      43) "Федоров ауданы әкімдігінің "Айгөлек" бөбекжай-бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      44) "Федоров ауданы әкімдігінің "Балдырған" бөбекжай-бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      45) "Федоров ауданы әкімдігінің "Балдәурен" бөбекжай-бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      46) "Федоров ауданы әкімдігінің "Балапан" бөбекжай-бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      47) "Федоров ауданы әкімдігінің "Бақбақ" бөбекжай-бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      48) "Федоров ауданы әкімдігінің "Звездочка" бөбекжай-бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      49) "Федоров ауданы әкімдігінің "Журавушка" бөбекжай-бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      50) "Федоров ауданы әкімдігінің "Қарлығаш" бөбекжай-бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      51) "Федоров ауданы әкімдігінің "Қызғалдақ" бөбекжай-бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      52) "Федоров ауданы әкімдігінің "Малыш" бөбекжай-бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      53) "Федоров ауданы әкімдігінің "Сказка" бөбекжай-бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      54) "Федоров ауданы әкімдігінің "Солнышко" бөбекжай-бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      55) "Федоров ауданы әкімдігінің "Улыбка" бөбекжай-бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады