Ескерту. Күші жойылды – Павлодар облысы әкімдігінің 31.12.2020 № 297/5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Заңының 10-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Павлодар облысы әкімдігінің 2010 жылғы 12 ақпандағы "Павлодар облысының жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының тізбесін бекіту туралы" № 31/2 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3156 болып тіркелді, 2010 жылғы 13 наурыздағы "Звезда Прииртышья", 2010 жылғы 13 наурыздағы "Сарыарқа самалы" газеттерінде жарияланды) келесі толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасында:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 46-1, 73-1, 73-2, 73-3, 73-4, 199-6, 199-7, 214-3, 258-2, 267-5, 281-1, 281-2-жолдармен толықтырылсын:
"
46-1 | Алтыбай көлі | 1380 |
73-1 |
Қоссерін көлі |
300 |
199-6 |
Дәмилә көлі |
250 |
214-3 | Бестау көлі | 7 |
258-2 | Коряков көлі | 1100 |
267-5 | Құдайкөл көлі | 1070 |
281-1 |
Құлақсор көлі |
440 |
".
1. "Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
осы қаулы аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін қамтамасыз етсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Н.К. Әшімбетовке жүктелсін.3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | Қ. Бозымбаев |