Павлодар облысы Качир ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысына келесі өзгерістер енгізілсін:
мыналар:
аумағын Качир ауданының Воскресенка ауылдық округі Березовка ауылының құрамына енгізе отырып, Маймасар ауылы;
аумағын Качир ауданының Жаңа-Құрылыс ауылдық округі Трофимовка ауылының құрамына енгізе отырып, Пахомовка ауылы;
аумағын Качир ауданының Береговой ауылдық округі Зеленая Роща ауылының құрамына енгізе отырып, Тихомировка ауылы;
аумағын Качир ауданының Песчан ауылдық округі Песчан ауылының құрамына енгізе отырып, Песчан совхозы есептік деректерден шығарылсын және таратылсын.
Осы қаулының және шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Осы қаулы мен шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Павлодар облысының әкімі | Қ. Бозымбаев |
Сессия төрағасы | Р. Гайнулин |
Облыстық мәслихаттың хатшысы | В. Берковский |