Павлодар облысының спортшыларына ай сайын ақшалай үлес төлеу туралы

Күшін жойған

Павлодар облыстық әкімдігінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 125/4 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 29 мамырда № 4497 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облыстық әкімдігінің 2017 жылғы 14 қарашадағы № 353/6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облыстық әкімдігінің 14.11.2017 № 353/6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабы 1-тармағының 18) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шілдедегі "Дене шынықтыру және спорт туралы" Заңының 45-бабы 2-тармағына сәйкес Павлодар облысының спортшыларын әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ету мақсатында Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамына кіретін Павлодар облысының спортшыларына, олардың жаттықтырушыларына, сондай-ақ спорттың ойналатын түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (ұлттық құрама командалардың) құрамында ойнайтын спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына және клубтық командалардың жетекшілеріне ай сайынғы ақшалай үлес осы қаулының қосымшасында көрсетілген мөлшерге сәйкес төленсін.

      2. "Павлодар облысының дене тәрбиесі және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:

      осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      осы қаулы аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жариялауға жіберілуін;

      осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімі аппаратының басшысы Р.Қ. Оразғұловқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Қ. Бозымбаев

  Павлодар облысы әкімдігінің
2015 жылғы "27" сәуірдегі
№ 125/4 қаулысына
қосымша

Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама
командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың)
құрамына кіретін Павлодар облысының спортшыларына, олардың
жаттықтырушыларына, сондай-ақ спорттың ойналатын түрлері бойынша
Қазақстан Республикасы құрама командаларының (ұлттық құрама командалардың)
құрамында ойнайтын спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына және клубтық
командалардың жетекшілеріне төленетін ай сайын ақшалай үлестің мөлшері

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Павлодар облыстық әкімдігінің 26.02.2016 N 83/3 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен; өзгерістер енгізілді - Павлодар облыстық әкімдігінің 10.02.2017 N 21/2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Жарыстардың атауы

Орын

Төлем көлемі айлық есептік көрсеткіш (АЕК)

1

2

3

Олимпиада ойындары (жазғы, қысқы)

1-орын

150 АЕК

2-орын

120 АЕК

3-орын

100 АЕК

4-6-орындар

80 АЕК

Олимпиада ойындарына қатысу

70 АЕК

Паралимпиадалық, Сурдлимпиадалық ойындар (жазғы, қысқы)

1-орын

150 АЕК

2-орын

120 АЕК

3-орын

100 АЕК

4-6-орындар

80 АЕК

Паралимпиадалық, Сурдлимпиадалық ойындарына қатысу

70 АЕК

Азия ойындары (жазғы, қысқы, олимпиадалық түрлері), Азия Паралимпиадалық ойындары

1-орын

120 АЕК

2-орын

110 АЕК

3-орын

100 АЕК

Әлем чемпионаты, Әлем Кубогының Финалы (спорттың олимпиадалық, паралимпиадалық, сурдлимпиадалық түрлері бойынша)

1-орын

100 АЕК

2-орын

80 АЕК

3-орын

70 АЕК

Әлем Кубогының кезеңі (спорттың олимпиадалық түрлері бойынша)

1-орын

90 АЕК

2-орын

70 АЕК

3-орын

60 АЕК

Жасөспірімдер арасындағы олимпиада ойындары (жазғы, қысқы)

1-орын

60 АЕК

2-орын

50 АЕК

3-орын

40 АЕК

Азия чемпионаты (спорттың олимпиадалық, ұлттық, паралимпиадалық, сурдлимпиадалық түрлері бойынша)

1-орын

70 АЕК

2-орын

60 АЕК

3-орын

50 АЕК

Азиялық-Тынықмұхит ойындары (спорттың сурдлимпиадалық түрлері бойынша), Бүкіләлемдік ойындары (IWAS, IBSA)

1-орын

70 АЕК

2-орын

60 АЕК

3-орын

50 АЕК

Жастар, жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионаты (спорттың олимпиадалық түрлері бойынша), Дүниежүзілік Универсиада (жазғы, қысқы)

1-орын

60 АЕК

2-орын

50 АЕК

3-орын

40 АЕК

Жасөспірімдер, кадеттер арасындағы Әлем чемпионаты (спорттың олимпиадалық түрлері бойынша), Жастар, жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты (спорттың олимпиадалық түрлері бойынша)

1-орын

35 АЕК

2-орын

25 АЕК

3-орын

20 АЕК

Қазақстан Республикасының чемпионаты (спорттың олимпиадалық және ұлттық түрлері бойынша), Қазақстан Республикасының спартакиадасы (жазғы, қысқы, олимпиадалық түрлері)

1-орын

40 АЕК

2-орын

20 АЕК

3-орын

15 АЕК

Жастар ойындары (жазғы, қысқы), Жастар, жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты (олимпиадалық спорт түрлері бойынша)

1-орын

15 АЕК

Тірек-қимыл аппаратының, есту, көру мүшелерінің зақымдануымен мүгедек спортшылар арасындағы Қазақстан Республикасының Паралимпиялық ойындары, Қазақстан Республикасының чемпионаты

1-орын

40 АЕК

2-орын

20 АЕК

3-орын

15 АЕК

     

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады