Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі "Павлодар облысының спортшыларына ай сайын ақшалай үлес төлеу туралы" № 125/4 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облыстық әкімдігінің 2017 жылғы 10 ақпандағы № 21/2 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 24 ақпанда № 5388 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облыстық әкімдігінің 2017 жылғы 14 қарашадағы № 353/6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облыстық әкімдігінің 14.11.2017 № 353/6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабы 1-тармағының 18) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шілдедегі "Дене шынықтыру және спорт туралы" Заңының 45-бабы 2-тармағына сәйкес, Павлодар облысы спортшыларының әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ету мақсатында Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі "Павлодар облысының спортшыларына ай сайын ақшалай үлес төлеу туралы" № 125/4 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4497 болып тіркелген, 2015 жылғы 5 маусымда "Регион.kz" газетінде жарияланған) келесідей өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулының қосымшасында:

      "Олимпиада ойындары (жазғы, қысқы)" деген жолдағы "Олимпиада ойындарына қатысуға лицензия" деген сөздер "Олимпиада ойындарына қатысу" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "Паралимпиадалық, Сурдлимпиадалық ойындар (жазғы, қысқы)" деген жол келесі редакцияда жазылсын:

      "

Паралимпиадалық, Сурдлимпиадалық ойындар (жазғы, қысқы)

1-орын

150 АЕК

2-орын

120 АЕК

3-орын

100 АЕК

4-6-орындар

80 АЕК

Паралимпиадалық, Сурдлимпиадалық ойындарына қатысу

70 АЕК

      ";

      "Тірек-қимыл аппаратының, есту, көру мүшелерінің зақымдануымен мүгедек спортшылар арасындағы Қазақстан Республикасының Паралимпиялық ойындары, Қазақстан Республикасының чемпионаты" деген жол келесі редакцияда жазылсын:

      "

Тірек-қимыл аппаратының, есту, көру мүшелерінің зақымдануымен мүгедек спортшылар арасындағы Қазақстан Республикасының Паралимпиялық ойындары, Қазақстан Республикасының чемпионаты

1-орын

40 АЕК

2-орын

20 АЕК

3-орын

15 АЕК

      ".

      2. "Павлодар облысының дене тәрбиесі және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:

      осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      осы қаулының ресми жариялануға жіберілуін;

      осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары М.М. Бегентаевқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Б. Бақауов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады