"Павлодар облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Павлодар облыстық әкімдігінің 2015 жылғы 29 қыркүйектегі № 280/10 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 05 қарашада № 4779 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облыстық әкімдігінің 2018 жылғы 21 ақпандағы № 58/1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облыстық әкімдігінің 21.02.2018 № 58/1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" № 410 Жарлығына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Павлодар облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.

      2. "Павлодар облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:

      осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      осы қаулы аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

      осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ғ.Қ. Сәдібековке жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Қ. Бозымбаев

  Павлодар облысы әкімдігінің
2015 жылғы 29 қыркүйектегі
№ 280/10 қаулысымен
бекітілді

"Павлодар облысының жастар саясаты
мәселелері жөніндегі басқармасы"
мемлекеттік мекемесі туралы Ереже

1. Жалпы ережелер

      1. "Павлодар облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесі Павлодар облысының аумағында мемлекеттік жастар саясатын іске асыру саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. "Павлодар облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.

      3. "Павлодар облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. "Павлодар облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      5. "Павлодар облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      6. "Павлодар облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      7. "Павлодар облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Павлодар облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілерімен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. "Павлодар облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымы, штат санының лимиті, еңбекақы төлеу қоры қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

      9. "Павлодар облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: 140000, Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Ломов көшесі, 38.

      10. "Павлодар облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі:

      жұмыс күндері: дүйсенбі – жұма, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі - жексенбі.

      11. Мемлекеттік мекеменің мемлекеттік тілдегі толық атауы: "Павлодар облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесі, және орыс тілінде: государственное учреждение "Управление по вопросам молодежной политики Павлодарской области".

      12. Мемлекет Павлодар облысы әкімдігінің тұлғасында "Павлодар облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы болып табылады.

      13. Осы Ереже "Павлодар облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

      14. "Павлодар облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру облыстық бюджеттен жүзеге асырылады.

      15. "Павлодар облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Павлодар облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер "Павлодар облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. "Павлодар облысының жастар саясаты мәселелері
жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің
миссиясы, мақсаты, қызметінің мәні, негізгі міндеттері,
функциялары, құқықтары мен міндеттері

      16. "Павлодар облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: жастар мен жастар ұйымдарының бастамаларын қолдауға, жастардың шығармашылық, рухани және физикалық мүмкіндіктерін дамытуға, жастар арасында салауатты өмір салтының берік дағдыларын қалыптастыруға, азаматтық-құқықтық және адамгершілік мәдениетін тәрбиелеуге бағытталған жастар саясаты саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.

      17. "Павлодар облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мақсаты жастар мен жастар ұйымдарының бастамаларын дамытуға, жастардың шығармашылық, рухани және физикалық мүмкіндіктерін дамытуға бағытталған мемлекеттік саясатты жүргізу болып табылады.

      18. "Павлодар облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметінің мәні жастар саясаты, жастар арасында салауатты өмір салтының берік дағдыларын қалыптастыру, азаматтық-құқықтық және адамгершілік мәдениетін тәрбиелеу мәселелері бойынша іс-шараларды облыстық деңгейде іске асыру болып табылады.

      19. Міндеттері:

      1) жастар саясаты мәселелеріне қатысты мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру үшін жағдай жасау;

      2) азаматтылық пен патриотизмді, өз Отаны – Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікті, елдің мемлекеттік рәміздеріне, оның тарихына, мәдениетіне және халық салт-дәстүрлеріне құрмет сезімін; Конституцияға және қоғамға қарсы кез келген көріністерге төзбеушілік сезімін тәрбиелеу.

      20. Функциялары:

      1) мемлекеттік жастар саясатын іске асырады;

      2) өзекті проблемаларды анықтау және шешу, мемлекеттік жастар саясатын іске асырудың тиімділігін арттыру үшін мониторинг жүргізуді және жастардың қажеттіліктерін бағалауды қамтамасыз етеді;

      3) "Жасыл Ел" бағдарламасы шеңберінде жастарды жұмыспен қамту және жұмысқа орналастыру саясатын іске асыруды қамтамасыз етеді, еңбек нарығының және жас мамандарды жұмысқа орналастыру практикасының мониторингін ұйымдастырады;

      4) жастардың волонтерлік қызметін және жастардың өзін-өзі басқаруын дамытуға жәрдемдеседі;

      5) жастар ресурстық орталықтарының қызметін қамтамасыз етеді және үйлестіреді;

      6) өңірлік жастар форумын өткізуді қамтамасыз етеді;

      7) қазақстандық патриотизмді және этносаралық тағаттылықты нығайту жөнінде шаралар қолданады;

      8) облыс әкімдігі мен әкімінің актілерімен, өзге де нормативтік құқықтық актілермен қарастырылатын жағдайларда, мемлекеттік заңды тұлғалардың құқық субъектілері өкілеттіктерін, акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакетін және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердегі қатысу үлестерін иелену мен пайдалану құқықтарын жүзеге асырады, оның ішінде тиісті саладағы уәкілетті органдардың құзыреттеріне ұқсас оларға қатысты шешімдер қабылдайды;

      9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.

      21. Құқықтары мен міндеттері:

      1) қалалық және аудандық ішкі саясат, білім, мәдениет және спорт бөлімдерінен және өзге мемлекеттік органдар мен ұйымдар, лауазымды тұлғалар мен өзге де азаматтардан өз функцияларын орындауға қажетті ақпаратты сұрату және алу, мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың (келісім бойынша) қызметкерлерін олардың құзыретіне жатқызылған мәселелерді дайындауға тарту, тиісті ұсыныстар әзірлеу үшін уақытша жұмыс топтарын құру;

      2) мемлекеттік жастар саясаты, жас азаматтардың құқықтарын сақтау саласындағы мәселелермен айналысатын және "Павлодар облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын өзге де мәселелер бойынша мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларына ұйымдастырушылық-әдістемелік, ақпараттық және өзге де көмек көрсету;

      3) мемлекеттік жастар саясаты мәселелері бойынша облыс аумағында қолданылатын нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеу және облыс әкімдігінің бекітуіне ұсыну;

      4) қалалық және аудандық ішкі саясат, білім, мәдениет және спорт бөлімдерімен және басқа да басқару органдарымен, қоғамдық ұйымдармен жастар саясаты саласындағы мемлекеттік және өзге де бағдарламаларды іске асыру бойынша өзара іс-қимылды жүзеге асыру;

      5) өскелең ұрпақты тәрбиелеу мәселелеріне қатысты облыс әкімі аппаратының басқа да бөлімшелері мен қызметтері әзірлеген жобалар және бағдарламалар бойынша ұсыныстар енгізу;

      6) облыс әкімінің қарауына жастар ортасындағы ахуал туралы ағымдағы ақпаратты және туындаған мәселелерді реттеу бойынша ұсыныстар енгізу;

      7) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыру.

3. "Павлодар облысының жастар саясаты
мәселелері жөніндегі басқармасы" мемлекеттік
мекемесінің қызметін ұйымдастыру

      22. "Павлодар облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Павлодар облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

      23. "Павлодар облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте Павлодар облысының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

      24. "Павлодар облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:

      1) "Павлодар облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады, оның қызметіне басшылықты жүзеге асырады;

      2) "Павлодар облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшелері қызметкерлерінің функциялары мен өкілеттіктерін анықтайды;

      3) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес "Павлодар облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметінен босатады;

      4) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте "Павлодар облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін ынталандыруды, материалдық көмек көрсетуді, оларға тәртіптік шаралар қолдануды және алып тастауды жүзеге асырады;

      5) "Павлодар облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің барлық қызметкерлері орындауға міндетті, өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

      6) "Павлодар облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді, олардың қызметкерлерінің лауазымдық нұсқауларын бекітеді;

      7) "Павлодар облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүддесін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес барлық мемлекеттік органдарда және меншік түріне қарамастан өзге де ұйымдарда білдіреді;

      8) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте мекеменің ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың басшысын лауазымына тағайындайды және босатады;

      9) ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың басшыларын Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте марапаттауды, оларға материалдық көмек көрсетуді, тәртіптік жазалауды жүзеге асырады;

      10) ведомстволық бағыныстағы ұйымдар басшыларының қатысуымен кеңестер өткізеді;

      11) "Павлодар облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымын әзірлеуді қамтамасыз етеді;

      12) "Павлодар облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің болашақтағы және ағымдағы жұмыс жоспарларын бекітеді;

      13) өз құзіреті шегінде қызметтік құжаттамаға қол қояды;

      14) сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етеді және оған дербес жауап береді.

      "Павлодар облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

      25. "Павлодар облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесі мен коммуналдық мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган (жергілікті атқарушы орган) арасындағы өзара қарым-қатынас Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.

      26. "Павлодар облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесі мен тиісті саланың уәкілетті органы (жергілікті атқарушы орган) арасындағы өзара қарым-қатынас Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.

      27. "Павлодар облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің әкімшілігі мен еңбек ұжымы арасындағы өзара қарым-қатынас Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және ұжымдық шартқа сәйкес белгіленеді.

4. "Павлодар облысының жастар саясаты мәселелері
жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүлкі

      28. "Павлодар облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      "Павлодар облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      29. "Павлодар облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      30. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, "Павлодар облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. "Павлодар облысының жастар саясаты мәселелері
жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесін
қайта ұйымдастыру және қысқарту (тарату)

      31. "Павлодар облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және қысқарту (тарату) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      32. "Павлодар облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесін тарату кезінде несиегерлердің талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған мүлік облыстық коммуналдық меншікте қалады.

6. "Павлодар облысының жастар саясаты мәселелері
жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің
қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тізбесі

      33. "Павлодар облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қарамағында мынадай ұйым бар:

      Павлодар облысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының "Жастар бастамаларын дамыту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады