Павлодар облысы әкімдігінің 2014 жылғы 18 сәуірдегі "Павлодар облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" № 111/4 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облыстық әкімдігінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 367/13 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 03 ақпанда № 4915 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облыстық әкімдігінің 2016 жылғы 7 сәуірдегі N 109/3 (алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облыстық әкімдігінің 07.04.2016 N 109/3 (алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы "Қазақстан Республикасының мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" № 410 Жарлығына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Павлодар облысы әкімдігінің 2014 жылғы 18 сәуірдегі "Павлодар облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" № 111/4 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3762 болып тіркелген, 2014 жылғы 24 сәуірде "Сарыарқа самалы", "Звезда Прииртышья", газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулының атауында және осы қаулымен бекітілген "Павлодар облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережеде және бүкіл мәтіні бойынша қазақ тіліндегі "мұрағаттар", "мұрағат", "мұрағаттарына", "мұрағаттық", "мұрағаттарында", "мұрағаты" сөздері "архивтер", "архив", "архивтеріне", "архивтік", "архивтерінде", "архиві" сөздерімен ауыстырылсын;
      көрсетілген қаулымен бекітілген "Павлодар облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереженің 36-тармағындағы 12), 13), 14) тармақшалар алынып тасталсын.
      2. "Павлодар облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
      осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
      осы қаулы аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
      осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімі аппаратының басшысы Р.Қ. Оразғұловқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Облыс әкімі Қ. Бозымбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады