"Павлодар қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Павлодар қалалық әкімдігінің 2015 жылғы 10 наурыздағы № 274/5 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 18 наурызда № 4375 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар қалалық әкімдігінің 2017 жылғы 10 сәуірдегі № 391/12 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар қалалық әкімдігінің 10.04.2017 № 391/12 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" № 410 Жарлығына сәйкес Павлодар қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Павлодар қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже бекітілсін.
      2. "Павлодар қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі қолданыстағы заңнамаға сәйкес осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
      Павлодар қаласы әкімінің
      міндетін атқарушы А. Досанов

  Павлодар қаласы әкімдігінің
2015 жылғы "10" наурыздағы
№ 274/5 қаулысымен
бекітілген

"Павлодар қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі"
мемлекеттік мекемесі туралы Ереже

1. Жалпы ережелер

      1. "Павлодар қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі білім беру саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Павлодар қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
      3. "Павлодар қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. "Павлодар қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлғасы болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. "Павлодар қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. "Павлодар қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің, егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. "Павлодар қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Павлодар қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілерімен ресімделетін шешімдерді қабылдайды.
      8. "Павлодар қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 140000, Павлодар қаласы, Исиналиев көшесі, 24.
      10. "Павлодар қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі:
      дүйсенбі–жұма күндері сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі–жексенбі.
      11. Мемлекеттік мекеменің мемлекеттік тілдегі толық атауы: "Павлодар қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
      орыс тілінде: Государственное учреждение "Отдел регистрации актов гражданского состояния города Павлодара".
      12. Павлодар қаласы әкімдігі атынан "Павлодар қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы мемлекет болып табылады.
      13. Осы Ереже "Павлодар қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      14. "Павлодар қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      15. "Павлодар қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілерімен "Павлодар қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Павлодар қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. "Павлодар қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу
бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы, мақсаты,
қызметінің мәні, негізгі міндеттері,
функциялары, құқықтары мен міндеттері

      16. Миссиясы: "Павлодар қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі қаланың атқарушы органдарының бірыңғай жүйесіне кіреді және білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты өзінің шектеулі құзыретінде жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.
      17. "Павлодар қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мақсаты Павлодар қаласының аумағында азаматтық хал актілерін тіркеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыру.
      18. "Павлодар қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметінің мәні қалалық деңгейде азаматтық хал актілерін тіркеу саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.
      19. Міндеттері:
      1) азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру;
      2) азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету;
      3) азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді мәселелері бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету саласында әлеуметтік-экономикалық міндеттер мен қалалық бағдарламар кешенін әзірлеу және іске асыру;
      4) азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді мәселелері бойынша мемлекеттік қызметтер жүйесін дамытуға ықпал ету;
      5) азаматтық хал актілерін тіркеу саласында қаланың өзге де мекемелерімен өзара қарым–қатынастар жасау.
      20. Функциялары:
      1) азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырады;
      2) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртібінде және мерзімінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды;
      3) азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу мәселелері бойынша конференциялар, жиналыстар, семинарлар, конкурстар өткізеді;
      4) заңнамамен көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
      21. Құқықтары:
      Құқықтары мен міндеттері:
      1) құрылымдық, аумақтық бөлімшелерден бөлімге жүктелген функциялар мен міндеттерді жүзеге асыру үшін қажетті ақпараттар мен материалдарды белгіленген мерзімде сұратуға және алуға;
      2) "Павлодар қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүдделерін қозғайтын мәселелер бойынша мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардағы жиналыстарға қатысуға;
      3) басшылықтың тапсырмасы бойынша "Павлодар қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген функциялар мен міндеттерді жүзеге асыру мәселелері бойынша құқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдармен өзара қарым-қатынасты жүзеге асыруға;
      4) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте мемлекеттік ұйымдарды құруға, қайта құруға және таратуға;
      5) қолданыстағы заңнамалық актілермен көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
      Міндеттері:
      1) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өз қызметін жүзеге асыруға;
      2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес еңбек жағдайына қатысты атқарушылық және еңбек тәртібін қамтамасыз етуге;
      3) "Павлодар қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне қатысты мәселелер бойынша жоғары тұрған мемлекеттік органдардың немесе басшылықтың тапсырмаларын орындауға;
      4) бөлімнің, соның ішінде басқа да құрылымдық және аумақтық, сондай-ақ өзге де бөлімшелердің өзара қарым-қатынас мәселелері бойынша жұмысын ұйымдастыруға және оны жетілдіруге;
      5) бөлім қызметкерлерінің біліктілігін жүйелі негізде арттырумен айналысуға;
      6) азаматтық хал актілерін тіркеу саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсетуге;
      7) қолданыстағы заңнамалық актілермен қарастырылған өзге де міндеттерді жүзеге асыруға міндетті.

3. "Павлодар қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру

      22. "Павлодар қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесін басшылықты "Павлодар қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.
      23. "Павлодар қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Павлодар қаласының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      24. "Павлодар қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының өкілеттігі:
      1) мемлекеттік мекеме туралы Ережені Павлодар қаласы әкімдігінің бекітуіне ұсынады;
      2) Қазақстан Республикасы Заңдарының, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілерін, облыс және қала әкімдігінің қаулыларын орындау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады, жоғары тұрған органдарды олардың орындалу барысы туралы жүйелі түрде ақпарат етеді;
      3) басшы бұйрықтарын шығарады;
      4) мемлекеттік мекемеде сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жасау бойынша шаралар қолданады;
      5) мемлекеттік мекемеде сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жасау бойынша міндеттердің орындалуы үшін дербес жауап береді;
      6) "Павлодар қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің атынан сенімхатсыз іс-әрекет жасайды;
      7) мемлекеттік органдарда, өзге ұйымдарда "Павлодар қаласы білім беру бөлімі" мемлекеттiк мекемесінiң мүддесiн білдіреді;
      8) заңнамамен белгіленген жағдайларда және шегінде мүлікке иелік етеді;
      9) белгіленген заңнама тәртібінде шарттар жасайды;
      10) сенімхаттар береді;
      11) "Павлодар қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің актілеріне қол қояды;
      12) "Павлодар қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттiк мекемесінiң қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметiнен босатады;
      13) "Павлодар қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттiк мекемесі қызметкерлерiнің міндеттерін анықтайды;
      14) "Павлодар қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттiк мекемесінiң қызметкерлерiне мадақтау шараларын және тәртіптік жаза қолданады;
      15) заңнамамен және осы Ережемен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
      25. "Павлодар қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттігін орындау, оның болмаған кезінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес, оны алмастыратын тұлғамен жүзеге асырылады.
      26. "Павлодар қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі мен коммуналдық мүлікті басқару уәкілетті органы (жергілікті атқарушы органы) арасындағы қарым-қатынас Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.
      27. "Павлодар қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі мен тиісті саланың уәкілетті органы (жергілікті атқарушы органы) арасындағы қарым-қатынас Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.
      28. "Павлодар қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің әкімшілігі мен еңбек ұжымы арасындағы қарым-қатынас Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексімен және ұжымдық шартпен белгіленеді.

4. "Павлодар қаласының азаматтық хал
актілерін тіркеу бөлiмi" мемлекеттік мекемесінің мүлкі

      29. "Павлодар қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкін.
      "Павлодар қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкi оған меншік иесі берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      30. "Павлодар қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.
      31. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Павлодар қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

5. "Павлодар қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі"
мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және қысқарту (тарату)

      32. "Павлодар қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және қысқарту Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
      33. "Павлодар қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі таратылған кезде кредиторлардың талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған мүлік қалалық коммуналдық меншігінде қалады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады