Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - Павлодар облысы Павлодар қаласы әкімдігінің 15.03.2023 № 297/1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31–бабына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шілдедегі "Дене шынықтыру және спорт туралы" Заңының 48–бабына сәйкес Павлодар қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса берілген Павлодар қаласында мүгедектігі бар адамдарды қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру қызметтерін тегін немесе жеңілдік шарттармен пайдаланатын азаматтар санаттарының тізбесі, сондай-ақ жеңілдіктер мөлшері белгіленсін.Ескерту. 1 - тармақ жаңа редакцияда - Павлодар облысы Павлодар қаласы әкімдігінің 15.03.2023 № 297/1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
2. "Павлодар қаласы дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәрттіппен:
1) осы қаулының жергілікті әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулы мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде бұқаралық ақпарат басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауын;
3) осы қаулының Павлодар қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
4) осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдауын қамтамассыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін қала әкімінің орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Павлодар қаласының әкімі | Б. Бақауов |
Павлодар қаласы әкімдігінің 2015 жылғы "18" тамыздағы № 1007/15 қаулысымен бекітілген |
Павлодар қаласында мүгедектігі бар адамдарды қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру қызметтерін тегін немесе жеңілдік шарттармен пайдаланатын азаматтар санаттарының тізбесі, сондай-ақ жеңілдіктер мөлшері
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Павлодар облысы Павлодар қаласы әкімдігінің 15.03.2023 № 297/1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
№ | Азаматтар санаты | Жеңілдіктер мөлшері |
1 | 7 жасқа дейінгі балалар | Тегін |
2 | Көп балалы отбасыларынан оқушы-балалар | Тегін |
3 | Балалар үйлерінен оқушы-балалар | Тегін |
4 | Спорт ардагерлері | Тегін |
5 | Оқушылар | Көрсетілетін спорттық және дене шынықтыру-сауықтыру қызметтері құнынан 50% мөлшердегі жеңілдік |
6 | Студенттер | Көрсетілетін спорттық және дене шынықтыру-сауықтыру қызметтері құнынан 50% мөлшердегі жеңілдік |
7 | Зейнеткерлер | Көрсетілетін спорттық және дене шынықтыру-сауықтыру қызметтері құнынан 50% мөлшердегі жеңілдік |
*Ескертпе: Осы тізбе мемелекеттік дене шынықтыру-сауықтыру және спорт құрылыстарына қолданылады.