"Ақсу қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Ақсу қалалық мәслихатының 2015 жылғы 3 сәуірдегі № 327/44 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 05 мамырда № 4454 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақсу қалалық мәслихатының 2015 жылғы 01 маусымдағы № 351/46 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақсу қалалық мәслихатының 01.06.2015 № 351/46 шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" № 410 Жарлығына сәйкес Ақсу қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. "Ақсу қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихат аппаратының басшысына жүктелсін.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Сессия төрайымы А. Шалабаева
      Қалалық мәслихат хатшысы М. Омарғалиев

  Ақсу қалалық мәслихатының
2015 жылғы 3 сәуірдегі
327/44 шешімімен
бекітілген

"Ақсу қалалық мәслихатының аппараты"
мемлекеттік мекемесі туралы ереже

1. Жалпы ережелер

      1. "Ақсу қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі Ақсу қалалық мәслихатының қызметін және қалалық мәслихат депутаттарының жұмысын қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Ақсу қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. "Ақсу қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
      4. "Ақсу қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      5. "Ақсу қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      6. "Ақсу қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Ақсу қаласы мәслихат хатшысының өкімдерімен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.
      7. "Ақсу қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылымы және штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      8. "Ақсу қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 140100, Ақсу қаласы, Астана көшесі, 52.
      9. "Ақсу қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі:
      жұмыс күндері: дүйсенбі - жұма күндері сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін, демалыс күндері: сенбі - жексенбі.
      10. Мемлекеттік мекеменің мемлекеттік тілінде толық атауы – "Ақсу қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі, орыс тілінде - государственное учреждение "Аппарат маслихата города Аксу".
      11. "Ақсу қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Павлодар облысы Ақсу қаласының әкімдігі атынан мемлекет болып табылады.
      12. Осы ереже "Ақсу қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      13. "Ақсу қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі қызметін қаржыландыру жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады.
      14. "Ақсу қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Ақсу қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

2. "Ақсу қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік
мекемесінің миссиясы, мақсаты, қызметінің мәні,
негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      15. "Ақсу қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: мәслихат аппараты депутаттарға өздерінің өкілеттігін жүзеге асыруға көмек көрсетеді.
      16. "Ақсу қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің мақсаты: депутаттарға өз аумақтарында өкілеттіктерін жүзеге асыру қызметін қамтамасыз ету болып табылады.
      17. "Ақсу қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі қызметінің мәні: мәслихат пен оның органдарын ұйымдастырушылық, құқықтық, материалдық-техникалық және өзге де жағынан камтамасыз ету.
      18. Негізгі міндеттері:
      1) қалалық мәслихат қызметін ұйымдастырушылық, құжаттамалық, құқықтық, ақпараттық-талдау жағынан қамтамасыз ету;
      2) қалалық мәслихатпен қабылданған шешімдердің қолданыстағы заңнамаға сәйкес болуын қамтамасыз ету;
      3) қалалық мәслихат депутаттары қызметін материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету;
      4) тұрғындарды қалалық мәслихат қызметі туралы ақпаратпен қамтамасыз ету;
      5) мәслихат және оның органдарының бақылау функциялары жүзеге асырылуын қамтамасыз ету;
      6) мәслихаттың ақпараттық жүйелерін жетілдіру;
      7) мәслихат аппараты қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлаудан өтуін қамтамасыз ету.
      19. Функциялары:
      1) қалалық мәслихат депутаттарына ұйымдастырушылық, құжаттамалық, құқықтық, ақпараттық-талдау бойынша қызмет көрсету;
      2) қалалық мәслихаттың қарауына енгізілген нормативтік құқықтық актілер жобалары мен өзге де шешімдері жобаларының орындалуын бақылау, қалалық мәслихат қабылдаған нормативтік құқықтық актілер мониторингін жүргізу;
      3) мәслихат қызметін қамтамасыз етуге жұмсалатын шығындарды анықтау, іс-сапарлық шығындарды өтеу, депутаттарды қажетті кеңсе құралдарымен және депутаттық қызметті атқару үшін қажетті өзге де тауарлармен қамтамасыз ету;
      4) бұқаралық ақпарат құралдарында мәслихат қызметі туралы басылымдардың, қалалық мәслихат қабылдаған нормативтік құқықтық актілердің жариялануын ұйымдастыру;
      5) атқарушы органдар басшыларының ақпараттарын, есептерін жинақтау және талдау, қалалық мәслихат депутаттарының алдында өз қызметі бойынша есеп беретін мемлекеттік органдардың қызмет қорытындысы бойынша анықтамалар дайындау.
      20. Құқықтары мен міндеттері:
      1) Ақсу қалалық мәслихатының регламентін өз құзыреті шеңберінде орындалуын қамтамасыз ету;
      2) белгіленген тәртіп бойынша мемлекеттік органдар мен лауазым иелерінен, өзге де ұйымдар мен азаматтардан ақпарат, анықтамалар, есептер, шешімдер жобаларын, нормативтік құқықтық актілер жобаларының бұқаралық ақпарат құралдарында басылуы туралы мәліметтер, ғылыми сараптамалар мен сараптамалық кеңестердің қорытындыларын, қалалық мәслихаттың қарауына енгізілген шешімдер жобалары бойынша қажетті келісулерді, сессиялардың күн тәртібі мен тұрақты (уақытша) комиссиялардың отырыстарында қаралатын мәселелер бойынша өзге де құжаттамаларды сұрау;
      3) мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың қызметкерлерін қалалық мәслихаттың құзыретіне жататын мәселелерді талқылауға қатыстыру, тиісті шешімдерді даярлау үшін уақытша жұмыс топтарын құру;
      4) депутаттар сауалдарын және депутаттық ұсыныстарды дер кезінде қаралуын және іске асырылуын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік органдар мен мекемелерге депутаттық сауалдар жолдау;
      5) қалалық мәслихатқа жолданған азаматтардың өтініштері орындалу мерзіміне және нәтижелеріне бақылау жүргізу;
      6) қалалық мәслихат құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік органдар мен лауазым иелеріне кеңестік-әдістемелік, ақпараттық, ұйымдастырушылық-техникалық және өзге де көмек көрсету.

3. "Ақсу қалалық мәслихатының аппараты"
мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру

      21. "Ақсу қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Ақсу қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.
      22. "Ақсу қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Ақсу қалалық мәслихат хатшысымен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
      23. "Ақсу қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі басшысының өкілеттігі:
      1) лауазымды тұлға болып табылады және "Ақсу қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің атынан мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара қарым-қатынастарды сенімхатсыз жасайды;
      2) қалалық мәслихат аппаратының жұмысын үйлестіреді және ұйымдастырады, басқа да мемлекеттік органдармен өзара әрекетті қамтамасыз етеді;
      3) "Ақсу қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың орындалуын бақылайды;
      4) "Ақсу қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолдану және оны алу туралы мәслихат хатшысының қарауына ұсыныстар енгізеді;
      5) "Ақсу қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің атынан келісім-шарттар жасайды, сенімхаттар береді, банкте шот ашады, төлем және басқа да қаржы құжаттарына, арыз талаптарға қол қояды және өзге де әрекеттер жасайды;
      6) "Ақсу қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін анықтайды және қызметтік нұсқаулықтарын бекітеді;
      7) сессияларды, тұрақты комиссия отырыстарын, консультативтік-кеңестік органдар жұмысын дайындауға жауапты болады;
      8) "Ақсу қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекетті ұйымдастыруға дербес жауапты болады.
      24. "Ақсу қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі мен коммуналдық мүлікті басқару бойынша уәкілетті органы (жергілікті атқару органы) арасындағы қарым-қатынастары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.
      25. "Ақсу қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі мен тиісті саланың уәкілетті органы (жергілікті атқару органы) арасындағы қарым-қатынастары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.
      26. "Ақсу қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің басшысы мен еңбек ұжымы арасындағы қарым-қатынастары Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексімен және ұжымдық шартпен белгіленеді.

4. "Ақсу қалалық мәслихатының аппараты"
мемлекеттік мекемесінің мүлкі

      27. "Ақсу қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінде заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
      "Ақсу қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      28. "Ақсу қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінде бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      29. Егерде заңнамада өзгеше көзделмесе, "Ақсу қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. "Ақсу қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік
мекемесін қайта ұйымдастыру және қысқарту (тарату)

      30. "Ақсу қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
      31. "Ақсу қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі қысқартылған (таратылған) кезде несиегерлердің талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған мүлік қалалық коммуналдық меншігінде қалады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады