Ақсу қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 5 мамырдағы “Ақсу қаласында қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы” № 334/3 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Ақсу қалалық әкімдігінің 2015 жылғы 3 маусымдағы № 432/6 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 24 маусымда № 4537 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақсу қалалық әкімдігінің 2016 жылғы 21 сәуірдегі № 336/4 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақсу қалалық әкімдігінің 21.04.2016 № 336/4 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы “Халықты жұмыспен қамту туралы” Заңының 7-бабы 5) тармақшасына, 20-бабы 1-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы “Халықты жұмыспен қамту туралы” Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы” № 836 қаулысымен бекітілген Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландырудың ережесіне сәйкес, Ақсу қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ақсу қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 5 мамырдағы “Ақсу қаласында қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы” № 334/3 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3836 тіркелді, 2014 жылғы 7 маусымдағы № 43 “Ақсу жолы” және “Новый путь” қалалық газеттерінде жарияланды) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      “Қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі мен нақты жағдайлары, қатысушылардың еңбегіне төленетін ақының мөлшері және оларды қаржыландыру көздерінің тізбесі” 1-қосымшадағы:
      2-бағандағы:
      11-тармақта “БИБІ-АНА” Республикалық мүгедек–әйелдер қоғамы” Павлодар облыстық қоғамдық бірлестігі филиалы” деген сөздер “Мөлдір” мүгедек әйелдерді әлеуметтік бейімдеу Павлодар облыстық орталығы” қоғамдық бірлестігі” деген сөздермен ауыстырылсын;
      12-тармақта “Ақсу қаласының жұмыспен қамту орталығы коммуналдық мемлекеттік мекемесі деген сөздер “Павлодар облысы Ақсу қаласы халықты жұмыспен қамту орталығы” мемлекеттік мекемесі” деген сөздермен ауыстырылсын;
      келесі мазмұндағы 15-жолмен толықтырылсын:
      "

15.
“Көмек 2015” мүгедектердің қоғамдық бірлестігі
Құжаттарды ресімдеуге техникалық көмек көрсету (арнайы білімі жоқ тұлғалар үшін).
8-сағаттық жұмыс күні,
5-күндік жұмыс аптасы.
Ең төменгі жалақы мөлшері
Қалалық бюджет

      ";
      "Қоғамдық жұмыстарға сұраныстар мен ұсыныстар” 2–қосымшадағы:
      2-бағандағы:
      11-тармақта “БИБІ-АНА” Республикалық мүгедек–әйелдер қоғамы” Павлодар облыстық қоғамдық бірлестігі филиалы” деген сөздер “Мөлдір” мүгедек әйелдерді әлеуметтік бейімдеу Павлодар облыстық орталығы” қоғамдық бірлестігі” деген сөздермен ауыстырылсын.
      12- тармақта “Ақсу қаласының жұмыспен қамту орталығы” коммуналдық мемлекеттік мекемесі” деген сөздер “Павлодар облысы Ақсу қаласы халықты жұмыспен қамту орталығы” мемлекеттік мекемесі” деген сөздермен ауыстырылсын;
      “Барлығы:” жолындағы 3, 4-бағандарында “201” сандары “203” сандарымен ауыстырылсын;
      келесі мазмұндағы 15–жолмен толықтырылсын:
      "

15.
“Көмек 2015” мүгедектердің қоғамдық бірлестігі
2
2

      ”.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің әлеуметтік мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Ақсу қаласының әкімі Қ. Нүкенов
      "КЕЛІСІЛДІ"
      “Көмек 2015” мүгедектердің қоғамдық
      бірлестігінің төрағасы А. Билялов
      2015 жылғы 3 маусым
      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Мөлдір" мүгедек әйелдерді
      әлеуметтік бейімдеу
      Павлодар облыстық
      орталығы" қоғамдық
      бірлестігінің төрағасы Н. Багирова
      2015 жылғы 3 маусым

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады