Ақсу қалалық мәслихатының 2014 жылғы 20 ақпандағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Ақсу қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" № 196/28 шешіміне өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Ақсу қалалық мәслихатының 2015 жылғы 22 шілдедегі № 358/47 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 11 тамызда № 4654 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақсу қалалық мәслихатының 2016 жылғы 08 шілдедегі N 43/5 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақсу қалалық мәслихатының 08.07.2016 N 43/5 шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 2-3 тармағына сәйкес Ақсу қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Ақсу қалалық мәслихатының 2014 жылғы 20 ақпандағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Ақсу қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" № 196/28 шешіміне (Нормативтiк құқықтық актілердің мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмінде № 3731 болып тiркелген, 2014 жылғы 29 наурызда "Ақсу жолы", "Новый путь" газеттерінде № 25 жарияланған) келесі өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
      8-тармақтың 6) тармақшасы мынадай мазмұндағы 8 абзацпен толықтырылсын:
      "көру қабілеті бұзылған 1 топтағы мүгедектер;";
      9-тармақтың 2) тармақшасы мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
      "8-тармақтың 6) тармақшасындағы сегізінші абзацта көрсетілген санаттар үшін жеке куәлігінің және Ақсу қаласы аумағында тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмелері, екінші деңгейдегі банктерде немесе жеке банктік операцияларының түрлерін жасауға тиісті лицензиясы бар ұйымда жеке шотының нөмірі көрсетілген өтініші, тиісті медициналық мекемесінің көру қабілеті бұзылған 1 топ мүгедектігі туралы анықтамасы негізінде (сауықтыруға) 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;";
      "8-тармақтың 6) тармақшасындағы сегізінші абзацта көрсетілген санаттар үшін жеке куәлігінің және Ақсу қаласы аумағында тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмелері, екінші деңгейдегі банктерде немесе жеке банктік операцияларының түрлерін жасауға тиісті лицензиясы бар ұйымда жеке шотының нөмірі көрсетілген өтініші, тиісті медициналық мекемесінің көру қабілеті бұзылған 1 топ мүгедектігі туралы анықтамасы, оңалтудың жеке бағдарламасының көшірмесі негізінде (еріп жүретін адамның тұру, тамақтану және жол ақысына) 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіштен кем емес мөлшерде;";
      9-тармақтың 2) тармақшасындағы сегізінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "8-тармақтың 8) тармақшасындағы үшінші абзацта көрсетілген санаттар үшін жеке куәлігінің және Ақсу қаласы аумағында тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмелері, екінші деңгейдегі банктерде немесе жеке банктік операцияларының түрлерін жасауға тиісті лицензиясы бар ұйымда жеке шотының нөмірі көрсетілген өтініші, өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау жөніндегі арнаулы комиссияның шешімі бойынша (өрт болған кезде) "Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрлігінің төтенше жағдайлар комитеті Павлодар облысы төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті Ақсу қаласының төтенше жағдайлар бөлімі" Республикалық мемлекеттік мекемесінің немесе (су тасқыны кезде) "Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрлігінің төтенше жағдайлар комитеті Павлодар облысы төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті" мемлекеттік мекемесінің қорытындысы (анықтамасы) негізінде 70 (жетпіс) айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде;".
      2. Осы шешімінің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың экономика және бюджет жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Сессия төрағасы,
      қалалық мәслихаттың хатшысы М. Омарғалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады