Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабы 7) тармақшасына сәйкес, ірі қара малдан лейкоз ауруы анықталуына байланысты Ақсу қаласының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынымы негізінде, ШЕШІМ қабылдаймын:
1. Ақсу қаласы Евгеньевка селолық округінің аумағында орналасқан "Рямбов" шаруа қожалығының мал шаруашылығы фермасында ірі қара мал лейкозы бойынша шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. "Ақсу қаласының ветеринария бөлімі" (келісім бойынша), "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Ақсу қалалық аумақтық инспекциясы" (келісім бойынша), Ақсу қаласы бойынша тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі Ақсу қалалық басқармасы" (келісім бойынша) мемлекеттік мекемелері анықталған эпизоотиялық ошақта ветеринариялық-санитарлық қолайлы жағдайға қолжеткізу үшін қажетті ветеринариялық-санитарлық іс-шаралар өткізсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен соң қолданысқа еңгізіледі.
Евгеньевка селолық | |
округінің әкімі | М. Дүйсенби |
"КЕЛІСІЛДІ" | |
"Ақсу қаласының | |
ветеринария бөлімі" | |
мемлекеттік мекеме | |
басшысының м.а. | Қ. Әмренов |
2015 жылғы "24" тамыз | |
"КЕЛІСІЛДІ" | |
"Қазақстан Республикасы | |
Ауылшаруашылығы министрлігінің | |
ветеринариялық бақылау және қадағалау | |
Комитетінің Ақсу қалалық аумақтық | |
инспекциясы" мемлекеттік | |
мекеменің басшысы | Ғ. Батаев |
2015 жылғы "24" тамыз | |
"КЕЛІСІЛДІ" | |
"Ақсу қаласы бойынша | |
тұтынушылардың құқықтарын | |
қорғау бойынша Ақсу | |
қалалық басқармасы" | |
республикалық мемлекеттік | |
мекеме басшысының | |
міндетін атқарушы | Н. Калюга |
2015 жылғы "24" тамыз |