Ақсу қаласы Евгеньевка селолық округі әкімінің 2015 жылғы 24 тамыздағы "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" № 1-09/04 шешімінің күшін жою туралы

Жаңа

Павлодар облысы Ақсу қаласы Евгеньевка селолық округі әкімінің 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 1-09/06 шешімі

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі “Ветеринария туралы” Заңының 10-1 бабы 7) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Ақсу қалалық аумақтық инспекциясы басшысының 2015 жылғы 22 желтоқсандағы № 2-19/848 ұсынымы негізінде, “Рямбов” шаруа қожалығының мал шаруашылығы фермасындаірі қара малдың лейкоз ауруы бойынша шектеу іс-шараларын алып тастауға байланысты, ШЕШІМ қабылдаймын:
      1. Ақсу қаласы Евгеньевка селолық округінің аумағында орналасқан “Рямбов” шаруа қожалығының мал шаруашылығы фермасында ірі қара мал лейкозы бойынша шектеу іс-шаралары алынып тасталсын.
      2. Ақсу қаласы Евгеньевка селолық округі әкімінің 2015 жылғы 24 тамыздағы “Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы” № 1-09/04 (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4715 болып тіркелген, 2015 жылғы 25 қыркүйекте № 37 “Ақсу жолы” және № 37 “Новый путь” газеттерінде жарияланған) шешімінің күші жойылсын.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      Евгеньевка селолық
      округінің әкімі Т. Бейсенбаева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады