"Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігінің 2015 жылғы 12 наурыздағы № 264/3 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 13 наурызда № 4360 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігінің 2016 жылғы 31 тамыздағы № 968/9 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігінің 31.08.2016 № 968/9 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" № 410 Жарлығына сәйкес, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
      2. "Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі:
      осы қаулының ресми жариялануын заңнамамен белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін;
      осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шараларды қабылдасын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Екібастұз қаласының әкімі А. Вербняк

  Екібастұз қаласы әкімдігінің
2015 жылғы "12" наурыздағы
№ 264/3 қаулысымен
бекітілген

"Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің аппараты"
мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

      1. "Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Екібастұз қаласының аумағында мемлекеттік жергілікті басқару саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
      3. "Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. "Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. "Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
      6. "Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. "Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен "Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актiлермен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.
      8. "Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекiтiледi.
      9. "Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің орналасқан жерi: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 141200, Екібастұз қаласы, Мәшһүр Жүсіп көшесі, 45.
      10. Мемлекеттік органның толық атауы:
      мемлекеттік тілде: "Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі;
      ресми тілде: государственное учреждение "Аппарат акима города Экибастуза Павлодарской области".
      11. "Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібі қағидасымен белгіленеді және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.
      "Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі келесі тәртіпте белгіленеді: бес күндік жұмыс аптасында сағат 9.00-ден сағат 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі, жексенбі және мереке күндері.
      12. Мемлекет Екібастұз қаласының әкімдігі тұлғасында "Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы болып табылады.
      13. Осы Ереже "Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      14. "Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметiн қаржыландыру жергiлiктi бюджет қаражатының есебінен жүзеге асырылады.
      15. "Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне кәсiпкерлiк субъектiлерiмен "Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

2. "Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің аппараты"
мемлекеттік мекемесінің миссиясы, мақсаты, қызметінің мәні,
негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      16. "Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: Екібастұз қаласының аумағында мемлекеттік саясатты жүргізу.
      17. "Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің мақсаты Екібастұз қаласының аумағында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру бойынша қала әкімінің және әкiмдігінің қызметін қамтамасыз ету болып табылады.
      18. "Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметінің мәні әкімінің және әкiмдігінің қызметін ақпараттық-талдау тұрғысынан, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету болып табылады.
      19. Міндеттері:
      1) сеніп тапсырылған аумақта мемлекеттік саясатты жүргізу бойынша қала әкімінің және әкiмдігінің қызметін қамтамасыз ету;
      2) Екібастұз қаласы жергілікті атқарушы органдарының қызметін үйлестіру;
      3) Қазақстан Республикасының даму стратегиясына сәйкес қаланың әлеуметтік-экономикалық даму жоспарларын әзірлеуге қатысу, әлеуметтік-экономикалық реформаларды жүзеге асырудың тетіктері мен тактикаларын жетілдіру;
      4) облыстық және жергілікті мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара іс-қимыл жасау;
      5) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де міндеттерді іске асыру.
      20. Функциялары:
      1) қала әкімдігі мәжілістерін, қала әкімінің қатысуымен болатын іс-шараларды, отырыстарды, семинарларды, шетел делегацияларының келуін, қала әкімінің Екібастұз қаласының ауылдық округтеріне, кенттер мен ауылдарына сапармен баруын ақпараттық-талдаулық тұрғысынан, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етуді дайындап, өткізуді қамтамасыз етеді;
      2) қала әкімінің норма шығармашылық қызметін қамтамасыз етеді:
      азаматтар мен ұйымдарды құқықтық қорғаудың тиімді мемлекеттік тетіктерін қалыптастырудың негізгі бағыттары жөнінде қала әкіміне ұсыныстар енгізеді;
      заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту, қала әкімінің норма шығармашылық қызметінің тетіктерін жетілдіру бойынша шаралар қабылдайды;
      қала әкімінің қарауына енгізілетін нормативтік құқықтық және құқықтық актілерге құқықтық сараптаманы жүзеге асырады, қала әкімдігі мен әкімі актілерінің жобаларын әзірлеуге қатысады;
      3) қала әкімінің қалалық мәслихатқа қатысты өкілеттігін қамтамасыз етеді (бұдан әрі – Мәслихат):
      қала әкімін Мәслихаттағы және оның тұрақты комиссияларындағы норма шығармашылық қызметтің жай-күйі, олармен қаралатын мәселелер туралы үнемі хабардар етеді, шешімінің жобалары бойынша қала әкімінің көзқарасын түсіндіреді;
      қала әкіміне Мәслихатпен шешім жобаларын қарау басымдығын айқындау, сессиялар аралығы кезеңдерінде Мәслихаттың кезектен тыс мәжілістерін шақыру, Мәслихат мәжілістерінде қала әкімінің қатысу қажеттігі жөнінде ұсыныстар жасайды;
      4) қалалық бағдарламалық құжаттарды әзірлеуге және олардың орындалуын бақылауға қатысады;
      5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттiк наградалармен, қала әкімінің мадақтауларымен наградтау және құрметтi атақтар беру туралы қала әкiмiне ұсыныс енгiзедi;
      6) қала әкіміне және әкімдігіне тікелей бағынысты және есеп беретін мемлекеттік және консультациялық–кеңестік органдарды құру, тарату және қайта құру туралы қала әкіміне ұсыныс енгізеді;
      7) қала әкіміне және әкімдігіне тікелей бағынысты және есеп беретін мемлекеттік және консультациялық–кеңестік органдар қызметінің өзара іс-қимылын және үйлестірілуін қамтамасыз етеді;
      8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қала әкімінің әкімшілік–аумақтық құрылыс мәселелеріндегі өкілеттігін іске асыруды қамтамасыз етеді;
      9) қала әкімінің өңірлік саясат саласындағы өкілеттігін іске асырады:
      қала әкіміне өңірлік саясат стратегиясы, қаланың өкілді және атқарушы органдарының құрылымдық бірлескен жұмысы жөнінде болжам жасау және ұсыныстар әзірлеуді жүзеге асырады;
      қала әкімінің ауылдық округтер, кенттер мен ауылдар әкімдерімен өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді;
      қала әкімінің актілерін және тапсырмаларын барлық мемлекеттік органдардың және лауазымды тұлғалардың мінсіз және түбегейлі орындауын, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар актілерінің
      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес келуін бақылауды жүзеге асырады;
      10) қала әкімінің қызметін ақпараттық-талдау тұрғысынан қамтамасыз етуді жүзеге асырады:
      ішкі саяси ахуалға, қала мемлекеттік органдарының және лауазымды тұлғаларының жұмысына талдау жүргізеді, қоғамдық пікірді зерделейді, саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуына болжам жасайды, қоғамдық маңызы бар мәселелер жөнінде ұсыныстар дайындайды;
      ақпаратты жинауды, өндеуді жүзеге асырады және қала әкімін ішкі саясат мәселелері бойынша ақпараттық-талдау материалдарымен қамтамасыз етеді;
      қала әкімінің бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жұртшылықпен байланысын орнатуды және үнемі дамытуды қамтамасыз етеді, қала әкімдігі мен қала әкімінің қабылданатын актілерін түсіндіруге қатысады;
      11) Екібастұз қаласында кадр саясатын жүргізуді қамтамасыз етеді:
      кадр жұмысының жай-күйіне талдау жасайды;
      кадрлар резервін қалыптастырады;
      атқарушы органдар мемлекеттік қызметшілерінің кәсіби даярлық деңгейін қамтамасыз етеді;
      лауазымға тағайындау және лауазымнан босату кезінде материалдарды ресімдейді, қала әкімі тағайындайтын және онымен келісілетін лауазымды тұлғалардың мемлекеттік қызметті өткеруіне байланысты өзге де мәселелерді шешеді, олардың жеке істерін жүргізеді;
      мемлекеттік мекеменің мемлекеттік қызметшілерін, қала әкімі тағайындайтын және онымен келісілетін басқа да лауазымды тұлғаларды аттестациядан өткізеді;
      12) қала әкімінің қызметін құжаттамалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады:
      қала әкімдігі мен әкімінің актілерін тіркеуді жүргізеді;
      қала әкімдігінің және қала әкімінің актілерін, консультативтік-кеңесші органдардың құжаттарын жариялауды, тиісті түрде ресімделуін және таратылуын қамтамасыз етеді;
      іс-жүргізуді ұйымдастырады;
      қызметтік құжаттар мен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды;
      жеке және заңды тұлғаларды жеке қабылдауды ұйымдастырады;
      құжат айналымына, соның ішінде қала әкімінің атына келіп түсетін хат-хабарға талдау жүргізеді;
      қала әкімдігі мен әкімінің актілерінің сақталуын, бір жүйеге келтіруін және кодификациялауын қамтамасыз етеді;
      мемлекеттік тілді енгізуге, іс жүргізу ережелерін сақтауға және оларды жетілдіруге, жұмыс стилі мен әдістерін жақсартуға, жаңа ақпараттық технологияларды енгізуге бағытталған шараларды қолданады;
      қала әкімінің аппаратында мұрағатта тұрақты сақтау мерзімі бар құжаттарды қоспағанда, қағаз тасығыштағы көшірмесінсіз ЭСҚ құралдарын пайдалана отырып, толық ішкі электрондық құжат айналымына көшуді ұйымдастырады;
      13) мемлекеттік мекемеде құпия режимінің сақталуын қамтамасыз етеді, қала әкімі тағайындайтын лауазымды тұлғалардың құпия құжаттармен жұмыс істеуге рұқсат алуына арналған материалдарды ресімдейді;
      14) атқарушы органдар мен ведомстволар дайындаған қала әкімдігі мен әкімі актілерінің жобаларына сараптау жасайды және қажет болған жағдайда пысықтайды;
      15) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) мемлекеттік сатып алуды жүргізеді;
      16) азаматтық хал актілерін тіркеу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етеді:
      азаматтық хал актілерін тіркеуді жүзеге асырады;
      азаматтық хал актілері жазбаларының мұрағаттық қорын жүргізеді және олардың жай-күйін бақылайды;
      елтаңбалық бланкілердің азаматтық хал актілерінің барлық түрлерінің сақталуын және дұрыс толтырылуын қамтамасыз етеді;
      "АХАЖ" тіркеу пунктіне мәліметтерді енгізуді қамтамасыз етеді;
      17) оған заңнамамен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
      21. Құқықтары мен міндеттері:
      1) "Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттерді орындау үшін барлық меншік нысанындағы шаруашылық субъектілерінен (келісім бойынша),жергілікті өзін-өзі басқару органдарынан ақпаратты сұрату және алу;
      2) шешуі облыстық деңгейде қамтамасыз етілетін міндеттерді іске асырумен байланысты облыстық мемлекеттік органдарға ұсыныстар енгізу;
      3) мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың іске асырылуын қамтамасыз ету;
      4) Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау;
      5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.
      "Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі өкілеттіліктерін орындау үшін ауданның өзге де атқарушы органдары, ұйымдары мен мекемелерімен өзара әрекеттеседі.

3. "Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің аппараты"
мемлекеттік мекемесінің қызметiн ұйымдастыру

      22. "Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне басшылықты мемлекеттік органға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын аппарат басшысы жүзеге асырады.
      23. "Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің басшысы Екібастұз қаласының әкімімен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
      24. "Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекеме басшысының өкiлеттiгi:
      1) қала әкімдігінің бекітуіне "Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені ұсынады, оның құрылымы мен штаты жөнінде ұсыныстар енгізеді;
      2) "Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшелерінің жұмысын ұйымдастырады және үйлестіреді, өзге де мемлекеттік органдармен өзара іс- қимылын қамтамасыз етеді;
      3) басшы лауазымдарына тағайындау үшін кандидатуралар бойынша қала әкіміне ұсыныстар енгізеді;
      4) барлық қызметкерлер үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулықтар береді;
      5) мемлекеттік органдарда, басқа да органдарда "Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесін ұсынады;
      6) мемлекеттік органда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытында шаралар қабылдайды және жемқорлыққа қарсы шара қолдануға дербес жауап береді;
      7) қазынашылық органымен бірлесіп төлемдер бойынша, соның ішінде ақша алушылардың тиісті есеп шоттарына тоқсан сайын салыстырмалы тексеру жүргізуді қамтамасыз етеді;
      8) мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың орындалуын қамтамасыз етеді;
      9) қала әкімі тағайындайтын лауазымды тұлғаларға тәртіптік жазалар қолдану немесе алу туралы қала әкімінің қарауына ұсыныстар енгізеді;
      10) "Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшелері туралы Ережені, қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
      11) қала әкімдігі мен әкімі актілерінің, оның тапсырмаларының орындалуын, "Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінде құжаттардың жүргізілуін бақылау бойынша жұмысты үйлестіреді;
      12) қала әкіміне қол қоюға және қарауға әкімдік пен қала әкімі қабылдаған актілердің жобаларын және өзге де қала әкіміне жіберілген құжаттар мен материалдарды ұсынады;
      13) "Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің шығындар сметасын бекітеді және соның шегінде қаржы қаражатын жұмсайды;
      14) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғаларды жеке қабылдауды жүзеге асырады;
      15) әкімдік мәжілістерінің, консультативтік-кеңесші органдарының дайындығын үйлестіреді;
      16) қала әкімінің қатысуымен өтетін іс-шараларды ұйымдастыру жөніндегі жұмысты үйлестіреді;
      17) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес "Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметін шаруашылық жағынан қамтамасыз ету мәселелері бойынша ұйымдармен азаматтық-құқықтық мәмілелер жасайды;
      18) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      "Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      25. "Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшелерін олардың басшылары басқарады, оларды:
      1) "Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі басшысының ұсынысы бойынша қала әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      2) құрылымдық бөлімшелерге жүктелген міндеттерді орындауға, қала әкімінің актілері мен тапсырмаларын, қала әкімі орынбасарларының тапсырмаларын, "Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі басшысының тапсырмаларын уақытылы, әрі түбегейлі орындауға жауап береді, қызметкерлер арасында міндеттер бөледі, еңбекті ұйымдастыру мен тиісті еңбек тәртібін қамтамасыз етеді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес іс жүргізуге жауап береді.
      26. "Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің әкімшілігі мен еңбек ұжымының арасындағы өзара қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен және ұжымдық шартпен реттеледі.
      27. "Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі мен Екібастұз қаласы әкімдігі арасындағы өзара қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі;
      28. Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі мен тиісті саласындағы уәкілетті органының арасындағы қарым-қатынастары қолданыстағы заңнамамен реттеледі.
      29. "Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі құрылымдық бөлімшелерінің басшылары:
      1) мемлекеттік органдардың құзырындағы кез келген ақпараттық деректер банкін белгіленген тәртіппен пайдалануға;
      2) "Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі тиісті құрылымдық бөлімшелерінің функционалдық қызметіне қатысты мәселелерді қарау кезінде әкімдік мәжілістерінде, қала әкімі жанындағы аппарат мәжілістерінде, қала әкіміне тікелей бағынатын және есеп беретін басқа мемлекеттік органдардың алқа отырыстарына қатысуға;
      3) мемлекеттік органдармен, лауазымды тұлғалармен және ұйымдармен "Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің жүргізуіне жататын мәселелер бойынша қызметтік хат алмасуға құқылы.
      30. "Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері өз қызметтік міндеттерін орындау кезінде белгіленген тәртіппен:
      1) қала әкімдігінің мәжілістеріне, қала әкімінің жанындағы аппарат отырыстарына, қала әкіміне тікелей бағынатын және есеп беретін атқарушы органдар мен консультативтік-кеңесші органдардың мәжілістері мен алқа отырыстарына, қаланың атқарушы органдарымен және ауылдық округтер, ауылдар мен кенттердің әкімдерімен өткізілетін іс-шараларға қатысуға;
      2) "Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің лауазымды басшы тұлғаларына қаланың атқарушы органдары мен өзге де лауазымды тұлғалар әзірлеген, белгіленген талаптарға сай келмейтін актілердің жобаларын пысықтау үшін қайтару туралы ұсыныстар енгізуге құқылы.

4. "Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің аппараты"
мемлекеттік мекемесінің мүлкi

      31. "Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкiн.
      "Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің мүлкi оған меншiк иесi берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметi нәтижесiнде сатып алынған мүлiк және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қалыптастырылады.
      32. "Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне бекiтiлген мүлiк аудандық коммуналдық меншiкке жатады.
      33. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

5. "Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің аппараты"
мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату

      34. "Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады