Екібастұз қаласы әкімінің 2014 жылғы 7 ақпандағы "Екібастұз қаласының сайлау учаскелерін құру туралы" № 2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің 2015 жылғы 13 наурыздағы № 3 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 17 наурызда № 4373 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңы 23–бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңы 33-бабының 2-тармағына сәйкес, ШЕШІМ қабылдаймын:
       Екібастұз қаласы әкімінің 2014 жылғы 7 ақпандағы "Екібастұз қаласының сайлау учаскелерін құру туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3707 болып тіркелген, 2014 жылғы 27 ақпандағы "Отарқа" және "Голос Экибастуза" газеттерінде жарияланған) № 2 шешіміне (бұдан әрі - шешім) келесі өзгерістер енгізілсін:
      шешімге қосымшадағы:
      № 527 сайлау учаскесінде "Энергетиков, 52" сөзі мен сандары "Әуезов, 149" сөзімен және сандарымен ауыстырылсын;
      № 573 сайлау учаскесінде "24" сандары "24/1" сандарымен ауыстырылсын.
       Осы шешімнің орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
       Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Екібастұз қаласының әкімі А. Вербняк
      КЕЛІСІЛДІ:
      Екібастұз қалалық
      аумақтық сайлау
      комиссиясының төрағасы Б. Амантаев
      2015 жылғы "13" наурыз

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады