Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 21-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31, 37-баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңы 7-бабының 5) тармақшасына, 20-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 19 маусымдағы "Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы" № 836 қаулысымен бекітілген, Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру Ережесіне сәйкес, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Екібастұз қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 21 қаңтардағы "Екібастұз қаласында 2015 жылға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" № 63/1 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 29 қаңтарда № 4288 болып тіркелген, 2015 жылғы 5 ақпандағы № 5 (1255) "Отарқа" және № 5 (3067) "Голос Экибастуза" газеттерінде жарияланған) (бұдан әрі – қаулы) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
қаулының 1-қосымшасы осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес "16", "17", "18" жолдарымен толықтырылсын;
қаулының 2-қосымшасы осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес "16", "17", "18" жолдарымен толықтырылсын;
2-қосымшасындағы 1-жолында "Сұраныс (жұмыс орындарының жарияланған қажеттілігі)" 3, "Ұсыныс (жұмыс орындары бекітілді)" 4 – бағандарында "50" сандары "60" сандарымен ауыстырылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Екібастұз қаласының әкімі | А. Вербняк |
Екібастұз қаласы әкімдігінің 2015 жылғы "3" сәуірдегі № 355/4 қаулысына 1-қосымша |
2015 жылға қоғамдық жұмыстар жүргізілетін ұйымдардың
тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлерi, көлемi және нақты
жағдайлары, еңбекақы төлемінің мөлшерi және
оларды қаржыландыру көздерi
№ р/р | Ұйымдар тізбесі | Қоғамдық жұмыстардың түрлері | Қоғамдық жұмыстардың көлемi және нақты жағдайлары | Қатысушылар дың еңбекақы төлемінің мөлшерi және оларды қаржыландыру көздерi |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
16. | "Павлодар облыстық наркологиялық диспансері" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны | Қоғамдық науқандарды, қоғамдық пікір сауалнамаларын ұйымдастыруға, өткізуге көмек көрсету. Мәдени-бұқаралық маңызы бар іс-шаралар | Парақшалар, анықтамалар тарату – жылына 699 дана, жасырын сауалнамалар жүргізу – айына 25 дана, шақыру қағаздарын тарату – айына 699 дана. Икемді жұмыс кестесімен 8 сағаттық жұмыс күні, жұмыс уақытының ұзақтығы – бір аптада 40 сағаттан аспайды | 2015 жылға Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген ең төменгі жалақы, жергілікті бюджет |
17. | "Екібастұз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі | Құжаттамалармен жұмыс | Құжаттарды ресімдеуде техникалық көмек көрсету, курьерлік жұмыс - айына 1500 дана. Икемді жұмыс кестесімен 8 сағаттық жұмыс күні, жұмыс уақытының ұзақтығы – бір аптада 40 сағаттан аспайды | 2015 жылға Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген ең төменгі жалақы, жергілікті бюджет |
18. | "Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі" мемлекеттік мекемесі | Құжаттамалармен жұмыс | Құжаттарды ресімдегенде техникалық көмек көрсету, курьерлік жұмыс - айына 500 дана. Икемді жұмыс кестесімен 8 сағаттық жұмыс күні, жұмыс уақытының ұзақтығы – бір аптада 40 сағаттан аспайды | 2015 жылға Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген ең төменгі жалақы, жергілікті бюджет |
Екібастұз қаласы әкімдігінің 2015 жылғы "3" сәуірдегі № 355/4 қаулысына 2-қосымша |
2015 жылға қоғамдық жұмыстарға сұраныс пен ұсыныс
№ р/р | Ұйымдар тізбесі | Сұраныс (жұмыс орындарының жарияланған қажеттілігі) | Ұсыныс (жұмыс орындары бекітілді) |
1 | 2 | 3 | 4 |
16. | "Павлодар облыстық наркологиялық диспансері" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны | 3 | 3 |
17. | "Екібастұз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі | 8 | 8 |
18. | "Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі" мемлекеттік мекемесі | 5 | 5 |