"Екібастұз қаласы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 417/4 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 19 мамырда № 4463 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігінің 2018 жылғы 23 қаңтардағы № 54/1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігінің 23.01.2018 № 54/1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" № 410 Жарлығына сәйкес, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Екібастұз қаласы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже бекітілсін.

      2. "Екібастұз қаласы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі:

      осы қаулының ресми жариялануын заңнамамен белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін;

      осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің кеңесшісіне жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Екібастұз қаласының әкімі А. Вербняк

  Екібастұз қаласы әкімдігінің
2015 жылғы "17" сәуірдегі
№ 417/4 қаулысымен
бекітілген

"Екібастұз қаласы әкімдігінің ветеринария бөлімі"
мемлекеттік мекемесі туралы Ереже

1. Жалпы ережелер

      1. "Екібастұз қаласы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі ветеринария саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Екібастұз қаласы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
      3. "Екібастұз қаласы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті және Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. "Екібастұз қаласы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. "Екібастұз қаласы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекеме азаматтық-құықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. "Екібастұз қаласы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық - құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. "Екібастұз қаласы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік мекеме басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.
      8. "Екібастұз қаласы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республкасы, Павлодар облысы, 141 203, Екібастұз қаласы, Екібастұз қаласының 50 жылдығы көшесі, 10.
      10. Мемлекеттік мекеменің толық атауы:

      мемлекеттік тілде: "Екібастұз қаласы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттiк мекемесi;

      орыс тілінде: государственное учреждение "Отдел ветеринарии акимата города Экибастуза".

      11. "Екібастұз қаласы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттiк мекемесінің жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібі қағидасымен белгіленеді және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.

      "Екібастұз қаласы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі келесі тәртіпте белгіленеді: бес күндік жұмыс аптасында сағат 9.00-ден сағат 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі, жексенбі және мереке күндері.

      12. Мемлекет Екібастұз қаласының әкімдігі тұлғасында "Екібастұз қаласы әкімдігінің ветеринария бөлімі"мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы болып табылады.
      13. Осы Ереже "Екібастұз қаласы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      14. "Екібастұз қаласы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      15. "Екібастұз қаласы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен мемлекеттік органның функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер "Екібастұз қаласы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджет кірісіне жіберіледі.

2. "Екібастұз қаласы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
миссиясы, мақсаты, қызметінің мәні, негізгі міндеттері, функциялары,
құқықтары мен міндеттері

      16. "Екібастұз қаласы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: ветеринария саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.
      17. "Екібастұз қаласы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мақсаты ветеринариялық–санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету болып табылады.
      18. "Екібастұз қаласы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметінің мәні халықтың денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау; жануарларды аурулардан қорғау және оларды емдеу; ветеринарлық–санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету; тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағын басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелiнуi мен таралуынан қорғау; жеке және заңды тұлғалар ветеринария саласындағы қызметтi жүзеге асыруы кезiнде қоршаған ортаны ластаудың алдын алу және оны жою болып табылады.
      19. Міндеттері:
      1) халықтың денсаулығын адам мен жануарларға ортақ аурулардан қорғау;
      2) жануарларды аурулардан қорғау және оларды емдеу;
      3) ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
      4) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағын басқа мемлекеттерден жұқпалы және экзотикалық аурулардың әкелінуі мен таралуынан қорғау;
      5) жеке және заңды тұлғалар ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асырған кезінде қоршаған ортаны ластаудың алдын-алу және оны жою;
      6) заңнамаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету;
      7) Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған өзге де міндеттерді жүзеге асыру;
      20. Функциялары:
      1) уәкілетті органмен келісім бойынша тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық іс – шаралар жоспарларын бекітеді;
      2) ветеринариялық преператтардың республикалық қорын қоспағанда, жануарлардың аса қауіпті ауруларының профилактикасы бойынша ветеринариялық преператтарды сақтауды, жергілікті атқарушы органдарға тасымалдауды (жеткізуді) ұйымдастырады;
      3) профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесін әзірлейді және уәкілетті органға ұсынады;
      4) жануарлардың энзоотиялық ауруларының профилактикасы мен диагностикасы бойынша ветеринариялық препараттарды, олардың профилактикасы және диагностикасы жөніндегі қызметтерді мемлекеттік сатып алуды, оларды сақтауды және жергілікті атқарушы органдарға тасымалдауды (жеткізуді) ұйымдастыруды жүзеге асырады;
      5) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен ветеринариялық есепке алуды және есептілікті жүргізуді, жинақтауды, талдауды жүзеге асырады және оларды уәкілетті органға ұсынады етеді;
      6) халықтың арасында ветеринария мәселелері бойынша ағарту жұмыстарын ұйымдастырады және жүргізеді;
      7) Қазақстан Республикасы Үкіметі бекіткен тізбе бойынша аса қауіпті аурулардың, сондай-ақ жануарлардың энзоотиялық ауруларының профилактикасы бойынша ветеринариялық іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етеді;
      8) эпизоотиялық жайсыз жағдай туғанда, елді мекен жерлерінде жануарларды жаюға арналған орындарды анықтайды;
      9) алынып қойылатын және жойылатын ауру малдың, жануарлардан алынатын өнім мен шикізаттың құнын иелеріне қайтып береді;
      10) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің шегінде Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын жеке және заңды тұлғалардың сақтауына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
      11) эпизоотиялық мониторингті жүргізу, егер эпизоотиялық ошақтар пайда болған жағдайда оларды тексеру;
      12) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен техникалық регламенттерде белгіленген талаптардың сақталуын мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды мен қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
      13) жануарларды өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп және жемшөп қоспаларын сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік нөмірлерді беру;
      14) эпизоотологиялық тексеру актісін беру;
      15) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуы тұрғысынан мыналарда:

      ішкі сауда объектілерінде;

      жануарларды өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп және жемшөп қоспаларын сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарда;

      ветеринариялық препараттарды өндіруді қоспағанда, ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын адамдарда;

      экспорттау (импорттау) мен транзиттеуді қоспағанда, тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің шегінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдау (орнын ауыстыру), тиеу, түсіру кезінде;

      экспорттауды (импорттауды) және транзиттеуді қоспағанда, жануарлар ауруларын қоздырғыштарды тарату факторлары болуы мүмкін ыдыстарды, орама материалдарының барлық түрлері бойынша көлік құралдарының барлық түрлерінде;

      тасымалдау (орнын ауыстыру) бағыттары өтетін мал айдау трассаларында, маршруттарында, жануарлардың жайылым аумақтары мен суаттарында;

      аумақтарда, өндірістік үй-жайларда және экспорттауды (импорттауды) және транзиттеуді қоспағанда, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді өсіретін, сақтайтын, қайта өңдейтін, өткізетін немесе пайдаланатын жеке және заңды тұлғалардың қызметіне;

      орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді ұстауға, өсіруге, пайдалануға, өндіруге, дайындауға (союға), сақтауға, қайта өңдеу мен өткізуге байланысты мал көмінділерін (биотермиялық шұңқырларды), мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерін орналастыру, салу, реконструкциялау және пайдалануға беру кезінде, сондай-ақ оларды тасымалдау (орнын ауыстыру) кезінде зоогигиеналық және ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптардың сақталуына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;

      16) жеке және заңды тұлғаларға қатысты мемлекеттік ветеринариялық- санитариялық бақылау және қадағалау актілерін жасау;
      17) мемлекеттік ветеринариялық дәрігерлердің орындау үшін міндетті актілерін шығару;
      18) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру құқығы бар мемлекеттік ветеринариялық дәрігерлер тізімін бекіту.
      19) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген басқа да қызметтерді іске асыру.
      21. Құқықтары мен міндеттері:
      1) өзіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік органнан және өзге ұйымдардан қажетті ақпаратты сұратады және алады;
      2) ветеринария саласында кәсіпкерлік қызетті жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғалар белгіленген ветеринариялық-санитариялық ережелер мен нормативтерді бұзған жағдайда, олардың лицензияларын заңнамада белгіленген тәртіппен тоқтату туралы шешімдер қабылдауға немесе қайтарып алуға бастамашы болады;
      3) Екібастұз қаласы әкімдігінің атына:

      Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген тәртіпте эпизоотияға қарсы төтенше комиссиялар құру туралы;

      жануарлардың жұқпалы аурулары таралуының алдын алуға және жоюға бағытталған карантиндік режімді немесе шектеу іс–шараларын жүргізе отырып, карантиндік аймақтың ветеринариялық режімін белгілеу туралы;

      жануарлардың жұқпалы аурулары таралуының алдын алуға және жоюға бағытталған шектеу іс–шараларын немесе карантинді алып тастау туралы ұсыныстар енгізеді;

      4) жануарлардың және адамның денсаулығы үшін қауіп төндіретін жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алу және жою туралы шешім қабылдайды;
      5) Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" 2014 жылғы 5 шілдедегі Кодексіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша істерді қарайды;
      6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді іске асырады.

      "Екібастұз қаласы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі өкілеттіліктерін орындау үшін қаланың басқа да атқарушы органдарымен, ұйымдарымен және мекемелерімен өзара іс-қимылда болады.

3. "Екібастұз қаласы әкімдігінің ветеринария бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру

      22. "Екібастұз қаласы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Екібастұз қаласы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның фунцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      23. "Екібастұз қаласы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Екібастұз қаласының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      24. "Екібастұз қаласы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттігі:
      1) қызметкерлердің міндеттері мен өкілеттілігін анықтайды;
      2) заңнамада белгіленген тәртіпте қызметкерлерін ынталандырады және тәртіптік жаза қолданады;
      3) барлық қызметкерлер үшін міндетті бұйрықтар шығарады және барлық қызметкерлерге міндетті нұсқаулар береді;
      4) органдар мен өзге де ұйымдарда "Екібастұз қаласы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесін ұсынады;
      5) мемлекеттік органдарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытында шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қабылданған шараларға дербес жауапты болады;
      6) қазынашылық органымен бірлесіп төлемдер бойынша, оның ішінде ақша алушылардың тиісті есеп шоттарына тоқсан сайын салыстырмалы тексеру жүргізуді қамтамасыз етеді;
      7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттілікті қамтамасыз етеді;

      "Екібастұз қаласы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

      25. "Екібастұз қаласы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің әкімшілігі мен еңбек ұжымының арасындағы өзара қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен және ұжымдық шартпен реттеледі.
      26. "Екібастұз қаласы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі мен Екібастұз қаласының әкімдігі арасындағы өзара қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі;
      27. "Екібастұз қаласы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі мен тиісті саласындағы уәкілетті органының арасындағы өзара қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.

4. "Екібастұз қаласы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі

      28. "Екібастұз қаласы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      "Екібастұз қаласы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      29. "Екібастұз қаласы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік аудандық коммуналдық меншiкке жатады.
      30. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе "Екібастұз қаласы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. "Екібастұз қаласы әкімдігінің ветеринария бөлімі"
мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату

      31. "Екібастұз қаласы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

"Екібастұз қаласы әкімдігі ветеринария бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі

      "Екібастұз қаласы әкімдігінің ветеринария бөлімінің "Екібастұз қаласының ветеринария станциясы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады