"Екібастұз қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігінің 2015 жылғы 22 мамырдағы № 581/6 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 25 маусымда № 4549 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігінің 2018 жылғы 23 қаңтардағы № 54/1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігінің 23.01.2018 № 54/1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" № 410 Жарлығына сәйкес, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Екібастұз қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.

      2. "Екібастұз қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі:

      осы қаулының ресми жариялануын заңнамамен белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін;

      осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Екібастұз қаласының әкімі А. Вербняк

  Екібастұз қаласы әкімдігінің
2015 жылғы "22" мамырдағы
№ 581/6 қаулысымен
бекітілген

"Екібастұз қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі"
мемлекеттік мекемесі туралы Ереже

1. Жалпы ережелер

      1. "Екібастұз қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі Екібастұз қаласының бюджетін атқару, Екібастұз қаласының бюджетін атқару бойынша бухгалтерлік есепке алуды, бюджеттік есепке алу мен бюджеттік есептілікті жүргізу, аудандық коммуналдық мүлікті басқару және оны қорғауға қатысты шаралар қабылдау саласында басшылықты іске асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Екібастұз қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
      3. "Екібастұз қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. "Екібастұз қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар, мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Казақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. "Екібастұз қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. "Екібастұз қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. "Екібастұз қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен "Екібастұз қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актiлермен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.
      8. "Екібастұз қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. Екібастұз қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің орналасқан жерi: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 141200, Екібастұз қаласы, Мәшһүр Жүсіп көшесі, 27-үй.
      10. Мемлекеттік мекеменің толық атауы:
      мемлекеттік тілде: "Екібастұз қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
      орыс тілінде: государственное учреждение "Отдел финансов акимата города Экибастуза".
      11. "Екібастұз қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібінің қағидасымен белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.
      "Екібастұз қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі келесі тәртіпте белгіленеді: бес күндік жұмыс аптасында сағат 9.00-ден сағат 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі, жексенбі.
      12. Мемлекет Екібастұз қаласының әкімдігі тұлғасында "Екібастұз қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы болып табылады.
      13. Осы Ереже "Екібастұз қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      14. "Екібастұз қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      15. "Екібастұз қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілерімен "Екібастұз қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Екібастұз қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен қірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. "Екібастұз қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің миссиясы, мақсаты, қызметінің мәні, негізгі міндеттері,
функциялары, құқықтары мен міндеттері

      16. Миссиясы: Екібастұз қаласының жергілікті бюджетін атқару және аудандық коммуналдық мүлігін басқару саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету.
      17. Мақсаты: бюджеттік қаражатты уақытылы және толық игеру және аудандық коммуналдық меншік мүлігін тиімді пайдалану.
      18. Қызметінің мәні: қалалық деңгейде жергілікті бюджетті атқару және аудандық коммуналдық мүлікті басқару саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.
      19. Міндеттері:
      1) бюджеттің атқарылуын ұйымдастыру және бюджеттің атқарылуы бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қызметін үйлестіру;
      2) өз құзыреті шегінде аудандық коммуналдық меншікті басқару;
      3) "Екібастұз қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамамен және қала әкімдігімен жүктелген өзге де міндеттерді жүзеге асыру болып табылады.
      20. Функциялары:
      1) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын, Екібастұз қаласы бюджеті түсімдерінің және төлемдері бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын жасауды, бекітуді және жүргізуді жүзеге асырады;
      2) әкімшілік жасайтын түсімдердің толықтығы мен уақтылылығын қамтамасыз етеді және олардың түсуіне, түсімдердің артық (қате) төленген сомасын қайтаруға немесе олардың бюджетке берешектерді өтеу шотына есепке жатқызылуына мониторингті жүзеге асырады;
      3) бюджеттік қаражаттарды басқаруды жүзеге асырады;
      4) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) өткізуден түсетін өз билігінде қалатын ақша түсімдері мен шығыстарының жиынтық жоспарын келіседі;
      5) бюджеттік мониторингті жүзеге асырады;
      6) Екібастұз қаласының бюджетін атқару бойынша бухгалтерлік есепке алуды, бюджеттік есепке алу мен бюджеттік есептілікті жүргізуді іске асырады;
      7) тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша уәкілетті органмен белгіленген есептілікті жасайды;
      8) өз құзыреті шегінде аудандық коммуналдық мүлікті басқару саласында құқықтық актілерді әзірлейді;
      9) өз құзыреті шегінде аудандық коммуналдық меншікті басқару бойынша функцияларды орындайды;
      10) аудандық коммуналдық мүлiк объектiлерiнiң тiзбесiне енгiзiлген, облыстың жергiлiктi атқарушы органының алдын ала келiсiмiмен жекешелендiру жүргiзiлуi мүмкiн аудандық коммуналдық мүлiктi жекешелендiру бойынша облыстың жергiлiктi атқарушы органының алдын ала келiсiмiн алады;
      11) "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес аудандық коммуналдық мүлiктi жекешелендiру бойынша сауда-саттық өткiзу туралы хабарламаны жариялау үшiн мерзiмдi баспа басылымын айқындау жөнiнде конкурс өткiзедi;
      12) аудандық коммуналдық мүлікті аудандық коммуналдық заңды тұлғалардың атына бекіту бойынша іс-шаралар өткізеді;
      13) өз құзыреті шегінде жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталына аудандық коммуналдық мүлікті табыстау туралы актілерді әзірлейді;
      14) аудандық коммуналдық мүлiктi пайдалану туралы, оның iшiнде оны кепiлге, мүлiктiк жалдауға (жалға алуға), өтеусiз пайдалануға және сенiмгерлiкпен басқаруға беру туралы шешiмдер әзірлейді;
      15) коммуналдық меншiкке айналдырылған (түскен), Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен иесi жоқ деп танылған, мемлекетке мұрагерлiк құқығы бойынша өткен аудандық коммуналдық мүлiктiң, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен коммуналдық меншiкке өтеусiз өткiзiлген иесiз қалған мүлiктiң, олжаның, қараусыз қалған жануарлардың, құрамында мәдени құндылықтарға жататын зат жоқ көмбелердiң үлестерiн есепке алуды, сақтауды, бағалауды және одан әрi пайдалануды ұйымдастырады;
      16) аудандық коммуналдық мүлiктi жекешелендiрудi жүзеге асырады, оның iшiнде жекешелендiру процесiн ұйымдастыру үшiн делдалды тартады, жекешелендiру объектiсiн бағалауды қамтамасыз етедi, жекешелендiру объектiсiнiң сатып алу-сату шарттарын әзiрлеу мен жасасуды және сатып алу-сату шарттары талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
      17) аудандық коммуналдық мүлiктi жеке тұлғаларға және мемлекеттiк емес заңды тұлғаларға кейiннен сатып алу құқығынсыз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң меншiгiне кейiннен сатып алу құқығымен немесе кейiннен меншiгiне өтеусiз негiзде беру құқығымен мүлiктiк жалдауға (жалға алуға), сенiмгерлiкпен басқаруға бередi;
      18) жарғылық капиталға қатысу үлесі мемлекетке тиесілі жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің арасында таза табысты уақытылы бөлуді бақылуды жүзеге асырады;
      19) ведомствоға қарасты заңды тұлғаларды басқару мәселелері бойынша актілерді әзірлейді, олардың іске асуын қамтамасыз етеді;
      20) мемлекет қатысатын ведомствоға қарасты жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің даму жоспарларын және олардың орындалуы бойынша есептерді қарастырады, келіседі, бекітеді, орындалуын бақылайды талдау жасайды;
      21) ведомствоға қарасты ұйымдардың мүліктерін пайдалануды және сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
      22) заңды және жеке тұлғалардың иесіз қалған, тастап кеткен (қалдырып кеткен) жылжымалы және жылжымайтын мүліктерін анықтау, пәтерлерді иесіз жылжымайтын мүлік ретінде есепке қою бойынша жұмыстарды жүргізеді;
      23) мемлекеттік органның міндеттерімен байланысты істер бойынша жеке және өкіл арқылы талап арыздарды (өзге де өтініштерді) ұсынады және соттарда шағымданады;
      24) Екібастұз қаласының коммуналдық меншік құқығын тіркеу, тұрғын және тұрғын емес нысандарды коммуналдық меншікке қабылдау бойынша қажетті рәсімдерді жүргізеді;
      25) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес "Екібастұз қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген басқа да функцияларды жүзеге асырады.
      21. Құқықтары мен міндеттері:
      1) Екібастұз қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасынан, басқа да аумақтық органдардан, сондай-ақ бюджеттік мекемелерден бюджетке салық түсімдерінің сомасы және басқа да міндетті төлемдер, Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген нысан және мерзімде статистикалық материалдар, оның орындалуын ұйымдастыру үшін қажетті өзге де материалдар туралы ақпаратты сұрату және алу;
      2) мемлекеттік органдардан, мемлекет қатысатын заңды тұлғалардан, уәкілетті органдардан қажетті қаржылық және өзге де құжаттарды сұрату және алу;
      3) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінен бюджеттің атқарылуын ұйымдастыру үшін қажетті есептерді, есептік бухгалтерлік балансты алу;
      4) белгіленген тәртіпте бюджетті атқару, бухгалтерлік есепке алу, мемлекеттік сатып алу, аудандық коммуналдық мүлiктi басқару мәселелері бойынша семинарлар, кеңестер өткізеді;
      5) коммуналдық мемлекеттік заңды тұлғалардан, мемлекет қатысатын заңды тұлғалардан, уәкілетті органдардан аудандық коммуналдық меншіктің бар болуы және пайдалануына байланысты мәселелер бойынша ақпаратты, қажетті қаржылық және басқа да құжаттарды сұрату және алу;
      6) Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау;
      7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.

3. "Екібастұз қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің қызметiн ұйымдастыру

      22. "Екібастұз қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Екібастұз қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшысы жүзеге асырады.
      23. "Екібастұз қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Екібастұз қаласының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      24. "Екібастұз қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:
      1) "Екібастұз қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады және басшылық етеді;
      2) "Екібастұз қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің барлық қызметкерлері үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
      3) заңнамамен белгіленген тәртіпте қызметкерлерді мадақтайды, оларға материалдық көмек көрсетеді, тәртіптік жаза қолданады;
      4) "Екібастұз қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесін мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда ұсынады;
      5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шарттар жасайды және сенімхаттар береді;
      6) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жұмысты ұйымдастырады және дербес жауап береді;
      7) мемлекеттік органның төлемдерді өткізуі бойынша, соның ішінде ақша алушылардың сәйкес шоттарына қазынашылық органымен тоқсандық салыстырып тексеруді қамтамасыз етеді;
      8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      "Екібастұз қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірініші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      25. "Екібастұз қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің әкімшілігі мен еңбек ұжымының арасындағы өзара қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен және ұжымдық шартпен реттеледі.
      26. "Екібастұз қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі мен Екібастұз қаласының әкімдігі арасындағы өзара қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.
      27. "Екібастұз қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі мен тиісті саласындағы уәкілетті органының арасындағы өзара қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.

4. "Екібастұз қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкi

      28. "Екібастұз қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
      "Екібастұз қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      29. "Екібастұз қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік аудандық коммуналдық меншікке жатады.
      30. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Екібастұз қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзге де тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. "Екібастұз қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі"
мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату

      31. "Екібастұз қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

"Екібастұз қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі

      1) "Офис-сервис" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;
      2) "Екібастұз дауысы – ақпараттық орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;
      3) "Екібастұзлифт" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;
      4) "Екібастұз қаласының муниципалдық нарығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады