Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" № 410 Жарлығына сәйкес, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Екібастұз қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
2. "Екібастұз қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі:
осы қаулының ресми жариялануын заңнамамен белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін;
осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Екібастұз қаласының әкімі | А. Вербняк |
Екібастұз қаласы әкімдігінің 2015 жылғы "22" мамырдағы № 580/6 қаулысымен бекітілді |
"Екібастұз қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі"
мемлекеттік мекемесі туралы Ереже
1. Жалпы ережелер
1. "Екібастұз қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі Екібастұз қаласында кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау, қала аумағында кәсіпкерлік қызметті дамыту және инвестициялық ахуалға жағдай жасау салаcында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.2. "Екібастұз қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
3. "Екібастұз қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. "Екібастұз қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. "Екібастұз қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. "Екібастұз қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық - құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. "Екібастұз қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Екібастұз қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. "Екібастұз қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9. "Екібастұз қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 141200, Екібастұз қаласы, Мәшһүр Жүсіп көшесі, 27.
10. Мемлекеттік мекеменің толық атауы:
мемлекеттік тілде: "Екібастұз қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттiк мекемесi;
орыс тілінде: государственное учреждение "Отдел предпринимательства акимата города Экибастуза".
11. "Екібастұз қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттiк мекемесінің жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібі қағидасымен белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.
"Екібастұз қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі келесі тәртіпте белгіленеді: бес күндік жұмыс аптасында сағат 9.00-ден сағат 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
12. Мемлекет Екібастұз қаласының әкімдігі тұлғасында "Екібастұз қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы болып табылады.
13. Осы Ереже "Екібастұз қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
14. "Екібастұз қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
15. "Екібастұз қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Екібастұз қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер "Екібастұз қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджет кірісіне жіберіледі.
2. "Екібастұз қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің миссиясы, мақсаты, қызметінің мәні, негізгі
міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
16. "Екібастұз қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: Екібастұз қаласының аумағында кәсіпкерлікті дамыту және инвестициялық ахуал үшін жағдай жасау.17. "Екібастұз қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мақсаты шағын, орта кәсіпкерліктің және сауда саласының тұрақты дамуын қамтамасыз ету болып табылады.
18. "Екібастұз қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметінің мәні қалалық деңгейде кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру болып табылады.
19. Міндеттері:
1) қаланың кешенді әлеуметтік-экономикалық дамуының ағымды және перспективалық міндеттерін шешуге бағытталған кәсіпкерлік, сауда және қызмет көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты жүргізу;
2) тұтынушылық нарығына әсер ететін мемлекеттік және басқа да құрылымдардың қағидаларын дайындау және енгізу;
3) нарықтық тетіктерді одан әрі енгізу;
4) мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде инвестицияларды тарту және жаңа өндірістерді ашу үшін жағдай жасау;
5) іске асырылатын инвестициялық жобалардың мониторингісі;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
20. Функциялары:
1) шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік бағдарламаларын іске асыруға жәрдемдеседі және жүзеге асырады;
2) жобалардың өңірде Кәсіпкерлікті дамыту қартасына немесе кәсіпкерлікті дамытудың басым бағыттарына сәйкестігі туралы қорытынды немесе негізделген бас тарту береді;
3) шағын және орта кәсіпкерліктің өңірлік инфрақұрылымын дамытуға ықпал етеді;
4) бақылаушы органдармен өзара әрекет етеді, сауда және қызмет көрсету объектілерін олардың құзыретіне сәйкес қолданыстағы заңнама талаптарын, сауда ережелерін қадағалау бойынша бірлескен мониторингіге қатысу;
5) салтанатты, мерекелік, мерейтой және басқа да іс-шаралар өткізілетін күндері халыққа сауда қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді;
6) нарықтың жағдаятын және тұтынушылық баға қарқынын жүйелі зерделейді, сауда және қызмет көрсету саласында ақпарат жинайды және әлеуметтік-экономикалық жағдайдың талдауын жүргізеді;
7) тұтынушылық нарықты жоғары сапалы тауарлармен және қызмет көрсетулермен толықтыруға ықпалдасатын кәсіпкерлік қызмет субъектілеріне жан-жақты қолдау көрсету;
8) сауда және қызмет көрсету саласында қызметті жүзеге асырушы субъектілер туралы деректердің жинақ банкін жүргізеді;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тауарларды, жұмыстар мен қызмет көрсетулерді мемлекеттік сатып алуды жүргізеді;
10) "Бизнестің жол картасы - 2020" мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде шағын және орта бизнесті дамыту және қолдау бойынша шаралар ұсынады;
11) "Екібастұз қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамамен жүктелген басқа да функцияларды жүзеге асырады.
21. Құқықтары мен міндеттері:
1) "Екібастұз қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттерді орындау үшін барлық меншік нысанындағы шаруашылық субъектілерінен (келісім бойынша) ақпараттарды сұратуға және алуға;
2) "Екібастұз қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне қатысты мәселелер бойынша шағын және орта кәсіпкерлік аясындағы кәсіпорындарды тарта отырып, жиналыстарды, семинарларды шақыру;
3) шешілуі облыстық деңгейде қамтамасыз етілетін міндеттерді жүзеге асыруға байланысты, облыстық басқару органдарына ұсыныстар енгізеді;
4) семинарларда, курстарда және басқа да түрлі оқытуларда үнемі "Екібастұз қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің біліктілігін арттыру;
5) мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы жүзеге асыруды қамтамасыз ету;
6) Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарастыру;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.
3. "Екібастұз қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру
22. "Екібастұз қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Екібастұз қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.23. "Екібастұз қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Екібастұз қаласының әкімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
24. "Екібастұз қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттігі:
1) қызметкерлердің міндеттері мен өкілеттігін белгілейді;
2) заңнамаға сәйкес қызметкерлерді қызметке тағайындайды және қызметтерінен босатады;
3) белгіленген заңнама тәртібінде қызметкерлерді марапаттау, материалды көмек көрсету және тәртіптік жаза қолдану мәселелерін шешеді;
4) барлық қызметкерлер үшін міндетті бұйрықтар шығарады және тапсырмалар береді;
5) "Екібастұз қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесін мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарға ұсынады;
6) "Екібастұз қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытында шаралар қабылдайды және жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдау үшін жеке жауапты болады;
7) "Екібастұз қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің төлемдер өткізуі, соның ішінде ақша алушылардың тиісті шоттарына қазынашылық органдармен тоқсан сайын салыстырып тексеруді қамтамасыз етеді;
8) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
"Екібастұз қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
25. "Екібастұз қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің әкімшілігі мен еңбек ұжымының арасындағы өзара қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен және ұжымдық шартпен реттеледі.
26. "Екібастұз қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі мен Екібастұз қаласының әкімдігі арасындағы өзара қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.
27. "Екібастұз қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі мен тиісті саласындағы уәкілетті органының арасындағы өзара қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.
4. "Екібастұз қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік
бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі
28. "Екібастұз қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін."Екібастұз қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
29. "Екібастұз қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік аудандық коммуналдық меншікке жатады.
30. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Екібастұз қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.