"Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігінің 2015 жылғы 04 қыркүйектегі № 1054/9 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 02 қазанда № 4743 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігінің 2018 жылғы 23 қаңтардағы № 54/1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігінің 23.01.2018 № 54/1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының Үлгі ережесін бекіту туралы" № 410 Жарлығына сәйкес, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережесі бекітілсін.

      2. "Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі:

      осы қаулының ресми жариялануын заңнамамен белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін;

      осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Екібастұз қаласының әкімі А. Вербняк

  Екібастұз қаласы әкімдігінің
2015 жылғы "4" қыркүйектегі
№ 1054/9 қаулысымен
бекітілген

"Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік
жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже

1. Жалпы ережелер

      1. "Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі мемлекеттің макроэкономикалық саясатын жүргізу, Екібастұз қаласының және оның ауылдық аймағының әлеуметтік–экономикалық дамуы бойынша бағдарламалық құжаттарды, қала бюджетін әзірлеу саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
      3. "Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. "Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      5. "Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      6. "Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      7. "Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. "Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

      9. "Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 141200, Екібастұз қаласы, Екібастұз қаласының 50 жылдығы көшесі, 10.

      10. Мемлекеттік мекеменің толық атауы:

      мемлекеттік тілде: "Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі;

      орыс тілінде: государственное учреждение "Отдел экономики и бюджетного планирования акимата города Экибастуза".

      11. "Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібінің қағидасымен белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.

      "Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі келесі тәртіпте белгіленеді: бес күндік жұмыс аптасында сағат 9.00-ден сағат 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі, жексенбі.

      12. Мемлекет Екібастұз қаласының әкімдігі тұлғасында "Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы болып табылады.

      13. Осы Ереже "Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

      14. "Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

      15. "Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер "Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. "Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика
және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің миссиясы, мақсаты, қызметінің мәні,
негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      16. "Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: өз құзыреті шегінде экономикалық және бюджеттік жоспарлау саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру болып табылады.

      17. "Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мақсаты экономиканың әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша шараларды әзірлеу және экономикалық және бюджеттік жоспарлау саласындағы қызметті жүзеге асыру.

      18. "Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметінің мәні қалалық деңгейде стратегиялық, экономикалық және бюджеттік жоспарлау бойынша іс-шараларды іске асыру болып табылады.

      19. Міндеттері:

      1) Екібастұз қаласының және оның ауылдық аймағының әлеуметтік-экономикалық дамуының басым міндеттерін айқындау;

      2) мемлекеттің макроэкономикалық саясатының стратегиясына сәйкес жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіру;

      3) мемлекеттік жоспарлаудың бағдарламалық құжаттарын қалыптастыру бойынша бірыңғай және тұтас тәсілін қамтамасыз ету;

      4) әлеуметтік-экономикалық реформаны жүзеге асыру мақсатында қаржыны басқару;

      5) қаланың салықтық-бюджеттік саясатын қалыптастыру;

      6) нәтижеге бағытталған мемлекеттік жоспарлаудың, үшжылдық бюджеттік бағдарламалаудың жүйесін жетілдіру;

      7) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

      20. Функциялары:

      1) тиісті аумақтарда экономикалық және бюджеттік жоспарлау саласындағы функцияларды жүзеге асыру;

      2) әлеуметтік-экономикалық дамудың облыстық және қалалық стратегиясын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін экономиканы дамыту бойынша мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын әзірлеу;

      3) мемлекеттік жоспарлаудың бағдарламалық құжаттарына мониторинг жүргізу;

      4) орта мерзімді кезеңге әлеуметтік-экономикалық даму болжамын және бюджеттік параметрлерді әзірлеу;

      5) Екібастұз қаласының және оның ауылдық аймағының әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы мен мониторингісін жүргізу;

      6) салықтық-бюджеттік саясатты белгілеу, қала бюджетінің түсімдерін болжау және шығындарын жоспарлау;

      7) бюджеттік өтінімдерді қарастыру;

      8) қаланың үшжылдық бюджетінің жобасын әзірлеу және оның іске асырылуын қамтамасыз ету;

      9) макроэкономикалық көрсеткіштер негізінде қысқа және орта мерзімді келешекке кіріс және шығыстар жөнінде ұсыныстар жасау;

      10) Іс-шаралар жоспары шеңберінде экономикалық, инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымның дамуына бағытталған шараларды жүзеге асыру және ауылдық аумақтардың дамуына мониторинг жүргізу;

      11) мемлекеттік бюджет есебінен жүзеге асырылатын инвестициялық қызметті реттеу;

      12) мемлекеттік жоспарлаудың бағдарламалық құжаттарын әзірлеу бойынша әдістемелік басшылықты жүзеге асыру;

      13) қалалық бюджеттік комиссия қызметін қамтамасыз ету бойынша жұмысты жүзеге асыру;

      14) Екібастұз қаласының ауылдық елдi мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіп кешені мамандарына әлеуметтiк қолдауды ұсыну бойынша шараларды жүзеге асыру және әлеуметтік қолдау көрсету бойынша мемлекеттік қызмет көрсету және тиісті комиссияның жұмысын қамтамасыз ету;

      15) қолданыстағы заңнамаларға сәйкес тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік сатып алуды өткізу;

      16) Қазақстан Республикасының заңнамаларымен "Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген басқа да функцияларды жүзеге асыру.

      21. Құқықтары мен міндеттері:

      1) "Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген функцияларды орындауға қажетті мәліметтерді, анықтамаларды, құжаттар мен хабарландыруларды кәсіпорындардан, ұйымдардан және мекемелерден (келісім бойынша) сұратуға және алуға;

      2) "Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциясымен байланысты істер бойынша талап ету арыздарын ұсыну және сотта дербес және өкіл арқылы қуынушы, жауапкер немесе куәгер ретінде шығу;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау;

      4) заңнамамен белгіленген тәртіпте бюджетке салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді төлеу;

      5) өз міндеттемелері бойынша жауап беру және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жауапты болу;

      6) "Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша азаматтарды қабылдауды ұйымдастыру, азаматтардан келіп түсетін ұсыныстар мен өтініштерді қарау және оларға қатысты шешім қабылдау;

      7) шешілуі облыстық деңгейде қамтамасыз етілетін міндеттерді іске асырумен байланысты ұсыныстарды Павлодар облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына енгізу;

      8) бюджеттің жобасын жасауға, оны әзірлеу мен қорытындылауға қажетті салық салу базасы туралы ақпаратты жинауда қаланың өкілетті органдарымен жұмысты ұйымдастыру;

      9) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын қаланың бюджеттік мекемелерімен қаржылық тәртіптің сақталуы бойынша өз құзыреті шегінде бақылауды жүзеге асыру;

      10) белгіленген тәртіпте бюджеттік саясат мәселесі жөнінде жиналыстар, семинарлар өткізу;

      11) семинарларда, курстарда және өзге де оқыту түрлерінде үнемі "Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің біліктілігін арттыру;

      12) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.

3. "Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және
бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің қызметін ұйымдастыру

      22. "Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

      23. "Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Екібастұз қаласының әкімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

      24. "Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары, сектор меңгерушілері болады.

      25. "Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттігі:

      1) өз орынбасарларының, сектор меңгерушілерінің және басқа да қызметкерлердің міндеттері мен өкілеттіктерін белгілейді;

      2) заңнамаға сәйкес қызметкерлерді тағайындайды және қызметтен босатады;

      3) "Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады және басқарады, "Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және өзінің функцияларын жүзеге асыру бойынша дербес жауапты болады;

      4) белгіленген заңнама тәртібінде қызметкерлерге тәртіптік жаза қолданады;

      5) барлық қызметкерлер үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

      6) "Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытындағы жұмыстарды ұйымдастырады, шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдауға дербес жауапты болады;

      7) "Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің секторлары - құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;

      8) мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда, сондай-ақ сотта сенімхатсыз "Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесін ұсынады;

      9) "Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша азаматтарды қабылдайды, экономикалық және бюджеттік жоспарлау саласында азаматтардан келіп түскен өтініштерді қарастырады;

      10) "Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесімен төлем өткізу, соның ішінде ақша алушылардың тиісті шоттарына төлемдер өткізу бойынша қазынашылық органдарымен бірлесіп тоқсан сайын салыстырып тексеруді қамтамасыз етеді;

      11) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      "Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

      26. "Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің әкімшілігі мен еңбек ұжымының арасындағы өзара қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен және ұжымдық шартпен реттеледі.

      27. "Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі мен Екібастұз қаласының әкімдігі арасындағы өзара қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.

      28. "Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі мен тиісті саласындағы уәкілетті органының арасындағы өзара қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.

4. "Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік
жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі

      29. "Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінде заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      "Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      30. "Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік аудандық коммуналдық меншікке жатады.

      31. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. "Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және
бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік
мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату

      32. "Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады