"Ақтоғай ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Ақтоғай аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 24 ақпандағы № 31 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 17 наурызда № 4368 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақтоғай аудандық әкімдігінің 2017 жылғы 14 ақпандағы № 28 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақтоғай аудандық әкімдігінің 14.02.2017 № 28 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Жарлығына сәйкес, Ақтоғай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса берілген "Ақтоғай ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже (бұдан әрі - Ереже) бекітілсін.
      2. "Ақтоғай ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы заңнамамен белгіленген тәртіпте Ережені әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткізуді қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына міндеттелсін.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі С. Батырғұжинов

  Ақтоғай ауданы әкімдігінің
2015 жылғы "24" ақпандағы
№ 31 қаулысымен
бекітілді

"Ақтоғай ауданының ішкі саясат бөлімі"
мемлекеттік мекемесі туралы Ереже

1. Жалпы ережелер

      1. "Ақтоғай ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі Ақтоғай ауданының аумағында ішкі саясат саласында басшылық ететін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Ақтоғай ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
      3. "Ақтоғай ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекеме өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. "Ақтоғай ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. "Ақтоғай ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекеме азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. "Ақтоғай ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. "Ақтоғай ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Ақтоғай ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекеме басшысының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      8. "Ақтоғай ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекеменің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. "Ақтоғай ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің орналасқан мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 140200, Ақтоғай ауданы, Ақтоғай ауылы, Алин көшесі, 97.
      10. Мемлекеттік мекеменің толық атауы - "Ақтоғай ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі, государственное учреждение "Отдел внутренней политики Актогайского района".
      11. "Ақтоғай ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібі қағидалармен белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.
      "Ақтоғай ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі келесі тәртіпте құрылады: сағат 9.00-18.30-ға, түскі үзіліс сағат 13.00-14.30-ға, аптасына бес жұмыс күн, демалыс күндері: сенбі - жексенбі.
      12. Мемлекет Ақтоғай ауданы әкімдігі тұлғасында "Ақтоғай ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы болып табылады.
      13. Осы Ереже "Ақтоғай ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      14. "Ақтоғай ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      15. "Ақтоғай ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілерімен "Ақтоғай ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

2. "Ақтоғай ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
миссиясы, мақсаты, қызметінің мәні, негізгі міндеттері, функциялары,
құқықтары мен міндеттері

      16. "Ақтоғай ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: ауданда ішкі саяси тұрақтылықты, ел бірлігін қамтамасыз ету және тұрғындарды топтастыру жөніндегі мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.
      17. "Ақтоғай ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мақсаты Ақтоғай ауданында мемлекеттік саясатты және ішкі саясат саласындағы мемлекеттік басқарудың функцияларын жүзеге асыру болып табылады.
      18. "Ақтоғай ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметінің мәні аудан деңгейінде ішкі саяси мәселелерді реттеуге бағытталған мемлекеттік саясатты жүзеге асыру болып табылады.
      19. Негізгі міндеттері:
      1) Ақтоғай ауданы әкімдігі атқарушы органдарының қызметін үйлестіру жолымен әлеуметтік-экономикалық, мәдени және қоғамдық-саяси салаларында мемлекеттік саясатын жүзеге асыру;
      2) Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің, облыс, аудан әкімінің "Ақтоғай ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын мәселелері бойынша актілері мен тапсырмаларының орындалуын қамтамасыз ету;
      3) қоғамның демократиялық институттардың нығайтуына қатысу, Қазақстанның Стратегиялық дамуының негізгі басымдықтарын, Қазақстан халқына Мемлекет Басшысының жыл сайынғы Жолдауларын, мемлекеттік және салалық бағдарламалар мен басқа да стратегиялық құжаттарды түсіндіру мен насихаттау;
      4) қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету жөнінде ауданның атқарушы органдарымен, үкіметтік емес ұйымдарымен, қоғамдық бірлестіктерімен, саяси партияларымен әрекеттесу.
      20. Функциялары:
      1) Қазақстан Республикасы Президентінің саясатын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің бағдарламаларын, облыс және аудан әкімдіктерінің қаулыларын, облыс және аудан әкімдерінің шешімдері мен өкімдерін түсіндіру және насихаттау;
      2) аймақта болып жатқан қоғамдық-саяси үдерістерді және олардың даму тенденцияларын жан-жақты және нақты зерделеу, қорыту және талдау;
      3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен аудандық деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру, орналастыру және жүзеге асырылуын бақылау;
      4) көрнекі насихаттау құралдар мазмұнының Республиканың саяси бағыты мен қолданыстағы заңнамасына сәйкестігін бақылауды жүзеге асыру;
      5) ауданда болып жатқан қоғамдық үдірістерді талдау және реттеу, әлеуметтік зерттеулерді, қоғамдық пікір сауалнамасын жүргізу, әлеуметтік шиеленісу ошақтарын анықтау, Республика, облыс, аудан өмірінің маңызды мәселелері жөніндегі қоғамдық пікірді қалыптастыру;
      6) ауданның жастар саясатын іске асыру жөніндегі жұмысты жүргізу;
      7) Ақтоғай ауданының аумағында дінге қатысты мемлекеттің саясатын өз кезігімен жүзеге асыру, діни бірлестіктердің қарым-қатынасын реттеу саласындағы заңнаманы жүзеге асыруды қамтамасыз ету;
      8) ауданның қоғамдық-саяси, діни, жастар, үкіметтік емес бірлестерінің ақпараттық деректер қорын қалыптастыру, жинау, қорыту және жіктеу жөніндегі жұмысты жүзеге асыру;
      9) саяси партиялармен, үкіметтік емес ұйымдармен, этно-мәдени, діни бірлестіктермен, кәсіптік одақтармен өзара әрекеттесуді жүзеге асыру;
      10) халықта Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне құрметпен қарауды қалыптастыру бойынша жұмысты жүзеге асыру, Қазақстан Республикасында мемлекеттік рәміздерін қолдану мен насихаттау мәселелері бойынша ұсыныстар мен нұсқаулықтарды әзірлеу;
      11) аудандағы отбасы-демографиялық жағдайының мәселелері бойынша жұмысты жүзеге асыру, Қазақстан Республикасында гендерлік және отбасы-демографиялық саясатының негізгі бағыттары бойынша ұсыныстар мен нұсқаулықтарды әзірлеу;
      12) әкімдіктің отырыстарына және аудан әкімі жанындағы мәжілістеріне "Ақтоғай ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын мәселелері бойынша материалдарын, талдамалы жазбахаттарын, әлеуметтік сауалнамалардың нәтижелерін, ауданда болып жатқан әлеуметтік-саяси үдірістер дамуының динамикасы мен тенденциялары туралы ақпаратты дайындау;
      13) мемлекеттік тілдің жаппай қолдануына бағытталған шараларды қабылдау;
      14) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, қызметтік хат-хабар алмасуын қарауды қамтамасыз ету;
      15) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген басқа да міндеттерді жүзеге асыру.
      21. Құқықтары мен міндеттері:
      1) аудан әкімдігі, әкімі және жоғары сатыдағы ұйымдарының қарастыруына ішкі саясат саласындағы дамудың негізгі бағыттары, мәселелерді жедел шешу жөніндегі ұсыныстарды енгізу;
      2) заңнамамен белгіленген тәртіпте мемлекеттік органдарынан, жергілікті өзін-өзі басқару органдарынан және өзге де ұйымдарынан қажетті ақпаратты, құжаттарды және өзге де материалдарды сұрау және алу;
      3) "Ақтоғай ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелері бойынша мәжілістерді өткізу;
      4) "Ақтоғай ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдары мен лауазымды тұлғаларға консультациялық-әдістемелік, ақпараттық, ұйымдық-техникалық және өзге де көмек көрсетеді;
      5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.
      "Ақтоғай ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі өкілеттіліктерін орындау үшін ауданның өзге де атқарушы органдарымен және қарамағындағы ұйымдарымен өзара әрекеттеседі.

3. "Ақтоғай ауданының ішкі саясат бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру

      22. "Ақтоғай ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Ақтоғай ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бiрiншi басшы жүзеге асырады.
      23. "Ақтоғай ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес аудан әкімімен қызметіне тағайындалады және қызметінен босатылады.
      24. "Ақтоғай ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының орынбасарлары жоқ.
      25. "Ақтоғай ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттігі:
      1) "Ақтоғай ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережесін аудан әкімдігінің бекітуіне ұсынады;
      2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес "Ақтоғай ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      3) "Ақтоғай ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі барлық қызметкерлерімен орындалуы міндетті өз құзыретіне кіретін мәселелері бойынша бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
      4) жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды жүзеге асырады;
      5) қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
      6) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте "Ақтоғай ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін көтермелеуді, материалдық көмек көрсетуді, оларға тәртіптік жаза қолдануды жүзеге асырады;
      7) "Ақтоғай ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің келешектегі және ағымдағы жұмыс жоспарларын бекітеді;
      8) барлық мемлекеттік органдарда және меншік нысанына қарамастан өзге де ұйымдарда Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес "Ақтоғай ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүддесін білдіреді;
      9) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қажетті шараларды қолданады және осы үшін дербес жауапты болады;
      10) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      11) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың басшыларын көтермелеуді, оларға тәртіптік жаза қолдануды жүзеге асырады;
      12) өз құзыреті шегінде шарттар, келісімдерді жасайды;
      13) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 409-бабының 1-тармағымен көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар жасайды;
      14) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асырады.
      "Ақтоғай ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      26. "Ақтоғай ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі мен еңбек ұжымының арасындағы қарым - қатынастары Қазақстан Республикасы Еңбек кодексіне және ұжымдық шартқа сәйкес белгіленеді.
      27. "Ақтоғай ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі мен коммуналдық мүлікті басқару бойынша уәкілетті органының (аудан әкімдігі атқарушы органы) арасындағы өзара қарым-қатынастары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамамен реттеледі.
      28. "Ақтоғай ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі мен тиісті саласындағы уәкілетті органының арасындағы қарым-қатынастары қолданыстағы заңнамамен реттеледі.

4. "Ақтоғай ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі

      29. "Ақтоғай ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшаулаған мүлкі болу мүмкін.
      30. "Ақтоғай ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлкі және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырады.
      31. "Ақтоғай ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік аудандық коммуналдық меншікке жатады.
      32. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Ақтоғай ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілімен билік етуге құқығы жоқ.

5. "Ақтоғай ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемені
қайта ұйымдастыру және қысқарту (тарату)

      33. "Ақтоғай ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және қысқарту Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
      34. "Ақтоғай ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекеменің таратылған кезде кредиторлардың талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған мүлік аудандық коммуналдық меншікте қалады.

"Ақтоғай ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
қарамағындағы ұйымдардың тізбесі

      35. "Ақтоғай ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қарамағында мынадай ұйымдар бар:
      1. "Ауыл тынысы" және "Пульс села" аудандық газеттерінің редакциясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;
      2. "Ақтоғай ауданы ішкі саясат бөлімінің "Жас Қанат" жастар бастамаларын дамыту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады