"Ақтоғай ауданы Шолақсор ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Ақтоғай аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 6 мамырдағы № 113 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 25 мамырда № 4484 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақтоғай аудандық әкімдігінің 2017 жылғы 20 маусымдағы № 145 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақтоғай аудандық әкімдігінің 20.06.2017 № 145 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының Үлгі ережесін бекіту туралы" Жарлығына сәйкес, Ақтоғай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Ақтоғай ауданы Шолақсор ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже (бұдан әрі - Ереже) бекітілсін.

      2. "Ақтоғай ауданы Шолақсор ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте Ережені әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткізуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі С. Батырғұжинов

  Ақтоғай ауданы әкімдігінің
2015 жылғы "6" мамырдағы
№ 113 қаулысымен
бекітілді

"Ақтоғай ауданы Шолақсор ауылдық округі әкімінің аппараты"
мемлекеттік мекемесі туралы Ереже

1. Жалпы ережелер

      1. "Ақтоғай ауданы Шолақсор ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Ақтоғай ауданы Шолақсор ауылдық округінің аумағында жергілікті мемлекеттік басқару саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. "Ақтоғай ауданы Шолақсор ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.

      3. "Ақтоғай ауданы Шолақсор ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекеме өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. "Ақтоғай ауданы Шолақсор ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      5. "Ақтоғай ауданы Шолақсор ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекеме азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      6. "Ақтоғай ауданы Шолақсор ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      7. "Ақтоғай ауданы Шолақсор ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Ақтоғай ауданы Шолақсор ауылдық округі әкімінің шешімдерімен және өкімдерімен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. "Ақтоғай ауданы Шолақсор ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекеменің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

      9. "Ақтоғай ауданы Шолақсор ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің орналасқан мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 140200, Ақтоғай ауданы, Шолақсор ауылы, Целинная көшесі, 18.

      10. Мемлекеттік мекеменің толық атауы - "Ақтоғай ауданы Шолақсор ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі, государственное учреждение "Аппарат акима Шолаксорского сельского округа Актогайского района".

      11. "Ақтоғай ауданы Шолақсор ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібі қағидаларымен белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.

      "Ақтоғай ауданы Шолақсор ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі келесі тәртіпте құрылады: сағат 9.00-18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-14.30-ға дейін, аптасына бес жұмыс күн, демалыс күндері: сенбі-жексенбі.

      12. Мемлекет Ақтоғай ауданының әкімдігі тұлғасында "Ақтоғай ауданы Шолақсор ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы болып табылады.

      13. Осы Ереже "Ақтоғай ауданы Шолақсор ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

      14. "Ақтоғай ауданы Шолақсор ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

      15. "Ақтоғай ауданы Шолақсор ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілерімен "Ақтоғай ауданы Шолақсор ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

2. "Ақтоғай ауданы Шолақсор ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік
мекемесінің миссиясы, мақсаты, қызметінің мәні, негізгі міндеттері, функциялары,
құқықтары мен міндеттері

      16. "Ақтоғай ауданы Шолақсор ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: Ақтоғай ауданы Шолақсор ауылдық округінің аумағында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.

      17. "Ақтоғай ауданы Шолақсор ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің мақсаты ауылдық округ әкімінің Ақтоғай ауданы Шолақсор ауылдық округінің аумағында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру жөніндегі қызметін қамтамасыз ету болып табылады.

      18. "Ақтоғай ауданы Шолақсор ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі қызметінің мәні Ақтоғай ауданы Шолақсор ауылдық округі әкімінің қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету болып табылады.

      19. Негізгі міндеттері:

      1) қоғамдық келісім, саяси тұрақтылығы мен қазақстандық отансүйгіштіктің конституциялық қағидаттарын жүзеге асыруында жәрдемдесу;

      2) Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, облыс және аудан әкімдігінің қаулыларын, облыс және аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерінің орындалуын ұйымдастыру және қамтамасыз ету;

      3) Ақтоғай ауданы Шолақсор ауылдық округі әкімінің нормашығармашылық қызметін қамтамасыз ету;

      4) жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен, қоғамдық ұйымдармен және бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара әрекеттесу.

      20. Функциялары:

      1) Ақтоғай ауданы Шолақсор ауылдық округі әкімінің қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады;

      2) азаматтар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкіметі актілерінің, орталық және жергілікті мемлекеттік органдар нормативтік құқықтық актілерінің нормаларын орындауына жәрдемдеседі;

      3) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды, олардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнiнде шаралар қолданады;

      4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен қызметтік құжаттардың қаралуын қамтамасыз етеді;

      5) мемлекеттік тілді барынша дамытуға бағытталған шараларды қабылдайды, оның халықаралық беделін нығайтады;

      6) салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді жинауға жәрдемдеседі;

      7) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаға сәйкес өз құзыреті шегінде нотариаттық іс-әрекеттерді жүзеге асырады;

      8) коммуналдық тұрғын үй қорының сақталуын, сондай-ақ, автомобиль жолдарының пайдаланылуы мен күтіп ұсталуын қамтамасыз етедi;

      9) қоғамдық көлiк қозғалысын ұйымдастырады;

      10) шаруа және (немесе) фермер қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсiпкерлiк қызметтi дамытуға жәрдемдеседi;

      11) жергiлiктi әлеуметтiк инфрақұрылымның дамуына жәрдемдеседі;

      12) елді мекендерді абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;

      13) тарихи және мәдени мұраны сақтау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;

      14) табысы аз тұлғаларды анықтайды, мемлекеттік органдарға еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөнінде ұсыныстар енгізеді, жалғызілікті қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйінде қызмет көрсетуді ұйымдастырады;

      15) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғаларды жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етеді және өзге де әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетеді;

      16) халықтың әлеуметтiк жағынан әлсіз топтарына қайырымдылық көмек көрсетуді үйлестіреді;

      17) қоғамдық жұмыстарды, жастар практикасын және әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырады;

      18) кәсіпқой емес медиаторлардың тізілімін жүргізеді;

      19) өз құзыретi шегiнде әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет, жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру мәселелері жөніндегі, сондай-ақ азаматтық қорғау саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;

      20) шұғыл медициналық көмек көрсету қажет болған жағдайда ауруларды дәрігерлік көмек көрсететін таяу жердегі денсаулық сақтау ұйымына дейін жеткізіп салуды ұйымдастырады;

      21) жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара әрекеттеседі;

      22) шаруашылықтар бойынша есепке алуды жүзеге асырады;

      23) құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтар мен ұйымдарды есепке алуды жүргізеді, оларды көтермелеудің түрлері мен тәртібін айқындайды;

      24) туысы жоқ адамдарды жерлеуді және зираттар мен өзге де жерлеу орындарын тиісті қалпында күтіп-ұстау жөніндегі қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады;

      25) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсетеді;

      26) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.

      21. Құқықтары мен міндеттері:

      1) аудан әкімдігінің, әкімінің және жоғары сатыдағы ұйымдардың қарауына Ақтоғай ауданы Шолақсор ауылдық округі дамуының негізгі бағыттары, мәселелерді жедел шешу жөніндегі ұсыныстарды енгізу;

      2) заңнамамен белгіленген тәртіпте мемлекеттік органдардан, жергілікті өзін-өзі басқару органдарынан және өзге де ұйымдардан қажетті ақпаратты, құжаттарды және өзге де материалдарды сұрау және алу;

      3) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттеріне сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету;

      4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.

      "Ақтоғай ауданы Шолақсор ауылдық округ әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі өкілеттіліктерін орындау үшін ауданның өзге де атқарушы органдары, ұйымдары мен мекемелерімен өзара әрекеттеседі.

3. "Ақтоғай ауданы Шолақсор ауылдық округі әкімінің аппараты"
мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру

      22. "Ақтоғай ауданы Шолақсор ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Ақтоғай ауданы Шолақсор ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын Шолақсор ауылдық округінің әкімі жүзеге асырады.

      23. Ақтоғай ауданы Шолақсор ауылдық округінің әкімі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тағайындалады және қызметінен босатылады.

      24. Ақтоғай ауданы Шолақсор ауылдық округі әкімінің орынбасарлары жоқ.

      25. Ақтоғай ауданы Шолақсор ауылдық округі әкімінің өкілеттігі:

      1) "Ақтоғай ауданы Шолақсор ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы Ережесін аудан әкімдігінің бекітуіне ұсынады;

      2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес "Ақтоғай ауданы Шолақсор ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      3) "Ақтоғай ауданы Шолақсор ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің барлық қызметкерлерімен орындалуы міндетті өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша шешімдер, өкімдер қабылдайды және нұсқаулар береді;

      4) жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды жүзеге асырады;

      5) қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;

      6) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте "Ақтоғай ауданы Шолақсор ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін көтермелеуді, материалдық көмек көрсетуді, оларға тәртіптік жаза қолдануды жүзеге асырады;

      7) "Ақтоғай ауданы Шолақсор ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің келешектегі және ағымдағы жұмыс жоспарларын бекітеді;

      8) барлық мемлекеттік органдарда және меншік нысанына қарамастан өзге де ұйымдарда Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес "Ақтоғай ауданы Шолақсор ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің мүддесін білдіреді;

      9) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қажетті шараларды қолданады және осы үшін дербес жауапты болады;

      10) өз құзыреті шегінде шарттар, келісімдерді жасайды;

      11) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды және Ақтоғай ауданы Шолақсор ауылдық округінің аумағында жасалған әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жазалар қолданады;

      12) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асырады.

      Ақтоғай ауданы Шолақсор ауылдық округі әкімінің болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

      26. "Ақтоғай ауданы Шолақсор ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі мен еңбек ұжымының арасындағы қарым-қатынастары Қазақстан Республикасы Еңбек кодексіне және ұжымдық шартқа сәйкес белгіленеді.

      27. "Ақтоғай ауданы Шолақсор ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі мен коммуналдық мүлікті басқару бойынша уәкілетті органының (аудан әкімдігі атқарушы органы) арасындағы өзара қарым-қатынастары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамамен реттеледі.

      28. "Ақтоғай ауданы Шолақсор ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі мен тиісті саласындағы уәкілетті органның арасындағы қарым-қатынастары қолданыстағы заңнамамен реттеледі.

4. "Ақтоғай ауданы Шолақсор ауылдық округі әкімінің аппараты"
мемлекеттік мекемесінің мүлкі

      29. "Ақтоғай ауданы Шолақсор ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшаулаған мүлкі болу мүмкін.

      30. "Ақтоғай ауданы Шолақсор ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлкі және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырады.

      31. "Ақтоғай ауданы Шолақсор ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік аудандық коммуналдық меншікке жатады.

      32. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Ақтоғай ауданы Шолақсор ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. "Ақтоғай ауданы Шолақсор ауылдық округі әкімінің аппараты"
мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және қысқарту (тарату)

      33. "Ақтоғай ауданы Шолақсор ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және қысқарту Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      34. "Ақтоғай ауданы Шолақсор ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекеменің таратылған кезде кредиторлардың талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған мүлік аудандық коммуналдық меншікте қалады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады