"Ақтоғай ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 2015 жылғы 28 шілдедегі № 205 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 06 тамызда № 4646 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақтоғай аудандық әкімдігінің 2017 жылғы 20 маусымдағы № 145 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақтоғай аудандық әкімдігінің 20.06.2017 № 145 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Жарлығына сәйкес, Ақтоғай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса берілген "Ақтоғай ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережесі (бұдан әрі - Ереже) бекітілісін.

      2. "Ақтоғай ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы заңнамамен белгіленген тәртіпте Ережені әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткізуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына міндеттелсін.

      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі С. Батырғұжинов

  Ақтоғай ауданы
әкідігінің 2015 жылғы
"28" шілдедегі № 205
қаулысымен
бекітілді

"Ақтоғай ауданының жер қатынастары бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің Ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. "Ақтоғай ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Ақтоғай ауданының аумағында жер қатынастары саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. "Ақтоғай ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.

      3. "Ақтоғай ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекеме өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. "Ақтоғай ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      5. "Ақтоғай ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекеме азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      6. "Ақтоғай ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      7. "Ақтоғай ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Ақтоғай ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекеме басшысының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. "Ақтоғай ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекеменің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

      9. "Ақтоғай ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің орналасқан мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 140200, Ақтоғай ауданы, Ақтоғай ауылы, Абая көшесі, 77.

      10. Мемлекеттік мекеменің толық атауы - "Ақтоғай ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі, государственное учреждение "Отдел земельных отношений Актогайского района".

      11. "Ақтоғай ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібі қағидалармен белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.

      "Ақтоғай ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі келесі тәртіпте құрылады: сағат 9.00 - 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00 – 14.30-ға дейін, аптасына бес жұмыс күн, демалыс күндері: сенбі - жексенбі.

      12. Мемлекет Ақтоғай ауданы әкімдігі тұлғасында "Ақтоғай ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы болып табылады.

      13. Осы Ереже "Ақтоғай ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

      14. "Ақтоғай ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

      15. "Ақтоғай ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілерімен "Ақтоғай ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

2. "Ақтоғай ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің миссиясы, мақсаты, қызметінің мәні, негізгі
міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      16. "Ақтоғай ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: Ақтоғай ауданында жер қатынастары саласында мемлекеттік саясатты жүргізу.

      17. "Ақтоғай ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мақсаты аудандық деңгейде жер қатынастары мәселелері бойынша мемлекеттік саясатты жүзеге асыру болып табылады.

      18. "Ақтоғай ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметінің мәні Ақтоғай ауданының аумағында жер қатынастарын реттеу мәселелерінде мемлекеттік саясатты жүзеге асыру болып табылады.

      19. Негізгі міндеттері:

       жер қатынастары саласын реттеуде бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізеді, жер ережелерінін заңдылықтарын қатаң сақтау;

       жер мониторингін жүргізуді ұйымдастырады, бар жерлердің және оны санаттары бойынша пайдалануды, жер телімдерінің меншігі, бұзылған жерлерді қайта өңдеу, топырақтың құнарлы қабатын алу және пайдалану жөнінде жыл сайын аудандық есепті жасау;

       жер қатынастары саласында мемлекеттік мүддені қорғау.

      20. Функциялары:

      1) иесі жоқ жер учаскелерін анықтау және оларды есепке алу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;

      2) жер қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

      3) ауданның, жергілікті атқарушы органының жер учаскелерін беру және олардың нысаналы мақсатын өзгерту жөніндегі ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын дайындау;

      4) жер қойнауын пайдаланудың мемлекеттік геологиялық зерттеуге және барлауға байланысты мақсаттары үшін жер учаскелерін беру жөніндегі ауданның атқарушы органының ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын дайындау;

      5) мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығару жөнінде ұсыныстар дайындау;

      6) жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау;

      7) мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту;

      8) жерге орналастыруды жүргізуді ұйымдастыру және жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту;

      9) жерді аймақтарға бөлу жобаларын және ауданның жерін ұтымды пайдалану жөніндегі бағдарламаларды, жобалар мен сызбаларды әзірлеуді ұйымдастыру;

      10) елді мекендер аумағының жер-шаруашылық орналастыру жобаларын әзірлеуді ұйымдастыру;

      11) жер сауда-саттығын (конкурстар, аукциондар) жүргізуді ұйымдастыру;

      12) жерді пайдалану мен қорғау мәселелерін қазғайтын аудандық бағдарламалардың, жобалар мен схемаларға сараптамасын жүргізу;

      13) ауданның жер теңгерімін жасау;

      14) жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың, сондай-ақ жер құқығы қатынастарының басқа да субъектілерінің есебін жүргізу;

      15) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің төлқұжаттарын беру;

      16) жер учаскесін сатып алу-сату шарттары мен жалдау және жерді уақытша өтеусіз пайдалану шарттарын жасасу және жасалған шарттар талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру;

      17) ауданның жергілікті атқарушы органының іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беру жөнінде ұсыныстар дайындау;

      18) ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екіншісіне ауыстыру жөнінде ұсыныстар дайындау;

      19) жерді резервке калдыру жөніндегі ұсыныстар дайындау;

      20) жер қадастрлық жоспарды бекіту;

      21) пайдаланылмайтын және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзып пайдаланған жерлерді анықтау;

      22) Қазақстан Республикасынның заңнамасында белгіленген тәртіппен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, қызметтік құжаттарын қарауды қамтамасыз ету;

      23) мелекеттік тілдің жаппай қолдануына бағытталған шараларды қабылдайды, оның халықаралық беделін бекіту;

      24) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыру.

      21. Құқықтары мен міндеттері:

      1) аудан әкімдігі, әкімі және жоғары сатыдағы ұйымдарының қарастыруға жер қатынастары саласында дамудың негізгі бағыттары, мәселелерді жедел шешу жөніндегі ұсыныстарды енгізу;

      2) заңнамамен белгіленген тәртіпте мемлекеттік органдарынан, жергілікті өзін-өзі басқару органдарынан және өзге де ұйымдарынан қажетті ақпаратты, құжаттарды және өзге де материалдарды сұрау және алу;

      3) мемлекеттік қызметтер стандарттары мен регламенттеріне сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету;

      4) "Ақтоғай ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелері бойынша мәжілістерді өткізу;

      5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.

      "Ақтоғай ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі өкілеттіліктерін орындау үшін ауданның өзге де атқарушы органдарымен және қарамағындағы ұйымдарымен өзара әрекеттеседі.

3. "Ақтоғай ауданының жер қатынастары бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру

      22. "Ақтоғай ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Ақтоғай ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бiрiншi басшы жүзеге асырады.

      23. "Ақтоғай ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес аудан әкімімен қызметіне тағайындалады және қызметінен босатылады.

      24. "Ақтоғай ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының орынбасарлары жоқ.

      25. "Ақтоғай ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттігі:

      1) "Ақтоғай ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережесін аудан әкімдігінің бекітуіне ұсынады;

      2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес "Ақтоғай ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      3) "Ақтоғай ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі барлық қызметкерлерімен орындалуы міндетті өз құзыретіне кіретін мәселелері бойынша бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

      4) жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды жүзеге асырады;

      5) қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;

      6) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте "Ақтоғай ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін көтермелеуді, материалдық көмек көрсетуді, оларға тәртіптік жаза қолдануды жүзеге асырады;

      7) "Ақтоғай ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің келешектегі және ағымдағы жұмыс жоспарларын бекітеді;

      8) барлық мемлекеттік органдарда және меншік нысанына қарамастан өзге де ұйымдарда Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес "Ақтоғай ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүддесін білдіреді;

      9) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қажетті шараларды қолданады және осы үшін дербес жауапты болады;

      10) өз құзыреті шегінде шарттар, келісімдерді жасайды;

      11) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асырады.

      "Ақтоғай ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

      26. "Ақтоғай ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі мен еңбек ұжымының арасындағы қарым-қатынастары Қазақстан Республикасы Еңбек кодексіне және ұжымдық шартқа сәйкес белгіленеді.

      27. "Ақтоғай ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі мен коммуналдық мүлікті басқару бойынша уәкелетті органының (аудан әкімдігі атқарушы органы) арасындағы өзара қарым-қатынастары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.

      28. "Ақтоғай ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі мен тиісті саласындағы уәкілетті органының арасындағы қарым-қатынастары қолданыстағы заңнамамен реттеледі.

4. "Ақтоғай ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекеменің мүлкі

      29. "Ақтоғай ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшаулаған мүлкі болу мүмкін.

      30. "Ақтоғай ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлкі және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырады.

      31. "Ақтоғай ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік аудандық коммуналдық меншікке жатады.

      32. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Ақтоғай ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілімен билік етуге құқығы жоқ.

5. "Ақтоғай ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемені
қайта ұйымдастыру және қысқарту (тарату)

      33. "Ақтоғай ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және қысқарту Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      34. "Ақтоғай ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекеменің таратылған кезде кредиторлардың талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған мүлік аудандық коммуналдық меншікте қалады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады