Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Баянауыл аудандық әкімдігінің 07.09.2018 № 239/9 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" № 410 Жарлығына сәйкес Баянауыл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса берілген "Баянауыл ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже (одан әрі - Ереже) бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Н. Күлжан |
Баянауыл ауданы әкімдігінің 2015 жылғы "13" ақпандағы № 35/2 қаулысымен бекітілді |
"Баянауыл ауданының дене тәрбиесі және спорт
бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже
1. Жалпы ережелер
1. "Баянауыл ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының дене денетәрбиесі және спорт саласында мемлекеттік басқару органы болып табылады.
2. "Баянауыл ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
3. "Баянауыл ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасы Заңдарына және Конституциясына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, басқа да құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. "Баянауыл ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі ұйымдастырушылық-құқықтық нысандағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөрі және бұрыштамасы, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазынашылық органдарда есеп-шоттары бар.
5. "Баянауыл ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі.
6. "Баянауыл ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамаға сәйкес өкілеттілігі болған жағдайда мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастар тарапынан сөйлеуге құқығы бар.
7. "Баянауыл ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіпте өз құзыретіндегі мәселелер бойынша "Баянауыл ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының рәсімделетін бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған басқа да актілермен шешім қабылдайды.
8. "Баянауыл ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы және штаттық санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 140300, Баянауыл ауданы, Баянауыл ауылы, Сәтбаев көшесі, 47.
10. "Баянауыл ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттiк мекемесiнің жұмыс тәртібі: дүйсенбі-жұма сағат 9-00-ден сағат 18-30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13-00-ден сағат 14-30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі-жексенбі.
11. Мемлекеттік мекеменің мемлекеттік тілдегі толық атауы – "Баянауыл ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
Мемлекеттік мекеменің орыс тіліндегі толық атауы – государственное учреждение "Отдел физической культуры и спорта Баянаульского района".
12. Баянауыл ауданының әкiмдiгi мемлекет атынан "Баянауыл ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттiк мекемесiнің құрылтайшысы болып табылады.
13. Осы Ереже "Баянауыл ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
14. "Баянауыл ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметінің қаржыландырылуы жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
15. "Баянауыл ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесіне мемлекеттік мекеменің міндеттері болып табылатын кәсіпкерлік субъектілермен "Баянауыл ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің міндеттерін орындау барысында келісімшарттық қарым-қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер "Баянауыл ауданының дене денетәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен табыс әкелетін қызметтерді жүзеге асыру құқығы берілсе онда бұл қызметтерден түскен табыстар мемлекеттік бюджетке бағытталады.
2. "Баянауыл ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің мисиясы, мақсаты, қызметінің мәні,
негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
16. Мисиясы "Баянауыл ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі аудандық деңгейде дене денетәрбиесі және спорт облысындағы мемлекеттік саясатты жүргізу болып табылады.
17. "Баянауыл ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мақсаты аудандық деңгейде дене денетәрбиесі және спорт салаларындағы іс-шараларды іске асыру.
18. "Баянауыл ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттiк мекемесiнің мәні дене денетәрбиесі және спорт кешенiнiң жұмысын ұйымдастыру, мониторингiн жүргiзу, үйлестiру мәселелерiнде іс-шараларды аудандық деңгейде өткізу болып табылады.
19. Міндеттері:
бағдарламалық құжаттарды әзірлеу;
дене денетәрбиесі және спорт мәселелері бойынша жергілікті бюджеттен қаржыландыратын атқарушы органдар қызметін үйлестіру;
тұрғындарды дене денетәрбиесі және спортпен айналасуға тарту.
20. Функциялары:
1) жеке адамдардың тұрғылықты жері бойынша және олардың көпшілік демалу орындарында спортпен шұғылдануы үшін инфрақұрылым жасайды;
2) аккредиттелген жергілікті спорт федерацияларымен бірлесіп, спорт түрлерi бойынша аудандық спорттық жарыстарды өткiзедi;
3) спорт түрлерi бойынша аудандық құрама командаларды даярлауды және олардың облыстық спорттық жарыстарға қатысуын қамтамасыз етедi;
4) аудан аумағында бұқаралық спортты және ұлттық спорт түрлерiн дамытуды қамтамасыз етеді;
5) аудан аумағында аудандық дене шынықтыру-спорт ұйымдарының қызметiн үйлестiредi;
6) спортшыларға: 2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 2-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік-разрядты спортшы спорттық разрядтарын береді;
7) мынадай: бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешiсi біліктілік санаттарын береді;
8) спорттық-бұқаралық iс-шаралардың бірыңғай өңірлік күнтiзбесін iске асырады;
9) аудан аумағында спорттық iс-шараларды ұйымдастыруды және өткiзудi үйлестiредi;
10) аудан аумағында дене шынықтыру мен спортты дамыту жөніндегі ақпаратты жинауды, талдауды жүзеге асырады және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нысанда және мерзімдерде облыстың жергілікті атқарушы органына ұсынады;
11) аккредиттелген өңірлік және жергілікті спорт федерацияларының ұсыныстары бойынша спорт түрлері бойынша аудандық құрама командаларының тізімдерін қалыптастырады және бекітеді;
12) ресми дене шынықтыру және спорт іс-шараларын медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
13) дене шынықтыру және спорт іс-шараларын өткізу кезінде қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді;
14) аудан аумағында спорт ғимараттарын салу мәселелерін үйлестіреді және олардың халыққа қолжетімді болуын қамтамасыз етеді;
15) спорт ұйымдарына әдістемелік және консультациялық көмек көрсетеді;
16) аудандық мамандандырылмаған балалар-жасөспірімдер мектептерінің қызметін қамтамасыз етеді;
17) жергілікті мемлекеттік басқару мүдделерінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
21. Құқықтары мен міндеттері:
1) "Баянауыл ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің алдына қойылған міндеттерді орындауға байланысты мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен, ұйымдармен, кәсіпорындармен, лауазымды тұлғалармен және азаматтармен келісім бойынша бекітілген тәртіпте қажетті ақпаратты сұрауға және алуға;
2) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын басқа да атқарушы органдар басшыларының келісімі бойынша, мамандарды жұмысқа тарту;
3) мемлекеттік органдарда, сотта "Баянауыл ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызығушылығын ұсыну;
4) өз құзыреттілігі шегінде келісімдерді, шарттарды жасасу;
5) мемлекеттік органдарының лауазымды тұлғаларына және басқа да ұйымдарға дене тәрбиесі және спорт мәселелері бойынша бекітілген қолданыстағы заңнама тәртібінде ұйымдастырушылық-әдістемелік, ақпараттық-аналитикалық және басқа да көмек көрсету;
6) дене тәрбиесі және спортты ұйымдастыру мәселелері бойынша ауданның мемлекеттік мекемелерінің қызметін үйлестіру;
7) аудандық спорттық жарыстарын ұйымдастыру және өткізілуі мен дайындығына қатысу.
3. "Баянауыл ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру
22. "Баянауыл ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесін басқару, Баянауыл ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген өз функциясындағы міндеттерінің орындалуына жеке жауапкершілік басшымен жүзеге асырылады.
23. "Баянауыл ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Баянауыл ауданы әкімімен лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатылады.
24. "Баянауыл ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі бөлім басшысының өкілеттілігі:
1) "Баянауыл ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметінің басшылығын жүзеге асырады;
2) "Баянауыл ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі мен құрал жабдықтарын басқарады және бөлімнің іс жағдайына арнайы жауапты болады;
3) "Баянауыл ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің өкілеттік және функционалдық міндеттерін анықтайды;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес "Баянауыл ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттік мекеме қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
5) "Баянауыл ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттік мекеме қызметкерлеріне белгіленген заңнамалар тәртібімен тәртіптік жаза салады;
6) "Баянауыл ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі мемлекеттік мекеме бойынша бұйырықтар шығарады;
7) "Баянауыл ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі құрылымдық бөлімшелерінің міндеттерін анықтайды;
8) қолданыстағы заңнамаға сәйкес барлық органдар мен ұйымдарда "Баянауыл ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесін білдіреді;
9) "Баянауыл ауданының дене денетәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттік мекеменің құзырына кіретін мәселелер бойынша белгіленген тәртіпте кеңес шақырады;
10) өз өкілеттілігі шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етуге міндетті және Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының талаптарын бұзғандығы үшін жеке жауапкершілікке тартылады;
11) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да өкілеттікті жүзеге асырады.
"Баянауыл ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының болмау кезеңінде өкілеттілікті орындау қолданыстағы заңнамаға сәйкес оның ауыстырушымен жүзеге асырылады.
25. "Баянауыл ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттiк мекемесi мен коммуналдық мүлікті басқару бойынша уәкілетті органның (жергілікті атқарушы органның) өзара қарымқатынастары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.
26. "Баянауыл ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттiк мекемесi мен тиісті саладағы уәкілетті органның (жергілікті атқарушы органның) өзара қарым-қатынастары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.
27. "Баянауыл ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттiк мекемесiнің әкімшілігі мен оның еңбек ұжымының өзара қарым-қатынастары Қазақстан Республикасының Еңбек кодексімен және ұжымдық шартпен реттелед.
4. "Баянауыл ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің мүлкі
28. "Баянауыл ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада көрсетілген жағдайда, жедел басқару құқығындағы жекешеленген мүлікке ие бола алады.
"Баянауыл ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлігі меншік иесі берген мүлік есебінен, сонымен бірге (ақшалай табысты қосқанда) Қазақстан Республикасы заңнамасында тыйым салынбаған қызмет және басқа да көздер нәтижесінде сатып алудан қалыптасады.
29. "Баянауыл ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
30. "Баянауыл ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі басқа да заңнамада белгіленбеген қаржыландыру жоспары бойынша бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өздігінен иеленуге немесе иелігінен шығаруға құқығы жоқ.
5. "Баянауыл ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі"
мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және қысқарту (тарату)
31. "Баянауыл ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және қысқарту Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
32. "Баянауыл ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттiк мекемесi таратылған кезде, кредиторлардың талаптарын қанағаттандырғаннан кейiн қалған мүлiк аудандық коммуналдық меншiкте қалады.