Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6–бабының 2–3–тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Баянауыл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Баянауыл аудандық мәслихатының 2014 жылғы 30 сәуірдегі "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Баянауыл ауданының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" № 165/32 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 05 мамырда № 3789 тіркелген, 2014 жылғы 23 мамырдағы "Баянтау" аудандық газетінде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Көрсетілген шешіммен бекітілген, әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Баянауыл ауданының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларының қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.
2. Шешімнің орындалуын бақылау Баянауыл аудандық мәслихаттың әлеуметтік–экономикалық даму мәселелері жоспар мен бюджет және әлеуметтік саясат жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | А. Ерманов |
Аудандық мәслихаттың хатшысы | Т. Қасен |
Алушылар санатының тізбесі мен
әлеуметтік көмектің шекті мөлшері
1. Мынадай санаттағы азаматтардың әлеуметтік көмек алуға құқығы бар:1) Ұлы Отан соғысының (бұдан әрі – ҰОС) қатысушылары мен мүгедектері;
2) Жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан ҰОС қатысушыларға теңестірілген адамдар атап айтқанда:
басқа мемлекеттердің аумақтарындағы ұрыс қимылдарына қатысушылар, атап айтқанда, бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы (бұдан әрі – Кеңестік СРО) үкімет органдарының шешімдеріне сәйкес басқа мемлекеттің аумақтарындағы ұрыс қимылдарына қатысқан – Совет Армиясының, Әскери-Теңіз флотының, Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің әскери қызметшілері, бұрынғы Кеңестік СРО Ішкі істер министрлігінің қатардағы және басқарушы құрамының адамдары (әскери мамандар мен кеңесшілерді қоса есептегенде); жаттығу жиындарына шақырылып, ұрыс қимылдары жүріп жатқан кезде Ауғанстанға жіберілген әскери міндеттілер; ұрыс қимылдары жүріп жатқан осы елге жүк жеткізу үшін Ауғанстанға жіберілген автомобиль батальондарының әскери қызметшілері;
бұрынғы Кеңестік СРО–ның аумағынан Ауғанстанға жауынгерлік тапсырмаларды орындау үшін ұшулар жасаған ұшу құрамының әскери қызметшілері; Ауғанстандағы кеңес әскери құрамына қызмет көрсеткен жараланған, контузия алған немесе зақымданған, яғни ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы Кеңестік СРО – ның ордендерімен және медальдерімен наградталған жұмысшылар мен қызметшілер;
1986 – 1987 жылдары Чернобыль атомдық электростанциясындағы (бұдан әрі – Чернобыль АЭС) апаттың, сондай-ақ азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан, сондай–ақ ядролық сынақтар мен жаттығуларға тікелей қатысқан адамдар;
3) ҰОС мүгедектеріне берілетін жеңілдіктер мен әлеуметтік көмектерге теңестірілгендерге, атап айтқанда:
бұрынғы Кеңестік СРО – ғын қорғау кезінде, әскери қызметтің өзге де міндеттерін басқа уақытта орындау кезінде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан немесе майданда болуына байланысты сондай–ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргізілген мемлекеттерде әскери міндетін өтеу кезінде ауруға шалдығуы садарынан мүгедек болған әскери қызметшілер;
әскери міндетін орындау кезінде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан, яғни майданда болуына немесе ұрыс қимылдары жүргізілген мемлекеттерде әскери міндетін орындауына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған бұрынғы Кеңестік СРО–ның мемлекеттік қауіпсіздік органдарының және ішкі істер органдарының басшы және қатардағы құрамындағы адамдар;
Чернобыль АЭС – індегі апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық қаруды сынаудың салдарынан мүгедек болған адамдар, сондай-ақ ата–анасының бірінің радиациялық сәуле алуы себебінен генетикалық жағынан мүгедек болып қалған олардың балалары;
4) Жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша ҰОС қатысушыларына теңестірілген тұлғалар, атап айтқанда;
Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа мемлекеттердегі ұрыс қимылдары кезеңінде жараланудың, контузия алудың, зақымданудың немесе ауруға шалдығудың салдарынан қаза тапқан (хабар – ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшілердің отбасы;
қайтыс болған соғыс мүгедектерінің және соларға теңестірілген мүгедектердің әйелдері (күйеулері), сондай–ақ қайтыс болған соғысқа қатысушылардың, партизандардың, астыртын күрес жүргізген адамдардың, "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен және "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған, жалпы ауруға шалдығудың, еңбек ету кезінде зақым алуының нәтижесінде және басқа себептерге (құқыққа қайшы келетіндерінен басқаларына) байланысты мүгедек деп танылған азаматтардың екінші рет некеге тұрмаған әйелдері (күйеулері);
Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдерімен наградталған адамдар, сондай – ақ 1988 - 1989 жылдардағы Чернобыль АЭС-існдегі апаттың зардабтарын жоюға қатысқан, оқшаулау аймағынан Қазақстан Республикасына қоныс аудартқан (өз еркімен көшкен) адамдар қоныс аудартқан күні анасының құрсағындағы балаларды қоса алғанда;
бейбiт уақытта әскери қызметiн өткеру кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлердiң отбасы;
5) 1941 жылдың 22 маусымының 1945 жылдың 9 мамыр аралығында кемінде алты ай еңбек еткендерге (әскери борышын өтегендерге) бірақ ҰОС кезінде тылдағы ерен еңбегі және мінсіз әскери қызметін атқарған үшін орден және медальдармен наградталмағандарға тұлғалар;
6) зейнетақының, жәрдемақының ең төменгі мөлшерін алатын немесе зейнетақының, жәрдемақының ең төменгі мөлшерінен төмен алатын, зейнеткерлік жасқа жеткен азаматтар, атап айтқанда, 80 жастағы және жасы үлкен зейнеткерлер;
7) мүгедектерге, оның ішінде:
18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға;
1, 2 топтағы мүгедектерге;
сал ауруымен ауыратын мүгедек балалары бар отбасыларға;
8) аз қамтамасыз етілген азаматтар, оның ішінде:
жан басына шаққанда өмір сүру деңгейі төмен кірісі бар отбасыларынан аудандық ауруханаға жүктілігі жөнінде уақытында есепке тұрған жүкті әйелдерге;
бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандар;
өмірлік қиын жағдайына тап болған азаматтар, атап айтқанда 1 айдан аса ұзаққа созылған сырқат, өрт немесе табиғи апат;
атаулы әлеуметтік мемлекеттік жәрдемақы алатын және 18 жасқа дейінгі балалары бар мемлекеттік жәрдемақы алатындар санынан кәмелетке толмаған төрт және одан көп балалары бар, аз қамтамасыз етілген, көп балалы аналар;
аз қамтамасыз етілген отбасылардан шыққан және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жетім балалар;
9) әлеуметтік маңызды аурулармен ауратын азаматтар, оның ішінде:
онкологиялық ауруға шалдыққан тұлғалар;
туберкулез ауруына шалдыққан тұлғалар.
2. Уәкілетті орган табысты есепке алмай көрсетеді:
1) атаулы күндер мен мерекелік күндерге біржолғы әлеуметтік көмек:
9 мамыр – Жеңіс күніне орай:
осы Тізбенің 1–тармағының 1), 2), 3), 4), 5) тармақшаларында көрсетілген санаттар үшін – уәкілетті ұйымның тізімі негізінде;
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай:
осы Тізбенің 1–тармағы 8) тармақшасының төртінші абзацындағы көрсетілген санаты үшiн - уәкілетті ұйымның тізімі негізінде;
1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай:
осы Тізбенің 1–тармағы 6) тармақшасында көрсетілген санаты үшiн, кент, ауылдық округ әкімдерімен келісілген тізімі негізінде;
қазанның екінші жексенбісі – Қазақстан Республикасы мүгедектер күніне орай:
осы Тізбенің 1–тармағы 7) тармақшасында көрсетілген санаты үшiн кент, ауылдық округ әкімдерімен келісілген тізімі негізінде;
2) біржолғы әлеуметтік көмек:
осы Тізбенің 1–тармағы 7) тармақшасының үшінші абзацтарындағы көрсетілген санаттарына сауықтыру үшін дәрігерлік консультативтік комиссияның қортындысы, мүгедектігі жөнінде анықтама, жеке өтініші негізінде 7 АЕК;
осы Тізбенің 1–тармағы 8) тармақшасының үшінші абзацындағы көрсетілген санаты үшін 10 АЕК мөлшерінде әлеуметтік көмек – бас бостандығынан айыру орындарынан босату туралы анықтамасының көшірмесі, жеке өтініші негізінде;
осы Тізбенің 1–тармағы 8) тармақшасының төртінші абзацындағы көрсетілген санаты үшін 30 АЕК – тен 100 АЕК – ке дейінгі мөлшерінде әлеуметтік көмек, Үлгілік қағидалардың 1–қосымшасына сәйкес адамның (отбасының) құрамы туралы мәліметтерді, өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын актіні және (немесе) құжаты және жеке өтініші негізінде;
осы Тізбенің 1 – тармағы 9) тармақшасының екінші абзацындағы көрсетілген санаты үшін әлеуметтік көмек 10 АЕК мөлшерінде, Павлодар облысы онкологиялық диспансерінде есепте тұрғаны туралы анықтама, жеке өтініші негізінде;
осы Тізбенің 1–тармағының 1), 2), 3) тармақшаларында жол шығындарының ақысын төлеуге Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, еңбек ардагерлеріне, Ауған соғысына қатысушыларға және Чернобыль АЭС зардабын жоюға қатысқандарға (Астана қаласына баруға Екібастұз қаласындағы теміржол вокзалына дейін және қайра қайту жол шығынын өтеуге) Қазақстан Республикасы аумағында жылына бір рет госпитальға барғандағы нақты жол құнын растайтын құжаттар және жеке өтініші негізінде;
осы Тізбенің 1–тармағы 1) тармақшасында көрсетілген санаты үшін үй жөндеу үшін 1 000 000 теңге мөлшерінде;
3) тоқсан сайын көрсетілетін әлеуметтік көмек:
осы Тізбенің 1–тармағы 1) тармақшасында көрсетілген санаты үшін 2 АЕК мөлшерінде облыс орталығына барып қайту жол ақысын қайтару – уәкілетті ұйымның тізімі негізінде;
осы Тізбенің 1–тармағы 4) тармақшасының үшінші, төртінші және бесінші абзацтарындағы, көрсетілген санаттары үшін тұрғын үй коммуналдық қызметінің шығындарын өтеу 6 АЕК мөлшерінде – уәкілетті ұйымның тізімі негізінде;
осы Тізбенің 1–тармағы 2) тармақшасының екінші, үшінші абзацтарындағы көрсетілген санаты үшін сауықтыруға 2 АЕК мөлшерінде – уәкілетті ұйымның тізімі негізінде;
4) ай сайын көрсетілетін әлеуметтік көмек:
осы Тізбенің 1–тармағы 1) тармақшасында көрсетілген санаты үшін дәрі – дәрмек сатып алуға 2 АЕК мөлшерінде – уәкілетті ұйымның тізімі негізінде;
осы Тізбенің 1–тармағы 1) тармақшасында көрсетілген санаты үшін тұрғын үй коммуналдық қызметінің шығындарын өтеуге 5 АЕК мөлшерінде – уәкілетті ұйымның тізімі негізінде;
осы Тізбенің 1–тармағы 2) тармақшасының екінші абзацындағы, 3) тармақшасының екінші, төртінші абзацтарындағы көрсетілген санаты үшін 2 АЕК мөлшерінде уәкілетті ұйымның тізімі негізінде;
осы Тізбенің 1–тармағы 7) тармақшасының төртінші абзацындағы көрсетілген санаты үшін 1 АЕК мөлшерінде әлеуметтік көмек уәкілетті ұйымның тізімі негізінде және мүгедектігі жөнінде анықтама;
осы Тізбенің 1–тармағы 8) тармақшасының алтыншы абзацындағы көрсетілген санаты үшін 15235 теңге мөлшерінде әлеуметтік көмек – жатақханасына, тамағына және жол ақысына төлеуге студентпен жоғары оқу орнының басшысымен және Баянауыл ауданының әкімімен қол қойылған үш жақты келісім – шарты негізінде;
осы Тізбенің 1–тармағы 9) тармақшасының үшінші абзацындағы көрсетілген санаты үшін амбулаторлық ем алу 6 АЕК мөлшерінде – сырқатты растайтын аурухананың анықтамасы, жеке өтініші негізінде;
осы Тізбенің 1–тармағы 9) тармақшасының екінші абзацында көрсетілген санаты үшін "Павлодар облыстық онкологиялық диспансер" мемлекеттік мекемесіне барып қайту нақты жол шығындарының ақысын төлеуге, тексеруден немесе онколог – дәрігерінің консультациясы жөніндегі анақтамасы, жол көліктерінің билеттері және жеке өтініші негізінде;
3. Уәкілетті орган табыстарын есептеп көрсетеді:
1) біржолғы әлеуметтік көмек:
осы Тізбенің 1–тармағы 8) тармақшасының алтыншы абзацындағы көрсетілген санаты үшін (облыс әкімі грантының иегерлері болып саналатындарға) жоғары оқу орнындағы оқуының нақты оқу кұнын төлеу үшін әлеуметтік көмек – студентпен жоғары оқу орнының басшысымен және Баянауыл ауданының әкімімен қол қойылған үш жақты келісім–шарты, және жеке өтініші негізінде;
осы Тізбенің 1–тармағы 8) тармақшасының екінші абзацындағы көрсетілген санаты үшін 5 АЕК мөлшерінде, Үлгілік қағидалардың 1–қосымшасына сәйкес адамның (отбасының) құрамы туралы мәліметтерді, адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтерді, дәрігерлік анықтама, балалардың туу туралы куәліктері және жеке өтініші негізінде;
осы Тізбенің 1–тармағы 8) тармақшасының төртінші абзацындағы көрсетілген санаты үшін жан басына шаққандағы кірістер өмір сүру деңгейінен аспайтын жағдайда әлеуметтік көмек 10 АЕК мөлшерінде, Үлгілік қағидалардың – қосымшасына сәйкес адамның (отбасының) құрамы туралы мәліметтерді, адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтерді, өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын актіні және (немесе) құжаты және жеке өтініші негізінде.