1. Баянауыл ауданының аумағында дене шынықтыру-сауықтыру қызметтерін тегін пайдаланатын азаматтар санаттарының тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Баянауыл ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасары Б.К. Тоғжігітоваға жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Н. Күлжан |
Баянауыл ауданы әкімдігінің 2015 жылғы "20" қарашадағы № 216/11 қаулысына қосымша |
Баянауыл ауданының аумағында дене шынықтыру-сауықтыру
қызметтерін тегін пайдаланатын азаматтар санаттарының
тізбесі
№ | Азаматтар санаты | Жеңілдіктер мөлшері |
1. | 7 жасқа дейінгі балалар | тегін |
2. | Көп балалы отбасыларынан оқушы -балалар | тегін |
3. | Балалар үйінен оқушы -балалар | тегін |
4. | Спорт ардагерлері | тегін |
5. | Оқушылар | тегін |
6. | Студенттер | тегін |
7. | Зейнеткерлер | тегін |
* Ескертпе: Осы тізбе мемлекеттік дене шынықтыру-сауықтыру және спорт құрылыстарына қолданады.