Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Железин аудандық мәслихатының 08.01.2021 № 520/6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларының 10-тармағына сәйкес Железинка аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Железинка аудандық мәслихатының (V сайланған XXVII (кезекті) сессиясы) 2014 жылғы 25 сәуірдегі "Алушылардың жекелеген санаттары үшін атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3779 болып тіркелген, 2014 жылғы 7 мамырдағы "Родные просторы" және "Туған өлке" газеттерінің № 19 сандарында жарияланған) № 202-5/27 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:көрсетілген шешімнің 1-тармағында:
он үшінші абзацтағы "69 АЕК" деген сандар мен сөздер "150000 (жүз елу мың) теңге" деген сандармен және сөздермен ауыстырылсын;
он төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдарға, сондай-ақ жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша соғыс қатысушыларына теңестірілген адамдардың басқа санаттарына, 10 АЕК мөлшерінде";
он бесінші абзацтағы "1,8" деген сандар "5" деген санмен ауыстырылсын;
он алтыншы, он жетінші, он сегізінші және он тоғызыншы абзацтар алынып тасталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Железинка аудандық мәслихатының бюджет және әлеуметтік-экономикалық даму бойынша тұрақты комиссиясына жүктелсін.3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат | |
сессиясының төрағасы | Т. Сагандыков |
Аудандық мәслихаттың хатшысы | В. Крутиков |
"КЕЛІСІЛДІ" | |
Павлодар облысы әкімінің | |
міндетін атқарушы | Д. Тұрғанов |
2015 жылғы "12" наурыз |