Железинка аудандық мәслихатының 2014 жылғы 5 наурыздағы "Железинка ауданындағы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" № 176-5/25 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Железинка аудандық мәслихатының 2015 жылғы 30 наурыздағы № 283-5/35 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 14 сәуірде № 4422 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Железин аудандық мәслихатының 2018 жылғы 13 тамыздағы № 246/6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Железин аудандық мәслихатының 13.08.2018 № 246/6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" № 504 қаулысына сәйкес Железинка аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:

      1. Железинка аудандық мәслихатының 2014 жылғы 5 наурыздағы "Железинка ауданындағы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" № 176-5/25 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3746 болып тіркелген, 2014 жылғы 5 наурыздағы аудандық "Родные просторы", "Туған өлке" газеттерінің № 14 сандарында жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Железинка ауданындағы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:

      10-тармақтың 2) тармақшасы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "осы Қағидалардың 9-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген санаттарға 2 кезеңдік басылымға жазылуға нақты шығындар бойынша, бірақ 3 айлық есептік көрсеткіштен артық емес, уәкілетті органға өтініш негізінде";

      9-тармақтың 10) тармақшасы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "медициналық мекеменің қорытындысы бойынша балаға арналған қосымша тамаққа мұқтаж бір жасқа дейінгі жастағы балалары бар, орташа табысы күнкөрістің ең төменгі деңгейінің бір реттік мөлшерінен аспайтын азаматтарға (отбасыларға) (жиынтық табысты есептеу кезінде әлеуметтік көмекті алуға үміткер отбасының құрамына ата-аналары (бала асырап алушылар) және олардың қарауындағы 18 жасқа толмаған балалар есептелсін)";

      9-тармақтың 10) тармақшасының бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "12 аптаға дейінгі жүктілігіне байланысты Железин аудандық ауруханасына дер кезінде есепке тұрған жүкті әйелдерге (жиынтық табысты есептеу кезінде әлеуметтік көмекті алуға үміткер отбасының құрамына ата-аналары (бала асырап алушылар) және олардың қарауындағы 18 жасқа толмаған балалар есептелсін)";

      11-тармақтың 2) тармақшасы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "осы Қағидалардың 9-тармағының 10) тармақшасының жетінші абзацында көрсетілген санаттарға 5 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде уәкілетті органға осы Қағидалардың 15-тармағының 1), 2), 5) тармақшаларында көрсетілген құжаттар қоса берілген өтініші негізінде";

      10-тармақтың 2) тармақшасының бірінші, төртінші абзацтары және 11-тармақтың 1) тармақшасының үшінші абзацы алынып тасталсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Железинка аудандық мәслихаттың бюджет және тұрақты әлеуметтік-экономикалық даму комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім алғашқы рет ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы З. Оспанова
      Аудандық мәслихаттың хатшысы В. Крутиков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады