Железинка аудандық мәслихатының 2014 жылғы 5 наурыздағы "Железинка ауданындағы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" № 176-5/25 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Железинка аудандық мәслихатының 2015 жылғы 18 маусымдағы № 299-5/37 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 09 шілдеде № 4583 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Железин аудандық мәслихатының 2018 жылғы 13 тамыздағы № 246/6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Железин аудандық мәслихатының 13.08.2018 № 246/6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" № 504 қаулысына сәйкес Железинка аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:

      1. Железинка аудандық мәслихатының 2014 жылғы 5 наурыздағы "Железинка ауданындағы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" № 176-5/25 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде 2015 жылғы 31 наурызда № 3746 болып тіркелген, аудандық "Родные просторы" және "Туған өлке" газеттерінің 2014 жылғы 5 сәуірдегі № 14 сандарында жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Железинка ауданындағы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:

      11-тармақтың 1) тармақшасының үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "осы Қағидалардың 9-тармағының 10) тармақшасының жетыншы абзацында көрсетілген санаттарға жеке шаруашылығын дамытуға 58 айлық есептік көрсеткіш, жем-шөп сатып алуға 29 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (ауыл шаруашылық жануарларын сатып алу фактісі бойынша) уәкілетті органға осы Қағидалардың 15-тармағында көрсетілген құжаттар қоса берілген өтініштің негізінде".

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік-экономикалық дамыту және бюджеттік тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы О. Джумалинов
      Аудандық мәслихаттың хатшысы В. Крутиков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады