Ескерту. Күші жойылды – Павлодар облысы Тереңкөл аудандық мәслихатының 15.08.2019 № 1/48 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 2-3–тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Үлгілік қағидаларын бекіту туралы" № 504 қаулысына сәйкес Качир аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Качир аудандық мәслихатының 2014 жылғы 28 сәуірдегі "Атаулы күндер мен мереке күндеріне орай алушылардың жекелеген санаттары үшін әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу туралы" № 2/29 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3782 тіркелген, 2014 жылғы 8 мамырда "Тереңкөл тынысы" газетінде, 2014 жылғы 8 мамырда "Заря" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:көрсетілген шешімнің 1-тармағында:
үшінші абзацтағы "69 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (бұдан әрі – АЕК)" деген сандар мен сөздер "150000 (бір жүз елу мың) теңге" деген сандармен және сөздермен ауыстырылсын;
бесінші абзацтағы "14" деген сандар "10" деген сандармен ауыстырылсын;
алтыншы абзацтағы "3,5" деген сандар "10" деген сандармен ауыстырылсын;
сегізінші абзацтағы "1,8" деген сандар "10" деген сандармен ауыстырылсын;
тоғызыншы абзацтағы "3,5" деген сандар "10" деген сандармен ауыстырылсын;
оныншы абзацтағы "1,8" деген сандар "10" деген сандармен ауыстырылсын;
он бірінші абзацтағы "1,8" деген сандар "10" деген сандармен ауыстырылсын;
он екінші абзац алынып тасталсын;
он үшінші абзацтағы "1,8" деген сандар "5" деген санмен ауыстырылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік сала және заңдылық жөніндегі тұрақты комиссияға жүктелсін.3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | С. Баяндинов |
Качир аудандық | |
мәслихатының хатшысы | С. Баяндинов |
"КЕЛІСІЛДІ" | |
Павлодар облысы әкімінің | |
міндетін атқарушы | Д. Тұрғанов |
2015 жылғы "4" наурыз |