Ескерту. Күші жойылды – Павлодар облысы Тереңкөл аудандық мәслихатының 15.08.2019 № 1/48 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 2-3–тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Үлгілік қағидаларын бекіту туралы" № 504 қаулысының 10-тармағына сәйкес Качир аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Атаулы күндері мен мереке күндеріне орай алушылардың жекелеген санаттары үшін әлеуметтік көмектің келесі мөлшерлері белгіленсін, атап айтқанда:
9 мамыр - Жеңіс Күніне орай:
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне (бұдан әрі – ҰОС) 150000 (бір жүз елу мың) теңге, сондай-ақ 5000 (бес мың) теңге сомаға азық-түлік жиынтығы;
ҰОС қатысушылар мен мүгедектеріне жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан теңестірілген адамдарға, атап айтқанда:
бұрынғы КСР Одағы үкiмет органдарының шешiмдерiне сәйкес басқа мемлекеттiң аумақтарындағы ұрыс қимылдарына қатысқан - Совет Армиясының, Әскери-Теңiз флотының, Мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетiнiң әскери қызметшiлерiне, бұрынғы КСР Одағы Iшкi iстер министрлiгiнiң қатардағы және басқарушы құрамының адамдарына (әскери мамандар мен кеңесшiлердi қоса есептегенде); жаттығу жиындарына шақырылып, ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезде Ауғанстанға жiберiлген әскери мiндеттiлер; ұрыс қимылдары жүрiп жатқан осы елге жүк жеткiзу үшiн Ауғанстанға жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерiне; бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлiк тапсырмаларды орындау үшiн ұшулар жасаған ұшу құрамының әскери қызметшiлерiне; Ауғанстандағы кеңес әскери құрамына қызмет көрсеткен жараланған, контузия алған немесе зақымданған, яки ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдерiмен наградталған жұмысшылар мен қызметшiлеріне 10 АЕК мөлшерінде;
1986 - 1987 жылдары Чернобыль АЭС-ындағы апаттың, сондай-ақ азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтар мен жаттығуларғаптiкелейпқатысқанпадамдарға 10 АЕК мөлшерінде;
жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан соғысқа қатысушыларға теңестірілген адамдардың басқа санаттарына, атап айтқанда:
қайтыс болған соғыс мүгедектерiнiң және соларға теңестiрiлген мүгедектердiң әйелдерiне (күйеулерiне), сондай-ақ қайтыс болған соғысқа қатысушылардың, партизандардың, астыртын күрес жүргiзген адамдардың, "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен және "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған, жалпы ауруға шалдығудың, еңбек ету кезiнде зақым алуының нәтижесiнде және басқа себептерге (құқыққа қайшы келетiндерiнен басқаларына) байланысты мүгедек деп танылған азаматтардың басқа некеге тұрмаған әйелдерiне (күйеулерiне) 10 мөлшерінде;
1988 - 1989 жылдардағы Чернобыль АЭС-ындағы апаттың зардаптарын жоюға қатысқан, оқшаулау аймағынан Қазақстан Республикасына қоныс аудартқан (өз еркiмен көшкен) адамдарға қоныс аудартқан күнi анасының құрсағындағы балаларды қоса алғанда 10 АЕК мөлшерінде;
ҰОС жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға 10 АЕК мөлшерінде;
бейбіт уақытта әскери қызметін өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшілердің отбасыларына 10 АЕК мөлшерінде;
1941 жылғы 22 маусымнан 1945 жылғы 9 мамырға дейін 6 айдан кем емес жұмыс істеген (қызмет атқарған) және ҰОС жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi және мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдарға 5 АЕК мөлшерінде;
1 қазан - Халықаралық қарттар күніне орай:
зейнеткерлік жасқа толған, зейнетақының ең төмен мөлшерін және (немесе) жәрдемақы алатын адамдарға, атап айтқанда:
зейнеткерлік жасқа толған азаматтарға 1,2 АЕК мөлшерінде;
80 жастан бастап және одан асқан азаматтарға 2,9 АЕК мөлшерінде;
қазанның екінші жексенбісі – Қазақстан Республикасының Мүгедектер күніне орай:
он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балаларға 2,3 АЕК мөлшерінде;
бірінші, екінші топ мүгедектеріне 2,3 АЕК мөлшерінде;
кәмелеттік жасқа толмаған балалары бар мүгедектерге 2,3 АЕК мөлшерінде;
8 Наурыз - Халықаралық әйелдер күніне орай: он сегіз жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы алатындар қатарындағы көп балалы аналарға 2,4 АЕК мөлшерінде.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - Павлодар облысы Качир аудандық мәслихатының 22.10.2014 N 9/36 (жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.02.2015 N 1/40 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік сала және заңдылық жөніндегі тұрақты комиссияға жүктелсін.
Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | А. Ниқанбекова |
Качир аудандық мәслихаттың хатшысы |
С. Баяндинов |
"КЕЛІСІЛДІ" Павлодар облысы әкімінің міндетін атқарушы "18" сәуір 2014 жыл |
Д. Тұрғанов |