"Качир ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі жөніндегі Ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Качир аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 8 маусымдағы № 144/5 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 29 маусымда № 4558 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Качир аудандық әкімдігінің 2018 жылғы 25 шілдедегі № 267/6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Качир аудандық әкімдігінің 25.07.2018 № 267/6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" № 410 Жарлығына сәйкес Качир ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Качир ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі жөніндегі Ереже бекітілсін.
      2. "Качир ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қолдансын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Ж. Шұғаев

  Качир ауданы әкімдігінің
2015 жылғы "8" маусымдағы
№ 144/5 қаулысымен
бекітілген

"Качир ауданының ветеринария бөлімі"
мемлекеттік мекемесі жөніндегі
Ереже

1. Жалпы ережелер

      1. "Качир ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі Качир ауданының аумағында ветеринария саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Качир ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
      3. "Качир ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. "Качир ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен бұрыштамасы, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында есеп шоттары бар.
      5. "Качир ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. "Качир ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес өкілеттілігі болған жағдайда мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастар тарапы болуға құқығы бар.
      7. "Качир ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіпте өз құзіретіндегі мәселелер бойынша "Качир ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының ресімделетін бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделген шешім қабылдайды.
      8. "Качир ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы және штаттық санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. "Качир ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 140600, Качир ауданы, Тереңкөл ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 236.
      10. "Качир ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмыс уақыты: дүйсенбі-жұма сағат 9.00 – 18.30 дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-14.30 дейін, демалыс күндері: сенбі, жексенбі.
      11. Мемлекеттік органның мемлекеттік тілдегі толық атауы: "Качир ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
      орыс тілінде: государственное учреждение "Отдел ветеринарии Качирского района".
      12. "Качир ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Качир ауданының әкімдігі тұлғасында мемлекет болып табылады.
      13. Осы Ереже "Качир ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      14. "Качир ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қаржыландыру қызметі жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      15. "Качир ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілермен "Качир ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау барысында келісімшарттық қарым-қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Качир ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен табыс әкелетін қызметтерді жүзеге асыру құқығы берілсе, онда бұл қызметтерден түскен табыстар мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2. "Качир ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің миссиясы, мақсаты, қызмет нысаны,
негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      16. "Качир ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: ветеринария саласында құқықтық, ұйымдастырушылық және экономикалық негіздерді қамтамасыз ету.
      17. "Качир ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мақсаты ауданның ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады.
      18. "Качир ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызмет нысаны аудан деңгейінде ветеринария саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асыру болып табылады.
      19. Міндеттері:
      1) адам мен жануарларға ортақ аурулардан тұрғындардың денсаулығын сақтау;
      2) жануарларды аурулардан сақтау және олардың емделуін ұйымдастыру;
      3) ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
      4) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлігінің аумағын басқа мемлекеттерден энзоотикалық жұқпалы және аурулардың кіруі мен таралуынан сақтау;
      5) заңды және жеке тұлғалар ветеринария саласындағы қызметті жасаған кезде қоршаған айналаны ластанудың алдын алу және жою болып табылады.
      20. Функциялары:
      1) ауданның жергілікті өкілді органының бекітуіне жануарларды күтіп-ұстау қағидаларын, иттер мен мысықтарды күтіп-ұстау және серуендету қағидаларын, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын, жануарларды күтіп-ұстаудың санитариялық шекараларын белгілеу жөніндегі ұсыныстарды енгізу;
      2) қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды ұйымдастыру;
      3) мал көмінділерін (биотермиялық шұңқырларды) салу және олардың ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға сәйкес күтіп-ұсталуын қамтамасыз ету;
      4) мүдделі тұлғаларға жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралар туралы ақпарат беруді ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
      5) ветеринария мәселелері бойынша халықтың арасында ағарту жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу;
      6) жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерін, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарды пайдалануға қабылдайтын мемлекеттік комиссияларды ұйымдастыру;
      7) жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын иелеріне өтеу;
      8) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беруге құқығы бар мемлекеттік ветеринариялық дәрігерлер тізімін бекіту;
      9) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын сақтауын мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
      10) эпизоотия ошақтары пайда болған жағдайда оларды зерттеп-қарауды жүргізу;
      11) эпизоотологиялық зерттеп-қарау актісін беру;
      12) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуы тұрғысынан мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды:
      ішкі сауда объектілерінде;
      жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарда (импортпен және экспортпен байланыстыларды қоспағанда);
      ветеринариялық препараттар өндіруді қоспағанда, ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын адамдарда;
      экспортын (импортын) және транзитін қоспағанда, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдау (орнын ауыстыру), тиеу, түсіру кезінде;
      экспортты (импортты) және транзитті қоспағанда, жануарлар ауруларының қоздырушыларын тарататын факторлар болуы мүмкін көлік құралдарының барлық түрлерінде, ыдыстың, буып-түю материалдарының барлық түрлері бойынша;
      тасымалдау (орнын ауыстыру) маршруттары өтетін, мал айдалатын жолдарда, маршруттарда, мал жайылымдары мен суаттардың аумақтарында;
      экспортты (импортты) және транзитті қоспағанда, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді өсіретін, сақтайтын, өңдейтін, өткізетін немесе пайдаланатын жеке және заңды тұлғалардың аумақтарында, өндірістік үй-жайларында және қызметіне жүзеге асыру;
      13) мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді күтіп-ұстауға, өсіруге, пайдалануға, өндіруге, дайындауға (союға), сақтауға, қайта өңдеу мен өткізуге байланысты мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерін орналастыру, салу, реконструкциялау және пайдалануға беру кезінде, сондай-ақ оларды тасымалдау (орнын ауыстыру) кезінде зоогигиеналық және ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптардың сақталуына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
      14) жеке және заңды тұлғаларға қатысты мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау актісін жасау;
      15) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында жануарлардың энзоотиялық аурулары бойынша ветеринариялық іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру;
      16) уәкілетті орган бекітетін тізбе бойынша жануарлардың аса қауіпті ауруларының, сондай-ақ жануарлардың басқа да ауруларының профилактикасы, биологиялық материал сынамаларын алу және оларды диагностикалау үшін жеткізу бойынша ветеринариялық іс-шаралардың жүргізілуін ұйымдастыру;
      17) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорды жүргізу бойынша іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру;
      18) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін бұйымдарға (құралдарға) және атрибуттарға қажеттілікті айқындау және облыстың жергілікті атқарушы органына ақпарат беру;
      19) ветеринариялық есепке алу мен есептілікті жинақтау, талдау және оларды облыстың жергілікті атқарушы органына ұсыну;
      20) облыстың жергілікті атқарушы органына жануарлардың жұқпалы және жұқпалы емес ауруларының профилактикасы бойынша ветеринариялық іс-шаралар жөнінде ұсыныстар енгізу;
      21) облыстың жергілікті атқарушы органына профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесі жөнінде ұсыныстар енгізу;
      22) ветеринариялық препараттардың республикалық қорын қоспағанда, бюджет қаражаты есебінен сатып алынған ветеринариялық препараттарды сақтауды ұйымдастыру;
      23) облыстың жергілікті атқарушы органына тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар туралы ұсыныстар енгізу;
      24) ауру жануарларды санитариялық союды ұйымдастыру;
      25) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жеке және заңды тұлғалардан ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламалар қабылдау, сондай-ақ рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізу;
      26) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында жануарлардың жұқпалы және жұқпалы емес аурулары бойынша эпизоотиялық жағдайды зерделеу;
      27) Қазақстан Республикасының Үкіметімен бекітілген тізбе бойынша жануарлардың аса қауіпті ауруларының, сондай-ақ энзоотиялық ауруларының профилактикасы бойынша ветеринариялық іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету;
      28) "Качир ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметкерлері қызметінің тиімділігін бағалауды жүргізу;
      29) аудандық мәслихаты сессиясының ветеринария мәселелері бойынша шешімдерін жүзеге асыру туралы Качир ауданы әкімдігі қаулыларының жобаларын әзірлеу;
      30) "Качир ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттерді іске асыру үшін мемлекеттік органдармен, лауазымды тұлғалармен өзара әрекеттесуді жүзеге асыру;
      31) әкімнің тапсырмаларын, Качир ауданы әкімдігінің және әкімінің актілерін орындау және орындалуын ұйымдастыру;
      32) бұқаралық ақпарат құралдары арқылы қоғамдастықпен байланыстарды орнату және тұрақты дамыту;
      33) "Качир ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің өызметінің жоспарларын әзірлеу;
      34) Қазақстан Республикасының заңнамасымен, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерімен көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
      21. Құқықтары мен міндеттері:
      "Качир ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі оған жүктелген міндеттерді іске асыру және өз функцияларын орындау үшін заңнамамен бекітілген тәртіпте:
      1) Качир ауданы әкімдігінің және әкімінің қарауына ауданның әлеуметтік-экономикалық даму мақсаттары, басымдықтары және стратегиясы бойынша ұсыныстар енгізуге;
      2) "Качир ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі алдына қойылған міндеттерді орындаумен қатысты мәселелер бойынша мемлекеттік органдар, ұйымдар, кәсіпорындар, лауазымды тұлғалар мен азаматтардың келісімі бойынша белгіленген тәртіпте ақпарат сұратуға және алуға;
      3) барлық құзыретті мемлекеттік, әкімшілік органдарда, ұйымдарда, сондай-ақ сот және құқық қорғау органдарында "Качир ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүддесіне өкілдік етуге;
      4) өз құзыреті шегінде шарттарды, келісімдерді жасауға;
      5) қолданыстағы заңнамалық актілермен көзделген өзге де құқықтарды іске асыруға құқылы.
      "Качир ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің міндетіне:
      1) мемлекеттік мекеменің қарауына жатқызылған мәселелер бойынша мемлекеттік және мемлекеттік емес органдар мен ұйымдармен қызметтік хат жазысуды жүргізу;
      2) Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Президентінің, Үкіметінің, облыс және аудан әкімдігінің, әкімінің нормаларының орындалуын бақылау, оларды орындамау себептері мен жағдайларын анықтау, сондай-ақ анықталған бұзушылықтарды жою бойынша шаралар қолдану;
      3) орындардағы жергілікті атқарушы органдардың лауазымды тұлғаларынан заңнамада белгіленген мерзімде, тапсырмада орындау мерзімдері белгіленбесе, қажетті құжаттарды, материалдарды, хабарламаларды, жазбаша түсініктемелерді ұсынуды талап ету кіреді.

3. "Качир ауданының ветеринария бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру

      22. "Качир ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттерді және оның өз функцияларының жүзеге асыруы үшін дербес жауап беретін бірінші басшы "Качир ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесін басқаруды жүзеге асырады.
      23. "Качир ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Качир ауданының әкімімен лауазымға тағайындалады және лауазымынан босатылады.
      24.1"Качир ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттігі:
      1) "Качир ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады, оның қызметіне басшылықты жүзеге асырады;
      2) "Качир ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі мен қаражатын басқарады және оның істерінің жағдайына дербес жауап береді;
      3) "Качир ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің функционалдық міндеттері мен өкілеттіктерін белгілейді;
      4) "Качир ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымдарға тағайындайды және лауазымдарынан босатады;
      5) "Качир ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне заңнамада белгіленген тәртіппен тәртіптік жаза салады;
      6) "Качир ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі бойынша бұйрықтар шығарады;
      7) "Качир ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі құрылымдық бөлімшелерінің функцияларын белгілейді;
      8) "Качир ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүддесіне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес барлық органдар мен ұйымдарда өкілдік етеді;
      9) "Качир ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мәжілісті белгіленген тәртіпте шақырады;
      10) "Качир ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етеді және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды қабылдау бойынша дербес жауап береді;
      11) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      25.1"Качир ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының болмаған кезеңде өкілеттіктерін атқару қолданыстағы заңнамаға сәйкес оның орнын ауыстыратын тұлғамен іске асырылады.
      26. "Качир ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі және коммуналдық мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган (жергілікті атқарушы орган) арасындағы қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.
      27. "Качир ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі және тиесілі саланың уәкілетті органы (жергілікті атқарушы орган) арасындағы қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.
      28. "Качир ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің әкімшілігі мен еңбек ұжымы арасындағы қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және ұжымдық келісімшартқа сәйкес анықталады.

4. "Качир ауданының ветеринария
бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі

      29. "Качир ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлікке ие болу мүмкін.
      "Качир ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі мүлік иесімен тапсырылған мүлік есебінен және Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де көздерінен құрылады.
      30. "Качир ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік ауданның коммуналдық мүлкіне жатады.
      31. "Качир ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің оған бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша оған берілген қаражат есебінен алынған мүлікті өздігінен иеліктен шығаруға немесе басқа тәсілмен, өзгесі заңнамамен белгіленбесе, билік етуге құқығы жоқ.

5. "Качир ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік
мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату (жою)

      32. "Качир ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес іске асырылады.
      33. "Качир ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесін тарату (жою) кезінде несиегерлердің талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған мүлік аудандық коммуналдық меншікте қалады.

6. "Качир ауданының ветеринария бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің қарауындағы ұйымдар тізбесі

      34. "Качир ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қарауында келесі ұйым:
      "Качир ветеринариялық станциясы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны бар.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады