Качир аудандық мәслихаты аппаратының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесін бекіту туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Качир аудандық мәслихатының 2015 жылғы 16 қыркүйектегі № 3/47 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 25 қыркүйекте № 4722 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Качир аудандық мәслихатының 2016 жылғы 8 қаңтардағы N 3/51 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Качир аудандық мәслихатының 08.01.2016 N 3/51 шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 8-бабы 3-тармағының 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі "Мемлекеттік қызмет туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 21 қаңтардағы "Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметіне жыл сайынғы бағалау жүргізу және оларды аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы" № 327 Жарлығына, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл агенттігі төрағасының 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 86 "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың үлгілік әдістемесін бекіту туралы" бұйрығына сәйкес, Качир аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Качир аудандық мәслихаты аппаратының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалау Әдістемесі бекітілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Качир аудандық мәслихаты аппаратының басшысына жүктелсін.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Сессия төрағасы С. Ахменова
      Качир аудандық
      мәслихатының хатшысы С. Баяндинов

  Качир аудандық мәслихатының
2015 жылғы 16 қыркүйектегі
№ 3/47 шешімімен
бекітілді

Качир аудандық мәслихаты аппаратының "Б" корпусы
мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін
жыл сайынғы бағалау әдістемесі

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Качир аудандық мәслихаты аппаратының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесі (бұдан әрі - Әдістеме) Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 21 қаңтардағы № 327 "Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметіне жыл сайынғы бағалау жүргізу және оларды аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы" Жарлығын іске асыру үшін әзерленді және Качир аудандық мәслихаты аппаратының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің (бұдан әрі - қызметшілер) қызметіне жыл сайынғы бағалау жүргізу тәсілін айқындайды.
      2. Қызметшілердің қызметін жыл сайынғы бағалау (бұдан әрі - бағалау) олардың жұмыс тиімділігі мен сапасын айқындау үшін жүргізіледі.
      3. Бағалау мемлекеттік әкімшілік қызметте болған әрбір жыл өткен сайын, көрсетілген мерзім басталған күннен бастап үш айдан кешіктірілмей, бірақ осы лауазымға орналасқан күннен бастап алты айдан ерте емес мерзiмде жүргізіледі.
      4. Қызметшілерді бағалау мыналардан:
      1) қызметшінің тікелей басшысының бағалауы;
      2) айналмалы бағалау (қызметшінің қарамағындағы немесе олардың әріптестерінің бағалауы).
      Қызметшінің тікелей басшысы оның лауазымдық нұсқаулығына сәйкес өзі бағынатын тұлға болып табылады.
      5. Бағалау нәтижелері бойынша қызметшілер қызметіндегі кемшіліктерді жою бойынша ұсыныстар әзірленеді, олардың қызметіндегі жақсартуды қажет ететін бағыттар айқындалады, тағылымдамадан өткізу, ілгерілету бойынша ұсыныстар әзірленеді.
      6. Қызметшінің соңғы үш жыл бойы екі "қанағаттанарлықсыз" деген баға алуы, оны аттестаттаудан өткізуге негіз болып табылады.
      Аттестаттаудан өткізу туралы шешім қабылдау кезінде алдыңғы аттестаттаудан өткізуге негіз болған бағалау нәтижелері ескерілмейді.
      7. "Қанағаттанарлықсыз" деген баға алған қызметші мемлекеттік әкімшілік лауазымға алғаш қабылданған тұлғаға тәлімгер ретінде бекітілмейді.
      8. Қызметшінің қорытынды бағасын тұрақты жұмыс істейтін Бағалау жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) бекітеді, оны қызметшіні лауазымға тағайындау және лауазымнан босату құқығы бар адам құрады.
      9. Комиссия кемінде үш мүшеден, соның ішінде төрағадан тұрады.
      10. Дауыс беру қорытындысы Комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен айқындалады. Дауыс саны тең болған жағдайда, комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
      Комиссия төрағасы болып Качир аудандық мәслихатының аппарат басшысы болып табылады.
      Комиссия хатшысы Качир аудандық мәслихаты аппаратының бас маманы (бұдан әрі - бас маман) болып табылады. Комиссия хатшысы дауыс беруге қатыспайды.
      Егер Комиссия құрамына оған қатысты бағалау жүргізілетін қызметшінің тікелей басшысы, сондай-ақ осы Әдістеменің 4-тармағы 2) тармақшасында көрсетілген қызметшілер кіретін болса, олар осы қызметшіге қатысты дауыс беруге және шешім қабылдауға қатыспайды.

2. Бағалау жүргізуге дайындық

      11. Бас маман Комиссия төрағасының келісімі бойынша бағалауды өткізу кестесін әзірлейді.
      Бас маман бағалау өткізуге дейін бір айдан кешіктірмей бағаланатын қызметшіге, сондай-ақ осы Әдістеменің 4-тармағында көрсетілген тұлғаларға бағалау жүргізілетіні туралы хабарлайды және оларға толтыру үшін бағалау парағын жібереді.

3. Тікелей басшының бағалауы

      12. Тікелей басшы осы Әдістеменің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша бағалау парағын бас маманнан алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде толтырады, қызметшіні толтырылған бағалау парағымен таныстырады және екі жұмыс күні ішінде толтырылған бағалау парағын бас маманына қайтарады.
      Қызметшіні толтырылған бағалау парағымен таныстыру жазбаша немесе электронды нысанда жүргізіледі.
      Қызметшінің танысудан бас тартуы құжаттарды Комиссия отырысына жіберуге кедергі бола алмайды. Бұл жағдайда бас маман және тікелей басшы танысудан бас тарту туралы еркін нұсқада акт жасайды.

4. Айналмалы бағалау

      13. Айналмалы бағалау қызметшінің қарамағындағы адамдардың, ал қарамағындағы адамдар болмаған жағдайда – қызметші жұмыс істейтін құрылымдық бөлімшеде лауазымды атқаратын адамның (олар болған жағдайда) бағалауын білдіреді.
      Мұндай адамдардың тізімін (үш адамнан аспайтын) қызметшінің лауазымдық міндеттері және қызметтік өзара әрекеттестігіне қарай бас маман бағалау жүргізілгенге бір айдан кешіктірмей анықтайды.
      14. Осы Әдістеменің 13-тармағында көрсетілген тұлғалар осы Әдістеменің 2-қосымшасына сәйкес нысанда бағалау парағын толтырады.
      15. Осы Әдістеменің 13-тармағында көрсетілген тұлғалармен толтырылған бағалау парағы құжаттама бөліміне оларды алған күннен екі жұмыс күні ішінде бас маманына жіберіледі.
      16. Бас маман осы Әдістеменің 13-тармағында көрсетілген тұлғалардың орта бағасын есептейді.
      17. Осы Әдістеменің 13-тармағында көрсетілген тұлғалармен бағалау жасырын түрде жүргізіледі.

5. Қызметшінің қорытынды бағасы

      18. Бас маман қызметшінің қорытынды бағасын мына формула бойынша Комиссия отырысына дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей есептейді:

            a = b + c

      a – қызметшінің қорытынды бағасы;
      b – тікелей басшының бағасы;
      c – осы Әдістеменің 13-тармағында көрсетілген тұлғалардың орта бағасы.
      19. Қорытынды баға мына шкала бойынша қойылады:
      21 баллдан төмен – "қанағаттанарлықсыз";
      21-ден 33 балға дейін – "қанағаттанарлық";
      33 балдан жоғары – "тиімді".

6. Комиссияның бағалау нәтижелерін қарауы

      20. Бас маман Комиссия төрағасымен келісілген кестеге сәйкес бағалау нәтижелерін қарау бойынша Комиссияның отырысын өткізуді қамтамасыз етеді.
      Құжаттама бөлімі Комиссияның отырысына мына құжаттарды:
      1) толтырылған тікелей басшының бағалау парағын;
      2) толтырылған айналмалы бағалау парағын;
      3) қызметшінің лауазымдық нұсқаулығын;
      4) осы Әдістеменің 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қорытынды баға көрсетілген Комиссия отырысы хаттамасының жобасын тапсырады.
      21. Комиссия бағалау нәтижелерін қарастырады және мына шешімдердің бірін шығарады:
      1) бағалау нәтижелерін бекітеді;
      2) бағалау нәтижелерін қайта қарайды.
      Бағалау нәтижелерін қайта қарау туралы шешім қабылдаған жағдайда Комиссия хаттамада тиісті қысқаша түсіндірмемен бағаны түзетеді.
      1) егер қызметшінің қызмет тиімділігі бағалау нәтижесінен көп болса, бұл ретте қызметшінің қызмет нәтижесіне құжаттамалық растау беріледі;
      2) қызметшінің бағалау нәтижесін санауда қате жіберілсе.
      Бұл ретте қызметшінің бағасын төмендетуге жол берілмейді.
      22. Бас маман бағалау нәтижелерімен ол аяқталған соң бес жұмыс күні ішінде қызметшіні таныстырады.
      Қызметшіні бағалау нәтижелерімен таныстыру жазбаша немесе электронды нысанда жүргізіледі.
      Қызметшінің танысудан бас тартуы бағалау нәтижелерін оның қызметтік тізіміне енгізуге кедергі бола алмайды. Бұл жағдайда бас маман танысудан бас тарту туралы еркін нұсқада акт жасайды.
      23. Осы Әдістеменің 20-тармағында көрсетілген құжаттар, сондай-ақ комиссия отырысының қол қойылған хаттамасы бас маманда сақталады.

7. Бағалау нәтижелеріне шағымдану

      24. Комиссия шешіміне қызметшінің мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органға немесе оның аумақтық департаментіне шағымдануы шешім шыққан күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
      25. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган немесе оның аумақтық департаменті қызметшіден шағым түскен күнінен бастап он жұмыс күні ішінде шағым қарайды және бұзушылықтар анықталған жағдайда, мемлекеттік органға Комиссия шешімінің күшін жою туралы ұсыныс жасайды.
      26. Қабылданған шешім туралы ақпаратты мемлекеттік орган екі апта ішінде мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органға немесе оның аумақтық департаментіне береді.

  Качир аудандық мәслихатының
"Б" корпусы мемлекеттік
әкімшілік қызметшілерінің
қызметін жыл сайынғы
бағалау әдістемесіне
1-қосымша

      нысан

Тікелей басшысының бағалау парағы

      Бағаланатын қызметшінің Т.А.Ә.:__________________________
Бағаланатын қызметшінің лауазымы: _______________________

№ р/н
Өлшем
Көрсеткіштің мәні (саны)
Баға (балл)
1.
Бастамашылығы
2-ден 5-ке дейін
 
2.
Лауазымды міндеттерін орындау сапасы
2-ден 8-ге дейін
 
3.
Әрекеттестікке икемділігі
2-ден 5-ке дейін
 
4.
Қызметтік этиканы сақтауы
2-ден 5-ке дейін
 
БАРЛЫҒЫ (барлық бағалардың бағасы)
 
 

      

Таныстым:
Қызметші (Т.А.Ә.) ___________
күні ________________________
қолы _______________________
Тікелей басшы
(Т.А.Ә.) ______________
күні _________________
қолы _________________

  Качир аудандық мәслихатының
"Б" корпусы мемлекеттік
әкімшілік қызметшілерінің
қызметін жыл сайынғы
бағалау әдістемесіне
2-қосымша

      нысан

Айналмалы бағалау парағы

      Бағаланатын қызметшінің Т.А.Ә.: ____________________________
Бағаланатын қызметшінің лауазымы: __________________________

№ р/н
Өлшем
Көрсеткіштің мәні
Баға (балл)
Бағынышты адам
1
Жұмысты жоспарлай алу қабілеті
2-ден 5-ке дейін
 
2
Жұмысқа ынталандыру қабілеті
2-ден 5-ке дейін
 
3
Қызметтік этиканы сақтауы
2-ден 5-ке дейін
 
 
Барлығы (барлық бағалардың бағасы)
 
Әріптесі
1
Топта жұмыс істей алу қабылеті
2-ден 5-ке дейін
 
2
Қызметтік этиканы сақтауы
2-ден 5-ке дейін
 
3
Лауазымды міндеттерін орындау сапасы
2-ден 5-ке дейін
 
 
Барлығы (барлық бағалардың бағасы)
 
 

  Качир аудандық мәслихатының
"Б" корпусы мемлекеттік
әкімшілік қызметшілерінің
қызметін жыл сайынғы
бағалау әдістемесіне
3-қосымша

      нысан

Бағалау жөніндегі комиссия отырысының хаттамасы

            _________________________________________________
(мемлекеттік органның атауы)

№ р/н
Қызметшінің Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)
Тікелей басшының бағасы
Айналмалы баға
Қорытынды баға
1
 
 
 
 

      Комиссия қорытындысы:
      _____________________________________________________
_____________________________________________________
_____________________________________________________
_____________________________________________________
_____________________________________________________
_____________________________________________________
      Тексерген:
      Комиссия хатшысы: ________________________ Күні: ___________
(Т.А.Ә., қолы)
      Комиссия төрағасы: ________________________ Күні: ___________
(Т.А.Ә., қолы)
      Комиссия мүшесі: _______________________ Күні: ______________
(Т.А.Ә., қолы)
      Комиссия мүшесі: _______________________ Күні: ______________
(Т.А.Ә., қолы)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады