"Лебяжі аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Лебяжі аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 19 ақпандағы № 39/2 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 17 наурызда № 4370 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Лебяжі аудандық әкімдігінің 2016 жылғы 7 қарашадағы № 263/11 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Лебяжі аудандық әкімдігінің 07.11.2016 № 263/11 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" № 410 Жарлығына сәйкес Лебяжі ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Лебяжі аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже бекітілсін.
      2. "Лебяжі аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қолдансын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі С. Жанғазинов

  Павлодар облысы
Лебяжі ауданы әкімдігінің
2015 жылғы "19" ақпандағы
№ 39/2 қаулысымен
бекітілді

"Лебяжі аудандық жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"
мемлекеттік мекемесі туралы Ереже

1. Жалпы ережелер

      1. "Лебяжі аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі тұрғындарды жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Лебяжі аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
      3. "Лебяжі аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және Заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. "Лебяжі аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. "Лебяжі аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. "Лебяжі аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. "Лебяжі аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Лебяжі аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.
      8. "Лебяжі аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. "Лебяжі аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 140700, Лебяжі ауданы, Аққу ауылы, Амангелді көшесі, 57.
      10. "Лебяжі аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі:
      дүйсенбі - жұма сағат 9-00-ден сағат 18-30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13-00-ден сағат 14-30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі - жексенбі.
      11. Мемлекеттік мекеменің толық атауы - "Лебяжі аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі, государственого учереждение "Отдел занятости и социальных программ Лебяжинского района".
      12. Мемлекет Лебяжі ауданының әкімдігі тұлғасында "Лебяжі аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрлытайшысы болып табылады.
      13. Осы Ереже "Лебяжі аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      14. "Лебяжі аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      15. "Лебяжі аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Лебяжі аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Лебяжі аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. "Лебяжі аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы,
мақсаты, қызметінің мәні, негізгі міндеттері,
функциялары, құқықтары мен міндеттері

      16. "Лебяжі аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: Лебяжі ауданының халқын өнімді жұмыспен қамтамасыз ету, әлеуметтік қамтамасыз етудің деңгейін арттыру.
      17. "Лебяжі аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мақсаты: халықтарды жұмыспен қамту мен әлеуметтік қорғау саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, оның дамуына жәрдемдесу болып табылады.
      18. "Лебяжі аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметінің мәні: Лебяжі ауданының аумағында жұмыспен қамту мен әлеуметтік бағдарламалар саласында жергілікті мемлекеттік басқару функцияларын жүзеге асыру болып табылады.
      19. Міндеттері:
      1) аз қамтылған отбасыларды, жұмыссыз азаматтарды, ардагерлерді, мүгедектерді және өзге де жекелеген санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсетуді ұйымдастыру;
      2) халықты әлеуметтік қорғау саласында жергілікті атқарушы органдармен көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын жүзеге асыру;
      3) халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша қолданыстағы заңнамамен қарастырылған мемлекеттік кепілдіктерді, азаматтардың құқықтары мен олардың қызығушылықтарын қорғау;
      4) халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша халықты ақпараттандыру;
      5) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
      20. Функциялары:
      1) қолданыстағы заңнамаға сәйкес әлеуметтік көмекке мұқтаж азаматтарды қамтамасыз ету бойынша шаралар қолданады;
      2) мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетеді;
      3) жергілікті бюджеттен жәрдемақыларды тағайындау және төлеу, атаулы әлеуметтік көмек және басқа әлеуметтік төлемдер бойынша жұмыстарды ұйымдастырады;
      4) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері және оларға теңестірілген тұлғаларға әлеуметтік көмек көрсетеді;
      5) әлеуметтік көмекке мұқтаж тұлғалардың контингентін анықтайды;
      6) қолданыстағы заңнамаға сәйкес халықты жұмыспен қамту және азаматтарға ұсынылатын әлеуметтік көмек түрлері мәселелері бойынша ақпараттандырады;
      7) әлеуметтік төлемді алуға құқығы бар азаматтарды, сондай-ақ аз қамтамасыз етілген, жұмыссыз және әлеуметтік көмекті қажет ететін азаматтарды жеке есепке алуды жүргізеді;
      8) тұрғындарға әлеуметтік көмек көрсету бойынша қайырымдылық қорымен жұмыс жүргізеді;
      9) ақылы қоғамдық жұмыстарды, әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырады;
      10) тұрғындар мен заңды тұлғалар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізеді, құзыреттілігіне жататын мәселелер бойынша бекітілген тәртіпте азаматтардың хаттары, шағымдары және жеке өтініштерін қарастырады;
      11) уәкілетті органға келген азаматтардың қабылдауын, есепке алынуын және тіркеуін жүргізеді, жұмысқа орналасуға көмек көрсетеді, кәсіптік бағдарда тегін қызметтерді қамтамасыз етеді;
      12) меншік түріне қарамастан жұмыс берушілерге қажетті жұмыскерлерді іріктеуге көмек көрсетеді;
      13) біліктілігі мен еңбек нарығындағы қажеттілікті есепке ала отырып, жұмыссыз азаматтарға кәсіптік оқыту ұйымдастырады;
      14) аудан әкімдігінің қарауына енгізеді және әзірлейді:
      аудан тұрғындарының нысанды топтарын анықтау туралы ұсыныстар және оларды қорғау бойынша әлеуметтік шараларды;
      аудан аумағында орналасқан ұйымдарда қоғамдық жұмыстарды әзірлеу және өткізу бойынша ұсыныстарды;
      15) халықты жұмыспен қамту саласында азаматтарды әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шараларды жүзеге асырады;
      16) тұрғын үй көмегін көрсетеді;
      17) үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балаларға материалдық көмек көрсетумен қамтамасыз етеді;
      18) мұқтаж мүгедектерге қызмет көрсетеді;
      19) мүгедектер үшін, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар үшін, интернаттық ұйымдардың кәмелет жасына толмаған түлектері үшін жұмыс орындары квотасын белгілейді.
      20) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.
      21. Құқықтары мен міндеттері:
      1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әлеуметтік көмекке талапкерлерден қажетті құжаттарды сұрау, ұсынылған құжаттардың анықтығын тексеруді жүзеге асыру;
      2) мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан "Лебяжі аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзреттілігіне жататын мәселелер бойынша қажетті ақпаратты өтеусіз негізде сұратуға және алуға;
      3) "Лебяжі аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша белгіленген тәртіпте семинарлар мен отырыстарды өткізу;
      4) ішкі қолдану үшін пайдаланатын ұсынылған құжаттардың көшірмесін растау;
      5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.

3. "Лебяжі аудандық жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру

      22. "Лебяжі аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшылықты "Лебяжі аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      23. "Лебяжі аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Лебяжі ауданының әкімімен қызметіне тағайындалады және қызметінен босатылады.
      24. "Лебяжі аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттілігі:
      1) "Лебяжі аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін аудан әкімдігіне бекітуге ұсынады;
      2) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте ведомствалық бағыныстағы ұйым басшысын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      3) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес "Лебяжі аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
      4) заңнамамен белгіленген тәртіпте қойылған тәртіпте "Лебяжі аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады;
      5) "Лебяжі аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі бойынша бұйрықтар шығарады;
      6) "Лебяжі аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне материалдық көмек көрсету және мадақтау туралы шешімдер қабылдайды;
      7) "Лебяжі аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесін мемлекеттік органдарда, сотта және өзге де мекемелерде мүддесін ұсынады;
      8) ауданның әкімдігі мен әкімінің алдында өзінің жұмысы мен мекемедегі қызметі туралы есеп береді;
      9) өз құзыреттілігі шегінде "Лебяжі аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қаражаты мен мүлігіне иелік етеді;
      10) сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етеді және оған дербес жауап береді;
      11) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес "Лебяжі аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басқа да өкілеттіліктерін жүзеге асырады.
      "Лебяжі аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      25. "Лебяжі аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі мен коммуналдық мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органы (ауданның жергілікті атқарушы органы) арасындағы өзара қарым-қатынас Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.
      26. "Лебяжі аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі мен тиісті саланың уәкілетті органы (ауданның жергілікті атқарушы органы) арасындағы өзара қарым-қатынас Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.
      27. "Лебяжі аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің әкімшілігі мен еңбек ұжымы арасындағы өзара қарым-қатынас Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және ұжымдық шартқа сәйкес белгіленеді.

4. "Лебяжі аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар" мемлекеттік мекемесінің мүлкі

      28. "Лебяжі аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болу мүмкiн.
      "Лебяжі аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      29. "Лебяжі аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекiтiлген мүлiк аудандық коммуналдық меншікке жатады.
      30. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Лебяжі аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

5. "Лебяжі аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесін
қайта ұйымдастыру және қысқарту (тарату)

      31. "Лебяжі аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
      32. "Лебяжі аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі қысқартылған (таратылған) кезде несиегерлердің талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған мүлік аудандық коммуналдық меншігінде қалады.

"Лебяжі аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
қарамағындағы ұйымдардың тізбесі

      33. "Лебяжі аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қарамағында мынадай ұйым бар:
      1) "Лебяжі аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Лебяжі ауданың жұмыспен қамту орталығы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады