Лебяжі ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Павлодар облысы Лебяжі аудандық әкімдігінің 2016 жылғы 7 қарашадағы № 263/11 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 18 қарашада № 5269 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес Лебяжі ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қосымшаға сәйкес Лебяжі ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
      Аудан әкімі С. Жанғазинов

  Лебяжі ауданы әкімдігінің
2016 жылғы "7" қарашадағы
№ 263/11 қаулысына
қосымша

Лебяжі ауданы әкімдігінің күші жойылған
кейбір қаулыларының тізбесі

      1. Лебяжі ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 15 қаңтардағы "Лебяжі ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" № 6/1 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4290 болып тіркелген, 2015 жылғы 7 ақпанда аудандық "Аққу үні - Вести Акку" газетінің № 5 санында жарияланған).
      2. Лебяжі ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 19 ақпандағы "Лебяжі аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" № 39/2 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4370 болып тіркелген, 2015 жылғы 28 наурызда аудандық "Аққу үні - Вести Акку" газетінің № 12 санында жарияланған).
      3. Лебяжі ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 4 тамыздағы "Лебяжі ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" № 195/8 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4666 болып тіркелген, 2015 жылғы 29 тамызда аудандық "Аққу үні - Вести Акку" газетінің № 34 санында жарияланған).
      4. Лебяжі ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 22 ақпандағы "Лебяжі ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 15 қаңтардағы "Лебяжі ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" № 6/1 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" № 26/2 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4980 болып тіркелген, 2016 жылғы 16 наурызда аудандық "Аққу үні - Вести Акку" газетінің № 12 санында жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады