"Лебяжі ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Лебяжі аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 19 ақпандағы № 38/2 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 17 наурызда № 4371 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Лебяжі аудандық әкімдігінің 2017 жылғы 4 шілдедегі № 1-12/160 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Лебяжі аудандық әкімдігінің 04.07.2017 № 1-12/160 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" № 410 Жарлығына сәйкес Лебяжі ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Лебяжі ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже бекітілсін.
      2. "Лебяжі ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қолдансын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің ауыл шаруашылық және коммуналдық-өндіріс саласы жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі С. Жанғазинов

  Павлодар облысы
Лебяжі ауданы әкімдігінің
2015 жылғы "19" ақпандағы
№ 38/2 қаулысымен
бекітілді

"Лебяжі ауданының ветеринария бөлімі"
мемлекеттік мекемесі туралы Ереже

1. Жалпы ережелер

      1. "Лебяжі ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі Лебяжі ауданының аумағында ветеринария саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Лебяжі ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
      3. "Лебяжі ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. "Лебяжі ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. "Лебяжі ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. "Лебяжі ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. "Лебяжі ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен "Лебяжі ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актiлермен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.
      8. "Лебяжі ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекiтiледi.
      9. "Лебяжі ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 140700, Лебяжі ауданы, Аққу ауылы, Әбілқайыр Баймолдин көшесі,1.
      10. "Лебяжі ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі: дүйсенбі - жұма күндері сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі - жексенбі.
      11. Мемлекеттік мекеменің толық атауы - "Лебяжі ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі, государственное учреждение "Отдел ветеринарии Лебяжинского района".
      12. Мемлекет Лебяжі ауданының әкімдігі тұлғасында "Лебяжі ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы болып табылады.
      13. Осы Ереже "Лебяжі ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      14. "Лебяжі ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметiн қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      15. "Лебяжі ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсiпкерлiк субъектілерімен "Лебяжі ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Лебяжі ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актiлермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер мемлекеттік бюджеттің кiрiсiне жiберiледi.

2. "Лебяжі ауданының ветеринария бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің миссиясы, мақсаты,
қызметінің мәні, негізгі міндеттері, функциялары,
құқықтары мен мiндеттерi

      16. "Лебяжі ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: Лебяжі ауданының аумағында эпизоотикалық салауттылықпен қамтамасыз ету бойынша ветеринария саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру және үйлестіру.
      17. "Лебяжі ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметтегі мақсаты: ветеринария саласында мемлекеттік саясатты іске асыру болып табылады.
      18. "Лебяжі ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметінің мәні: ветеринария саласында мемлекеттік басқару, бақылау және қадағалау функцияларын іске асыру болып табылады.
      19. Міндеттері:
      1) халықтың денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорағау;
      2) жануарларларды аурудан қорғау және емдеу;
      3) ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
      4) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағынан басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелінуі мен таралуынан қорғау;
      5) жеке және заңды тұлғалар ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыруы кезінде қоршаған ортаны ластаудан алдын алу және оны жою.
      20. Функциялары:
      1) қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды ұйымдастыру;
      2) ветеринария мәселелері бойынша халықтың арасында ағарту жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу;
      3) жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерін, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарды пайдалануға қабылдайтын мемлекеттік комиссияларды ұйымдастыру;
      4) жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алып қоймай залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта өңдеу;
      5) жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын иелеріне өтеу;
      6) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беруге құқығы бар мемлекеттік ветеринариялық дәрігерлер тізімін бекіту;
      7) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын сақтауын мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
      8) эпизоотия ошақтары пайда болған жағдайда оларды зерттеп-қарауды жүргізу;
      9) эпизоотологиялық зерттеп-қарау актісін беру;
      10) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуы тұрғысынан мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды:
      ішкі сауда объектілерінде;
      жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарда (импортпен және экспортпен байланыстыларды қоспағанда);
      ветеринариялық препараттар өндіруді қоспағанда, ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын адамдарда;
      экспортын (импортын) және транзитін қоспағанда, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдау (орнын ауыстыру), тиеу, түсіру кезінде;
      экспортты (импортты) және транзитті қоспағанда, жануарлар ауруларының қоздырушыларын тарататын факторлар болуы мүмкін көлік құралдарының барлық түрлерінде, ыдыстың, буып-түю материалдарының барлық түрлері бойынша;
      тасымалдау (орнын ауыстыру) маршруттары өтетін, мал айдалатын жолдарда, маршруттарда, мал жайылымдары мен суаттардың аумақтарында;
      экспортты (импортты) және транзитті қоспағанда, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді өсіретін, сақтайтын, өңдейтін, өткізетін немесе пайдаланатын жеке және заңды тұлғалардың аумақтарында, өндірістік үй-жайларында және қызметіне жүзеге асыру;
      11) жеке және заңды тұлғаларға қатысты мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау актісін жасау;
      12) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында жануарлардың энзоотиялық аурулары бойынша ветеринариялық іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру;
      13) уәкілетті орган бекітетін тізбе бойынша жануарлардың аса қауіпті ауруларының, сондай-ақ жануарлардың басқа да ауруларының профилактикасы, биологиялық материал сынамаларын алу және оларды диагностикалау үшін жеткізу бойынша ветеринариялық іс-шаралардың жүргізілуін ұйымдастыру;
      14) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерек қорды жүргізу бойынша іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру;
      14-1) ауыл шаруашылығы жануарларын жеке нөмірлеріне қажеттілікті айқындау және облыстың жергілікті атқарушы органына ақпарат беру;
      15) ветеринариялық есепке алу мен есептілікті жинақтау,талдау және оларды облыстың жергілікті атқарушы органына ұсыну;
      16) облыстың жергілікті атқарушы органына профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесі жөнінде ұсыныстар енгізу;
      17) ветеринариялық препараттардың республикалық қорын қоспағанда, бюджет қаражаты есебінен сатып алынған ветеринариялық препараттарды сақтауды ұйымдастыру;
      18) облыстың жергілікті атқарушы органына тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар туралы ұсыныстар енгізу;
      19) ауру жануарларға санитариялық союды ұйымдастыру;
      20) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жеке және заңды тұлғалардан ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламалар қабылдау, сондай-ақ рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізу;
      21) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру кіреді.
      21. Құқықтары мен міндеттері:
      1) мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, кәсіпорындардың, лауазымды тұлғалардың және азаматтардың келісімі бойынша белгіленген тәртіпте "Лебяжі ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің алдына қойылған міндеттерді орындаумен байланысты мәселелер бойынша ақпаратты сұрату және алу;
      2) жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын басқа да атқарушы органдардың мамандарын олардың басшыларының келісімі бойынша жұмысқа тарту;
      3) "Лебяжі ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүдделерін мемлекеттік органдарда, сотта өкілдік ету;
      4) өз құзыреті шегінде шарттар, келісімдер жасау;
      5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.

3. "Лебяжі ауданының ветеринария бөлімі
мемлекеттік мекемесінің қызметiн ұйымдастыру

      22. "Лебяжі ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Лебяжі ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      23. "Лебяжі ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасындағы қолданыстағы заңнамасына сәйкес Лебяжі ауданының әкімімен қызметіне тағайындалады және қызметінен босатылады.
      24. "Лебяжі ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттігі:
      1) "Лебяжі ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін аудан әкімдігіне бекітуге ұсынады;
      2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес "Лебяжі ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте "Лебяжі ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін мадақтайды, материалдық көмек көрсетуді, оларға тәртіптік жаза қолдануды жүзеге асырады;
      4) "Лебяжі ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің барлығы орындауға міндетті өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
      5) барлық мемлекеттік органдарда және меншік нысанына қарамастан өзге де ұйымдарда Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес "Лебяжі ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүддесін қорғайды;
      6) "Лебяжі ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік органдарда, өзге де мекемелерде бөлім мүдделерін білдіру құқығына сенімхаттарды береді;
      7) өз құзыретінің шегінде қызметтік құжаттарға қол қояды;
      8) "Лебяжі ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің келешектегі және ағымдағы жұмыс жоспарларын бекітеді;
      9) сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етеді және оған дербес жауап береді;
      10) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте ведомстволық бағыныстағы ұйым басшысын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      11) ведомстволық бағыныстағы ұйым басшысын ынталандыру, тәртіптік жауапкершілікке тартуды, материалдық көмек көрсетуді, оған тәртіптік жаза қолдануды Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте жүзеге асырады;
      12) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асырады.
      "Лебяжі ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      25. "Лебяжі ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі мен коммуналдық мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органы (ауданның жергілікті атқарушы органы) арасындағы өзара қарым-қатынас Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.
      26. "Лебяжі ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі мен тиісті саланың уәкілетті органы (ауданның жергілікті атқарушы органы) арасындағы өзара қарым-қатынас Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.
      27. "Лебяжі ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің әкімшілігі мен еңбек ұжымы арасындағы өзара қарым-қатынас Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және ұжымдық шартқа сәйкес белгіленеді.

4. "Лебяжі ауданының ветеринария бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің мүлкi

      28. "Лебяжі ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болу мүмкiн.
      "Лебяжі ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      29. "Лебяжі ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекiтiлген мүлiк аудандық коммуналдық меншікке жатады.
      30. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Лебяжі ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

5. "Лебяжі ауданының ветеринария бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің қайта ұйымдастыру
және қысқарту (тарату)

      31. "Лебяжі ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
      32. "Лебяжі ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі қысқартылған (таратылған) кезде, несиегерлердің талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған мүлік аудандық коммуналдық меншігінде қалады.

"Лебяжі ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі

      33. "Лебяжі ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қарамағында мынадай ұйым бар:

      1) Лебяжі ауданы әкімдігі, Лебяжі ауданы ветеринария бөлімінің "Лебяжі ауданының ветеринарлық қызметі" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады