"Лебяжі ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Лебяжі аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 4 тамыздағы № 195/8 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 19 тамызда № 4666 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Лебяжі аудандық әкімдігінің 2016 жылғы 7 қарашадағы № 263/11 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Лебяжі аудандық әкімдігінің 07.11.2016 № 263/11 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" № 410 Жарлығына сәйкес Лебяжі ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Лебяжі ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже бекітілсін.
      2. "Лебяжі ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қолдансын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі С. Жанғазинов

  Лебяжі ауданы әкімдігінің
2015 жылғы "4" тамыздағы
№ 195/8 қаулысымен
бекітілген

"Лебяжі ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру
және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже

1. Жалпы ережелер

      1. "Лебяжі ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі Лебяжі ауданы аумағында мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Лебяжі ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
      3. "Лебяжі ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. "Лебяжі ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. "Лебяжі ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. "Лебяжі ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. "Лебяжі ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіпте "Лебяжі ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдерді қабылдайды.
      8. "Лебяжі ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. "Лебяжі ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттiк мекемесiнің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 140700, Лебяжі ауданы, Аққу ауылы, Баймолдин көшесі, 3.
      10. "Лебяжі ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі: дүйсенбі – жұма күндері сағат 9:00-ден сағат 18:30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі, жексенбі.
      11. Мемлекеттік мекеменің толық атауы: "Лебяжі ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі, государственное учреждение "Отдел культуры, развития языков, физической культуры и спорта Лебяжинского района".
      12. Мемлекет Лебяжі ауданы әкімдігінің тұлғасында "Лебяжі ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы болып табылады.
      13. Осы Ереже "Лебяжі ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      14. "Лебяжі ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      15. "Лебяжі ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Лебяжі ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Лебяжі ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. "Лебяжі ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру
және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы, мақсаты,
қызметінің мәні, негізгі міндеттері, функциялары,
құқықтары мен міндеттері

      16. "Лебяжі ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: Лебяжі ауданының аумағында мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік саясатты іске асыру.
      17. "Лебяжі ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мақсаты Лебяжі ауданында азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын және мәдениет,тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт саласындағы жалпы дамуын қамтамасыз етуге бағыталған мемлекеттік саясатты жүргізу болып табылады.
      18. "Лебяжі ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметінің мәні болып аудандық деңгейде мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт саласындағы жұмысты ұйымдастыру, мониторинг жүргізу, үйлестіру мәселелері бойынша іс-шараларды жүзеге асыру табылады.
      19. Міндеттері:
      1) мәдени-демалыс жұмысы, кітапхана қызметін қолдау және үйлестіру жолымен аудан аумағында мәдениет саласында мемлекеттік саясатты жүргізу;
      2) ауданда тұратын халықтардың тарихи-мәдени мұраны, рухани дәстүрлердің жандандыру, сақтау, дамыту және таратуын қамтамасыз ету;
      3) мемлекеттік тілді және ауданда тұратын халықтардың тілдерін дамыту саласындағы саясатты жүргізу;
      4) Лебяжі ауданында бұқаралық спорт және ұлттық спорт түрлерінің дамуын қамтамасыз ету;
      5) аудан тұрғындарының саламатты өмір салтын насихаттау және қалыптастыру бойынша практикалық шараларды іске асыру;
      6) материалдық- техникалық базаны дамыту және нығайту.
      20. Функциялары:
      1) мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырады;
      2) ауданның сауықтық мәдени-бұқаралық іс-шараларын, байқаулар, фестивальдар мен конкурстар, сәндік-қолданбалы өнер көрмелерін өткізуді ұйымдастырады;
      3) жергілікті маңызы бар тарих, материалдық және рухани мәдениет ескерткіштерін есепке алу, қорғау және пайдалану бойынша жұмысты ұйымдастырады;
      4) мемлекеттік тілдің жаппай қолдануына бағытталған шараларды қабылдайды;
      5) мемлекеттік және өзге де тілдерді дамытуға бағытталған аудандық маңызы бар іс-шараларды өткізеді;
      6) спорт түрлерi бойынша аудандық құрама командаларды даярлауды және олардың облыстық спорттық жарыстарға қатысуын қамтамасыз етедi;
      7) аудан аумағында спорттық iс-шараларды ұйымдастыруды және өткiзудi үйлестiредi;
      8) аудандық мамандандырылмаған балалар-жасөспірімдер мектебінің қызметін үйлестіруді қамтамасыз етеді;
      9) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, қызметтік хат-хабар алмасуын қарауды қамтамасыз етеді;
      10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің қол жетімділігін және сапалылығын қамтамасыз етеді;
      11) бұқаралық ақпарат құралдары арқылы қоғаммен тұрақты байланысты орнатады;
      12) аудандық конкурстар, фестивальдар және спорттық іс-шаралардың Ережелерін әзірлеп, бекітеді;
      13) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған өзге де функцияларды жүзеге асырады;
      14) мемлекеттiк тiлдi және басқа тiлдердi дамытуға бағытталған құқықтық негізді жүзеге асырады;
      15) Спорттық ұйымдарға әдістемелік және консультативтік көмек көрсетеді.
      21. Құқықтары мен міндеттері:
      1) мемлекеттік органдардармен, мекемелермен, кәсіпорындармен, лауазымдық тұлғалармен және азаматтармен келісе отырып, белгіленген тәртіпте "Лебяжі ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің алдында тұрған міндеттерді орындаумен байланысты мәселелер бойынша ақпаратты сұрату және алу;
      2) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын басқа атқарушы орган басшыларымен келісе отырып, олардың мамандарымен бірлесе жұмыс атқару;
      3) "Лебяжі ауданының мәдениет және тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүддесін мемлекеттік мекемелерде, сотта қорғау;
      4) өз құзыреті шегінде шарттар мен келісімдер жасасу;
      5) мәдени, спорт және тілдерді дамыту шараларын әзірлеу және іске асыру, мақсатты бағдарламаларға және жобаларға жергілікті бюджеттен бөлінген қаражатты үлестіру және тиімді қолданылуын бақылау;
      6) мәдениет, тілдерді дамыту және спорт саласындағы ұйымдарға ұйымдастыру-әдістемелік, ақпараттық және басқа көмектер көрсету;
      7) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тұрғындарға сапалы мемлекеттік қызмет көрсету;
      8) мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бағалау бойынша уәкілетті органға тиісті ақпарат ұсыну;
      9) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген басқа да құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.

3. "Лебяжі ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру
және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру

      22. "Лебяжі ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Лебяжі ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      23. "Лебяжі ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Лебяжі ауданының әкімімен қызметке тағайындалады және қызметінен босатылады.
      24. "Лебяжі ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттігі:
      1) "Лебяжі ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметіне басшылықты жүзеге асырады;
      2) "Лебяжі ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені аудан әкімдігіне бекітуге ұсынады;
      3) "Лебяжі ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметінен босатады;
      4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес "Лебяжі ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттігін анықтайды;
      5) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте "Лебяжі ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерін ынталандыруды, материалдық көмек көрсетуді, оларға тәртіптік шараларды қолдануды жүзеге асырады;
      6) өз құзыреті шегінде қызметтік құжаттарға қол қояды;
      7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасайды және оған дербес жауап береді;
      8) барлық мемлекеттік органдарда, соттарда және меншік нысанына қарамастан өзге де ұйымдарда Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес "Лебяжі ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүддесін қорғайды;
      9) өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша "Лебяжі ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің барлығы орындауға міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
      10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асырады.
      "Лебяжі ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      25. "Лебяжі ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі мен коммуналдық мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган (жергілікті атқарушы органдары) арасындағы өзара қарым-қатынас Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.
      26. "Лебяжі ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі мен тиісті саланың уәкілетті органы (жергілікті атқарушы органы) арасындағы өзара қарым-қатынас Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.
      27. "Лебяжі ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі әкімшілігі мен оның еңбек ұжымы арасындағы өзара қарым-қатынас Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіне және ұжымдық шартқа сәйкес белгіленеді.

4. "Лебяжі ауданының мәдениет, тілдерді дамыту,
дене шынықтыру және спорт бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің мүлкі

      28. "Лебяжі ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
      "Лебяжі ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      29. "Лебяжі ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік аудандық коммуналдық меншікке жатады.
      30. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Лебяжі ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. "Лебяжі ауданының мәдениет, тілдерді дамыту,
дене шынықтыру және спорт бөлімі"
мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру
және тарату (қысқарту)

      31. "Лебяжі ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
      32. "Лебяжі ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі таратылған (қысқартылған) кезде кредиторлар талаптары қанағаттандырылған соң қалған мүлік ауданның коммуналдық меншігіне жатады.

"Лебяжі ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру
және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы
ұйымдардың тізбесі

      33. "Лебяжі ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қарамағында мынадай ұйымдар бар:

Мемлекеттік мекемелер

      "Лебяжі ауданының орталықтандырылған кітапхана жүйесі" мемлекеттік мекемесі.

Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындар

      1) Лебяжі ауданы әкімдігінің, Лебяжі ауданының мәдениет, тiлдердi дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлiмiнiң "Аудандық халық шығармашылығы және мәдени-сауық қызмет орталығы" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорыны;
      2) Лебяжі ауданы әкімдігінің, Лебяжі ауданының мәдениет, тiлдердi дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлiмiнiң "Лебяжі ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады